Күшті газеттер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күшті газеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Балаларды топтық іс-шаралар негізінде шығармашылық жұмысқа баулу, олардың ұжымдық ынтымақтастығын арттыру және ақпаратты жинақтап, көркем түрде ұсыну дағдыларын дамыту. Балалар өздерінің өткен ертеңгіліктерін талдап, ең қызықты сәттерді таңдап, ватманға газет ретінде ұсыну арқылы есте сақтау қабілеті мен презентация жасау дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар, сабақ олардың эстетикалық талғамын дамытып, ұжымдық жұмыс жүргізуге үйретеді. Қажетті құралдар: Ватман қағазы, түрлі-түсті қағаз, маркерлер, желім, қайшы, гуаш, қылқалам, смаиликтер. Ертеңгіліктерден алынған фотосуреттер немесе бейнеүзінділер. Әуен ойнатуға арналған құрылғы .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Күшті газеттер

Сабақтың мақсаты:
Балаларды топтық іс-шаралар негізінде шығармашылық жұмысқа баулу, олардың ұжымдық ынтымақтастығын арттыру және ақпаратты жинақтап, көркем түрде ұсыну дағдыларын дамыту. Балалар өздерінің өткен ертеңгіліктерін талдап, ең қызықты сәттерді таңдап, ватманға газет ретінде ұсыну арқылы есте сақтау қабілеті мен презентация жасау дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар, сабақ олардың эстетикалық талғамын дамытып, ұжымдық жұмыс жүргізуге үйретеді.

Қажетті құралдар:

Ватман қағазы, түрлі-түсті қағаз, маркерлер, желім, қайшы, гуаш, қылқалам, смаиликтер.

Ертеңгіліктерден алынған фотосуреттер немесе бейнеүзінділер.

Әуен ойнатуға арналған құрылғы .


1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасу, жақсы көңіл-күй қалыптастыру.

Сәлеметсіздер ма! Балалар бүгін бізде ерекше күн. Тобымызға келген қонақтарымызды.

«Отанның жас Өркені» әнімен амандасып қарсы алайық.

Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?

-Қазыр жылдың көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Көктем мезгілінде 3 ай бар.

-Көктем мезгілінің айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізде, көктем мезгілінде тобымызда өткен ертеңгіліктерді, тақырыптық сабақтарымызды еске түсіріп, ең қызықты сәттерді біріктіріп, көркем газет жасап шығаратын боламыз!!!

Көркем газетіміздің атын балалар «Біздің мерекелік әлем» деп қойғым келеді.


«Есте сақта» ойыны: балаларға өткен ертеңгіліктерден, тақырыптық сабақтардан үзінді суреттер мен бейнероликтер көрсетіледі.

Мақсаты: Балаларға өткен ертеңгіліктер, тақырыптық сабақтар туралы сұрақтар қойып, олардың есте қалған қызықты сәттері туралы әңгімелесу.

Әр бала өз ойымен бөлісе отырып, топ ішінде ең қызықты сәттерді таңдауға көмектеседі.

Суреттер немесе бейнематериал арқылы өткен ертеңгілікті еске түсіру.

«Қай ертеңгілік?», «Қандай қызық сәт?» деген сұрақтар қойылады.


-Балалар ойынға қызығушылық білдіріп қатысады.

Бұл қай мереке?

Тобымызда өткен «1-наурыз алғыс айту күніде» өткен бейнеролигін тамашалайды.

Қандай мейрам? Неге қолдарымызда жүрекшелер ұстап тұрмыз?

Алғысты біз кімдерге білдіреміз?

-Балалардың жауабы: «1- наурыз алғыс айту күні». Ата-аналарымызға , ата-әжелерімізге, туыстарымызға, бақша қызметкерлеріне т.б

Ал, келесі бейнероликте қандай мейрам тойлап жатырмыз?

Балалардың жауабы: -«8 наурыз- Ару ханымдарымыздың мерекесіне» өткен ертеңгілігіміз.

Сіздерге бұл ертеңгілік несімен ұнады? Мереке қызықты болды ма?

Қай қызықты сәт естеріңізде қалды?

Сұрақ-жауап арқылы балалардың қызығушылығын ояту.

Осы ертеңгілікте айтқан тақпақтарыңыз естеріңде ма?

Ырысхан :

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайынқонаққа

Кәмпит әкеп береді.

Әжем мені өйткені

Қатты жақсы көреді.

Ильяс

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Тамаша балалар жадыларыңа сақтау қабылеттерің тамаша екен.

Ал келесі бейнеролигімізде қай мейрам екен?

-Балалардың жауабы: «Ұлыстың ұлы күні».

Дұрыс таптыңыздар балалар «22 наурыз- Ұлыстың ұлы күні» наурыз мейрамын тойлап жатырмыз екен.

Балалар біз қандай әсем ұлттық киімдерімізді киіп алғанбыз.

Тобымызға киіз үй құрып, ұлттық тағамдармен дастархан жайғанбыз.

Сіздерге мереке несімен ұнады?

Ойын: Пазлдардан ұлттық ойындар суреттерін құрастыру.

Балалардың жауабы.

Сергіту сәті.

Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерінің суреттерін көрсету арқылы, балалар қимылмен ою-өрнектерді көрсетеді.

Қошқар мүйіз.

Қаз табан. Т.б



Келесі бейнероликке назар аударамыз. «12 сәуір- Ғарышкерлер күні». Қанекей есімізге түсірейікші, зымыран Қазақстанның қай қаласынан ұшырылады?

-Байқоңыр қаласынан ұшырылады.

Зымыранда ұшатын адамды кім деп атаймыз?

-Ғарышкерлер деп атаймыз.

Біз бұл тақырыптық сабақта не құрастырдық?

Зымыран мен , скафандр.

Осы кезде ойнаған ойынымызды еске түсіріп Зымыран құрастырайық.

Келесі бейнероликте қандай мейрам екен?

  • «1 Мамыр –Бірлік пен ынтымақ күні».

  • Біз барлығымыз өзге ұлт киімдерін кигенбіз. Балалардан ол қай ұлт киімін кигендерін сұрау?

Келесі ертеңгілігімізді тамашалайық. «7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне» арналған жоғары дәрежеде өткен ертеңгілігіміз.

Біз сарбаздар киімдерін киіп , ән айтып , тақпақтар айтып би билеп, қызықты ойындар ойнадық.

Көктем мезгілінің соңғы «Ұлы жеңісімізге -80 жыл атта» , тақырыптық сабатымызбен аяқтаған болатынбыз.

Ал, енде балалар алдымыздағы фото суреттерді желімдеп, ватман қағазына жапсырып, көркем газетіміздің ашық жерлерін әр түрлі смайликтермен, қылқаламмен сурет салып толықтырайық.

Балалар өздері жасаған «Көркем газетті» мақтанышпен тамашалайды.

Қортынды.

Сабақтың нәтижесін бірге талқылау.

Балалар өз жұмысын бағалап, ең қызықты бөліктерін атап өтеді.

Тәрбиешінің мадақтауы мен жылы лебізі.

Балалар топтық ынтымақта жұмыс істеуге үйренеді.

Есте сақтау және шығармашылық қабілеті артады.

Презентация жасау және өз ойын көркем жеткізу дағдысы дамиды.

Өз еңбегін мақтанышпен ұсына білуге бейімделеді.

«Жетістік шеңбері» әдісі: балалар өз әсерлерін бөліседі.

(Не ұнады? Қиын болған тұсы? Қай сәт қызық болды?)


«Бас бармақ» әдісі арқылы көңіл-күй мен қатысу белсенділігін бағалау.














Picture 2 Picture 3

Picture 4 Picture 5





Picture 7 Picture 8 Picture 6

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2025
45
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі