400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

кұстар

Материал туралы қысқаша түсінік
құстар
Материалдың қысқаша нұсқасы

№58 «Өркен» балабақшасының






Танымдық іс-әрекет

Тақырыбы:«Құстар біздің досымыз»

«Тұмар» ортаңғы тобы



















Тәрбиеші:Г.А.Габбасова

2025



Тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Мақсаты: Балаларға әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, құстар туралы мағлұмат беру, ой-өрістерін дамыту, Отанына, жерін, табиғатын сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін дамыту
Тәрбиелік: Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу
Әдіс – тәсіл: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту – сәті, қорытындылау
Көрнекілік – құрал: Сурет слайд, үн таспа

Шаттық шеңбер
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашады
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар ал енді орындарына жайғаса қойындар.

Бүгінгі оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Балалар ең алдымен біз әдемі орманда жүргендей болайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Қыс мезгілі үш айдан тұрады
- Өте жақсы
- Қыс айларын атаңыздаршы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Қыс мезгілінің қандай өзгерістері бар?
- Күн салқын, боран соғады, қар жауады, мұз қатады
- Өте жақсы
- Балалар біз бүгінгі сабақта құстар туралы әңгімелейміз
Құстардың түрлері өте көп. Құстар табиғатқа сән береді. Құстардың әуені табиғатты құлпыртады, адамдардың көңіл – күйін көтереді. Өзіміздің жерімізде мекендейтін құстар туралы айтамыз.
- Балалар құстар екі топқа бөлінеді екен?
- Қандай топқа бөлінеді екен?
- Қане кім айтады
- Үй құстары және дала құстары
- Дұрыс балалар
- Ал үй құстарына қандай құстар жатады?
- Әтеш, тауық, үйрек, қаз
- Өте жақсы
- Неге үй құстары деп атаймыз?
- Себебі оларға жем, су беріп үйде бағамыз
- Өте жақсы
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Үй құстары бізге жұмыртқа береді, етін жейміз
- Өте жақсы
- Ал енді балалар жыл мезгілінде өзгерістер болғанда құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Кетпей қыстап қалатын құстар бар олар: қарға, торғай, көгершін, сауысқан. Себебі олар суыққа шыдамды болады.
- Жылы жаққа ұшып кететін құстар оларды жыл құсы деп айтамыз. Себебі күн салқындағанда жылы жаққа ұшып кетеді, күн жылығанда ұшып келеді. Олар аққу, қарлығаш, тырна, тоқылдақ, қараторғай.
- Аққу балалар 30 - 40 жыл өмір сүреді екен. Бұлар жұптасып жүреді екен. Ол киелі құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққудың жұмыртқасына тимеген екен. Қазақ халқы сұлу қыздарын аққуға теңеген екен.
- Ал мынау қарлығаш. Қарлығаш адамға дос. Ол өзінің ұясын, ауланың айналасына салады. Қарлығаш адамға жақсылық тілеп жүреді және қауіп қатерден қорғайды.
- Мынау балалар тоқылдақ
- Тоқылдақ халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты құрт – құмырсқадан тазартады.
- Ал мынау қараторғай
- Қараторғайдың да пайдасы көп. Шыбын шіркейден қорғайды.

Ойын: « Құстар қайда мекендейді»
Мақсаты: Балалар құстар қайда мекендейтінің білу керек.
- Өте жақсы балалар
- Балалар орындарына жайғаса қойын.
- Құстар арналған өлең шумақтар білеміз ба?
- Қане кім айтады?


- Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Мұқият тыңдаймыз
Жұмбақ
Бұдыр – бұдыр балшықты
Жинады да талшықты,
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)
Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сoндай қарқылдақ (Қарға)
Бұрап қойған сағаттай
Айқайлайды таң атпай (Әтеш)
Судан шықса баладай
Тәй – тәй басып қаладай (Қаз)

- Балалар біз мақал – мәтел білеміз ба?
- Қане кім айтады?
Қарға қарқылдаса, қысты шақырады
Қаз қаңқылдаса жазды шақырады
Қара құс басып жейді
Сұңқар шашып жейді
Көкек өз атын шақырады
Құс жеткен жеріне қонады
- Өте жақсы балалар

Ойын: «Мысық пен торғайлар»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа үйрету
- Өте жақсы балалар орындарыңа жайғаса қойыңдар
- Ал енді балалар тыйым сөздер білеміз ба?
- Қане кім айтады?
Аққуды атпа
Досыңды сатпа!
Құстың ұясын бұзба!
Құстың жұмыртқасын жарма
- Өте жақсы
- Балалар құстар жылы ұя салып соның ішіне жұмыртқа салады. Құстар жұмыртқасын басып балапан шығарады. Халқымыз құстардың келуіне қарап болжамдар жасаған.
- Балалар біз болжам білеміз ба?
- Қане кім айтады?
Әтеш жаңбырлы күні таң – ата шақырса, күн ашылады
Құстар ертемен жем іздеуге шықса, күн жауын – шашынды болады.
Қарға жазда аузын ашып қарқылдай берсе, найзағай ойнайды
Құстар көңілдене сайраса, күн ашық болады
- Өте жақсы

Сергіту сәті
Күн болып шығамыз
Гүл болып өсеміз
Құстар болып ұшамыз
Көбелек болып қонамыз

- Өте жақсы балалар
Қорытынды:
- Балалар құстар нешеге бөлінеді?
- Екіге бөлінеді
- Қандай құстар болып бөлінеді?
- Ұй құстары және дала құстары
- Өте жақсы
- Балалар үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Жұмыртқа береді, етін жейміз
- Ал дала құстарының қандай пайдасы бар?
- Табиғатты қорғайды
- Өте жақсы
- Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар
Осымен сабағымыз аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 сәуір
14
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі