400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күш бірлікте интеллектуалды тимбилднг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған тимбилдингтің интеллектуалды түрі. Мақсаты педагогикалық ұжымды ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс жасауда жететін нәтижеге көз жеткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күш - бірлікте» психологиялық – интеллектуалды ТИМБИЛДИНГ

(Сабақты зерттеу жүргізетін ұстаздардан құралған топтар арасында)


Мақсаты: Топтар арасында ынтымақтастық, топтық бірлік қарым-қатынасын орнату, оларды өз жұмысын жүргізуде жігерлендіру.

Түрі: Тимбилдинг

Қатысушылар: 17 топ мұғалімдер


Жүрісі:


Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бүгінгі «Күш - бірлікте» атты психологиялық-интеллектуалды тимбилдингке қош келдіңіздер.


І. Үй тапсырмасы: Оқушыларға тәрбиелік мән – мағынасы бар мультфильм немесе кинодан үзінді қойылым дайындап келу.

Бағалау критерий:

5 ұпай Барлық топ мүшелері қатысуы керек, қойылым соңында не туралы екенін мазмұны мен тәрбиелік мәніне түсінік беру ;

3 ұпай Топ мүшелері толық қатыспаса, қойылым мазмұнында тәрбиелік мағына болмаса;

0 ұпай егер қойылым жоқ болса, ауызша айтылса


ІІ. «Интелектіңді іске қос» жаттығуы. Жаттығудың мақсаты топта бірлесіп, жасырынған сөздерді табу.Топтық бірлікті орнату, бір шешімге келу дағдысын қалыптастыру

Топ басшыларына суреттер беріледі, 1 минут ішінде жасырынған сөздерді табуы керек.

Бағалау критерийі

Тапсырманы орындау уақыты 1 минут.

16 – сөзді толық тапқан командаға «5» ұпай беріледі;

14 – 10 сөз аралығы «4» ұпай беріледі;

9 – 7 сөз аралығы «3» ұпай беріледі;

6 – 3 сөз аралығы «2» ұпай беріледі;

2 – 0 сөз аралығы «0» ұпай беріледі.

ІІІ. «ЭМОДЗИ» жаттығуы.

Мақсаты: Команда мүшелері тапсырманы орындау арқылы бір-бірін түсіне, түйсіне алады.

Топ басшысына әртүрлі эмоциялардан бір-бірден таратылады, олар қатар-қатарға отырып, көрген эмоциясын келесі қатысушының жауырынына саусақтың көмегімен салады, әрі қарай жалғасып, қағаз бен қалам ұстаған қатысушыға жеткен кезде ол не түйсінгенін қағазға бейнелейді.

Бағалау критерийі

Эмоция толық бейнеленген командаға «5» ұпай беріледі;

2-3 детальдары салынбаса «4» ұпай беріледі;

мүлде басқа бейне салынса «0» ұпай беріледі.

Сергіту жаттығулары:

«Кім жылдам» жылдамдық пен сөз тапқырлыққа, көңіл -күйді көтеруге арналған жаттығу.

Барлық қатысушылар дөңгеленіп, орындыққа отырады. Бір орындық алып тасталады да бір қатысушы ортаға шығып, отырған қатысушылардың барлығына ортақ бір сөз айтады, сол сәтте барлық қатысушылар орындарын ауыстырып үлгерулері керек.

«Дөңгеленген шеңберлер» екі шеңберге бөлінеміз. Екі шеңберге қолымызды кең ашып, қол ұстасып тұрамыз да қолдарымыздың арасынан қолды үзбей өтеміз.

Қорытынды:

Бағалау. Топтарды бағалау














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
111
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі