400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күш. Күшті өлшеудің практикалық әдістері. Ньютонның екінші заңы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Күш. Күшті өлшеудің практикалық әдістері. Ньютонның екінші заңы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Күш. Күшті өлшеудің практикалық әдістері. Ньютонның екінші заңы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік;

1. Динамика бөліміндегі негізгі физикалық шамалардың мағынасын ашу. Ньютонның екінші заңымен танысу. Күнделікті кездесетін жағдайларды физикалық түрғыдан түсіндіру;

2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;

а) Күш векторларына қосу ережелері;

Дамытушылық;

Сабақ жадығатын талдау барысында оқушылардың монологтық және диалогтық сөйлеу мәдениетін дамытуға күш салу, топтық жұмыстар кезінде өзгенің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу машығын дамытуға жағдай жасау;

Тәрбиелік:

Ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге, өзін ұйымдастыра білуге баулу.

Көрнекіліктер:

Интерактивті тақта, диагностикалық карталар, демонстрациялық тәжірибелер көрсетуге арналған приборлар

Тәжірибелер:

  1. Инерция

  2. Дененің үдеуінің дене массасына тәуелділігі


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Көрнекілігі:

  1. Инерция құбылысын көрсетуге арналған шар, қағаз;

  2. Арбашалар, тірек жолы, секундомер, жүктер жиыны;

  3. Тапсырмалар және бағалау крийтерилері жазылған карточкалар.

Сабақ жоспары:

  • “Миға шабуыл” сұрақтарға жауап беру;

  • Түсіну, талдау, салыстыру, сараптама жасау;

  • Графикалық диктант, “Қатені тап” ойыны, есеп шығару арқылы білімді жүйелеу;

  • Рефлексия. Өзіндік бағалау.


Кезеңі

Ұзақтығы, мин.

Оқыту түрі мен әдісі

Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімін белсендіру, (актуализация)

10

Жалпы сұрақ-жауап

Сабақтың мақсатын қою, жаңа тақырыпты ашу

5

Дене инерттілігі дегеніміз не?

Дене жылдамдығының өзгеруіне не себеп болады?

Жаңа материалды игеру

15

Мұғалімнің әңгімесі, оқушылармен сұқбаттасу, тәжрибелер көрсету,

Оқылған материалды бекіту

10

Тақтада есеп шығарып, оның кезеңдерін талдау

Сабақты қорыту

5

Бағалау, үйге тапсырма, т.б хабарламалар.

Сабақтың барысы


Бөлімі

Мұғалімнің әректі

Оқушының әрекеті

Білім (2)

І. Ұйымдастыру

Бағалау жүйесімен таныстырады. Диагностикалық картаға өз фамилияңды жаз. Сабақ бөлімдеріндегі тапсырманы орындаған оқушы диагностикалық картаға өзіне тиісті ұпайын қойып отырады. Оқушыларға таратылады.

Денгейі

баға

ұпай

жоғары

«5»

21-42

жеткілікті

«4»

10- 20

ауытку

«3»

2 - 9

төмен

«2»

0-1



1. Үй тапсырмасымен жұмыс.

Жалпы сұрақтар.

1. Үйге берілген тақырыпты қайталау.


  • Автомобиль жазық горизонталь жолмен моторын сөндіріп бірқалыпты қозғала алады ма?

  • Су тамшысы бірқалыпты түсіп келеді. Қандай күштердің әсерлері теңгеріледі?

  • Сең жүрген кезде неліктен мұз кесектері бұрылыстарда кептеліп қалады?

  • Үстел үстінде ағаш кесегі жатыр. Оған қандай күштер әрекет етеді? Ағаш бірқалыпты және түзусызықты қозғалғанда ше?

  • Пойыз станциядан шығып, жылдамдығын үдетті. Осы кезде ауыр қолсандықты еден бойымен қай бағытты жылжыту оңайырақ?

  • Үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан велосипедшіге кенет тоқтау қажет болған жағдайда неліктен алдыңғы доңғалақты емес, артқы доңғалақты тежеу қажет?

  • Көшеге су себетін автомашинаның цистернасы бетіне дейін толтырылған. Машина кілт тоқтаған кезде қақпағы ашық тұрған цистернадағы су шайқалып қалай қарай төгіледі?



Оқулықтары мен дәптерлерін дайындайды.


Сұрақтарға жауап беру.


Инерция құбылыстарын зерттейді.


Дене тыныштықта тұрғанда және қозғалыста болғанда, оған әрекет ететін күштерді таба білу, белгілеу.













ІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалім: (Проблемалық ситуация)

Дене жылдамдығының өзгеруіне не себепші? Дене инерттілігі дегеніміз не?

Бүгінгі сабағымызда «Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы» тақырыптарын қарастырамыз


INSERT – түртіп алу

Не білемін?

Нені білгім келеді?






INSERT кестесін толтыру, өз ойларын айту;


Түсіну (4)

Күш деп бір дененің екінші денеге әрекетінің қарқынын сипаттайтын шаманы айтамыз. Денелердің арасындағы өзара әрекеттесу: түйіскен (жалғасқан) және өріс арқылы жүзеге асырылады.

Күш әрекетінің әсері төрт факторға тәуелді: күш модуліне, күш бағытына, әрекет ету уақытына, күштің түсу нүктесіне.

Ауырлық күші ; Серпімділік күші ;

Үйкеліс күші ; Архимед күші


Ғалымның атын жеңілдік арқылы табу:

  • Оны “сэр” деп атаған.

  • Оны классикалық механиканың атасы деп атаған.

  • Оның құрметіне күштің өлшем бірлігіне аты берілген.

Ньютонның бірінші заңынан мынандай салдарлар шығарып алуға болады:

  • Денеге әрекет ететін күштер теңеспеген жағдайда ғана дене _____________ қозғалады.

  • Барлық денелер ____________, олар сыртқы қүштердің әсерінсіз өз жылдамдықтарын өзгерте алмайды.

  • ________ – дененің үдеумен қозғалуына жалғыз ғана себепші.




Оқушылар өз сөздерімен білгендерінше жауап береді.





***
















***


Ньютонның екінші заңы

Қозғалыстағы дене үдеуінің шамасы денеге әрекет ететін қорытқы күшке тура пропорционал және дененің массасына кері пропорционал, ал үдеудің векторы қорытқы күштің әрекет ету жағына бағытталған.



(жақсы түсінгендер және белсенді қатысып отырғандар өздеріңе 2-4 ұпай жазыңдар)







Қолдану (6)

ІІІ. Графикалық диктант .

1. Қоян қуып келе жатқан түлкіден қашқанда, бағытын қалт өзгертіп, жиі бұрылыстар жасайды. Бұл тәсіл инерттілікпен түсіндіріледі.

2. Қозғалмай тұрған автомашинаға үйкеліс күші әрекет етпейді.

3.Денеге түсірілген күш, ол дененің жылдамдығының өзгеруіне себепші болады.

4. Күштің өлшем бірлігі

5. Дене инерттілігін сипаттайтын шама – векторлық шама.

6. Бұлттан пайда болған бұршақ Архимед күшінің әсерінен жерге жауады.

7. Ойыншық машинаның тарту күшін динамометрмен өлшеуге болады.

8. Ішінде суы бар шелек орындықтың үстінде тұр. Шелекке орындықтың тарапынан күш әрекет етеді.

9. Ньютонның екінші заңы динамиканың негізгі теідеуі

10. Теңіз кемесінің асханасында үстел бетіндегі крахмалданған дастарханды кеме шайқалған кезде әдейі дымқылдайды.


Графикалық диктантта берілген анықтамалар бойынша графиктік белгілеулер жасайды, өз қателерін табады, түсіндіреді

Анализ (8)

“Қатені тап”

Суреттер бойынша қате көрсетілген күштерді көрсетеді.

















Синтез (10-12)

Берілген сурет бойынша есептер құрастырады

ІV. Оқушыларды сабаққа қатысу картасы б/ша бағалау.


Үйге тапсырма:

  • [2]- §11-13

  • [6]- §7.8

  • [8]- §2.4-2.8(мех)

  • [8]- № 8.19, № 8.23, № 8.33




Оқушының сабаққа қатысу картасы (әр оқушыға бірден)

№

Диагности-калық карта


Аты-жөні

білім

түсіну

қолдану

анализ

синтез


Қорытынды ұпай

Үпай 2

 Ұпай 2, 2

 ұпай 6

¥пай 8

¥пай 10-12































Оқушының сабаққа қатысу картасы (әр оқушыға бірден)

№

Диагности-калық карта


Аты-жөні

білім

түсіну

қолдану

анализ

синтез


Қоры- тынды ұпай


Үпай 2

 Ұпай 2, 2

 Үпай 6

¥пай 8

¥пай 10-12


Денгейі

баға

ұпай










жоғары

«5»

21-42










жеткілікті

«4»

10- 20










ауытку

«3»

2 - 9



5


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі