2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Күшікке жол көрсетеміз

Күшікке жол көрсетеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Сенсорикадан және сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған ашық іс әрекет
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«Айналайын» бөбекжай бақшасы






Shape1

Ашық ұйымдастырлған іс-әрекет


«Ботақан» тобы


Тәрбиеші: Ордагулова А.Б.










Коммуникативтік дағды

«Күшікке жол көрсетеміз»

Мақсаты: Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту және байыту.

Жануарлар әлеміне қамқор қарым –қатынас жасай отырып, сөздік қорларын молайту.Бейнелі – қимылды ойлауды, зейінді қабылдауды қалыптастыру. Үй жануарларына қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: корсету, түсіндіру, қайталату, сұрақ-жауап, ойын,әңгімелеу.

Көрнекіліктер:Күшік, үш түсті сүйектер, үйшіктер.

Шаттық шеңбер

Қане, қане тұрамыз

Үлкен шеңбер құрамыз,

Күннен жылулық алып

Апайларға сыйлаймыз

Алақандарын алып уф уф деп үрлейді.

Сырттан күшіктің дауысы дыбысы естіледі. (дыбыс керек)

  • Балалар бұл ненің дауысы.

  • Балалардың жауабы (күшіктің)

  • Дұрыс айтасындар күшіктің дауысы естіледі.

Балалар мен есікті ашып қарап көрейінші, ол не екен.

Балалар қараңдар мұнда машинаға тиелген әдемі қорапша тұр екен.

Машинаны жібінен тартып кіргізейінші топқа.

Балалар көмектесіп кіргізеді.

Қане балалар қораптың ішін ашып көрейікші.

Міне керемет қарандар балалар мұнда не отыр екен?

  • Бұл не балалар?

  • Балалардың жауабы (күшік)

  • Дұрыс айтасыңдар

  • Бұл үй жануары күшік екен

  • күшік қалай дыбыстайды?

  • Балалардың жауабы (гаф гаф үреді)

Балалар күшікті сипап көрейікші.Күшіктің жүні мамық.

Балалар күшікті сипап көреді.

Екі құлағы, екі көзі, төрт аяғы, құйрығы бар екен.

Балаларға қайталап айтқызу.

Күшік үй жануары.

  • Балалар күшік қандай тағамды ұнатады?

  • Балалардың жауабы (сүт ішеді, сүйек) кеміреді.

Балалар сендер күшік туралы тақпақ білесіңдерме.

Медина:

Мен күшікпін ақ күшік,

Қырағыда,сақ күшік.

Түні бойы жатпаймын,

Қоралы малды сақтаймын.

 Алина:

Күшігім менің үріп тұр,

Бір нәрсені сезіп тұр.

Есікті ашып қарасам,

Атам,әжем келіп тұр.

Күшік сендермен ойын ойнаймын дейді.

Ойын: «Күшіктің сүйегің түс бойынша орналастыр»

Шарты: Балалар күшіктердіңүш түрлі сүйекті түсіне қарап арнайы дайындалған үш түсті ыдысқа орналастырады. Үш түсті ажыратады.

Балалар күшік тағы ойнағым келіп түр дейді.

Балалар күшіктің менің үйімді тауып беріңдерші дейді. Қане бәріміз күшіктің үйін іздеуге шығайық.

Арнайы жүріп өтетін жолмен өтейік.

«Ізбен жүру». Сергіту сәті.

Балалар жолдан өтіп үйшікті кездестіреді.

  • Балалар мынау күшіктің үйшігі ме?

  • Балалар жоқ бұл мысықтың үйшігі.

  • Мысық қалай мәуілдейді?

  • Балалардың жауабы (мияу мияу)

Үйшікті кездестіреді.

  • Балалар мынау күшіктіңүйшігі ме?

  • Балалар жоқ бұл балапандардың үйшігі.

  • Балапандар қалай дыбыстайды?

  • Балалардың жауабы (пи-пи-пи) дейді.

Балалар енді жер асты жолмен өтейік.

Балалар еңбектеп жоластымен өтеді.

Күшіктің үйшігін табады.

Күшікті үйшігіне кіргізеді.

Балалар күшік шаршады ол демалсын біз тыныш үйімізге қайтайық.

Балалар тыныш, аяқтын үшімен шығып кетеді.



































15 Наурыз 2025
147
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі