400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күшті қалай өлшейміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылы

«Қарағұр» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Мүшекенова Хадиша Пірмаханқызы

(ІІ) деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалім



Пәні: жаратылыстану Мектеп: «Қарағұр» ЖОМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Күш және қозғалыс»


Сынып: Мұғалімнің аты-жөні: Х.Мүшекенова

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Күшті қалай өлшейміз?

Оқу мақсаттары:

2.5.1.3 - қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу;

2.1.2.6 - эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже);

Сабақ мақсаттары:

SMART


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Қозғалысты туындататын күштерді зерттейді. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Тәжірибенің негізгі белгілерін анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері:

Қозғалыс тудыратын күштерді біледі.

Эксперименттің басты белгілерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар:

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Күш әсері, күшті арттыру, күшті баяулату

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды өзара ынтымақтастыққа, бір- біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары, көрнекіліктер

АКТ интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Жылдамдықты өлшеу


Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 5-8 минут

Психологиялық дайындық 2 минут

Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз.

Жақсылық ойлаймыз, ғылымға бойлаймыз.

Жетілсін деп санамыз.

Оқып білім аламыз

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» 3 минут

Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

Алдыңғы білімді еске түсіру. Ұжымда. «Миға шабуыл» әдісі арқылы

Жылдамдық дегеніміз не?

Жер бетіндегі ең жылдам жүгіретін аң?

Жер бетіндегі ең баяу қозғалатын жануарды білесің бе?

Қозғалатын денелердің бәрінің жылдамдығы бірдей болуы мүмкін бе?

ҚБ. «Қошемет» арқылы бағалау







Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы20-25 минут







Топтық жұмыс «Жариялау» әдісі 10 минут

Оқулықтағы суретпен жұмыс жүргіземін. Оқушыға жетекші сұрақтар бере отырып жаңа тақырыпты ашамын.

(Әрбір топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап бере отырып өз позициясын жариялайды. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (2 минуттан) басқа қатысушылар алдында қысқа, нақты жауаппен жеткізеді.

Сұрақтар:

Күш сөзін қалай түсінесің?

Қандай жағдайда күш жұмсауға болады?

Күшті не арқылы сезінесің?


Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Суретпен жұмыс жасайды.

1.Адамдар заттар мен нысандарды қозғалту үшін не істейді? (итереді, тартады)

2.Суреттегі иттің қожайыны оның әсерінен нені өзгертті? (қозғалыс бағытын.)

3.Суретте адам машинаны итеру арқылы не жұмсады деп ойлайсың?


Саралау

Қабілеті төмен оқушылар мен жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап өз ойларын айтуға үйренеді. (ЖАДА)

Бағалау критерийі:

Түрлі нысандарды күш арқылы тез не баяу қозғалтуға болатындығын біледі.

Дескриптор:

1.Адамдар заттар мен нысандарды қозғалту үшін күш жұмсайтынын айтады.

2.Түрлі нысандарға адамдар тарту немесе итреу арқылы әсер ететінін айтады.

3.Күш арқылы тез немесе баяу қозғалуға болатындығын айта алады.

Қалыптастырушы бағалау (Ат беру арқылы бағалау) сынып жұлдызы, білімді, ақылды, оқушы атағын беру.


Жұптық жұмыс (тәжірибе) 10 минут

Ойлан-жұптас-бөліс ) әдісі арқылы

1.Ермексаздың пішінін өзгерт. Не әсер етті?

2. Оқулықты итеру арқылы орнын ауыстыр. Оқулықтың орнын ауыстыруға қалай әсер еттің?

3.Орындықты тарт. Орындықтың орнын өзгертуге қалай әсер еттің?

(Күштің әсерінен зат пішінін, орнын, бағытын өзгертеді.)

Саралау

Тапсырманы орындау кезінде бір-бірін толықтырады.

Критерий: Эксперименттің басты белгілерін анықтайды. (мақсат, болжам, жоспар, нәтиже, мерзім, ресурс)

Дескриптор:

Ермексаздың пішінін өзгерте отырып, күштің әсерін айтады.

Оқулықты итере отырып, затқа немесе нысанға итеру арқылы әсер етуге болатындығын айтады.

Орындықты тарта отырып, затқа немесе нысанға тарту арқылы әсер етуге болатындығын айтады.


ҚБ Түстермен бағалау

Қызыл түс түсінбедім

Сары түс-сұрақтарым бар

Көк түс-маған түсінікті

















Оқулық,

мәтіндер.

Интербелсенді тақта.






































Ермексаз. Оқулық, орындық.




Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Көңілді күн"

видеожазба

Сабақтың соңы

7-10 минут



























Кері байланыс

3 минут







Үйге тапсырма

Жеке жұмыс «Жалғастыр» ойыны

Шалқан ертегісін еске түсіру

-Неліктен атасы жалғыз өзі шалқанды тартып шығара алмады?

Шалқанды тартып шығару үшін атай не істеді?

Шалқанды олар қалай тартып шығарады?

Олар неліктен шалқанды тартып шығару үшін күш біріктірді?

Бұл кезде олар ненің әсерінен шалқанды тартып шығарды?

Ертегіде күштің қандай қасиеті көрінеді?

Ауыр шкафты көтеру үшін не істеуге болады?

Спорттың қай түрінде ең күшті спортшылар бар?

Жануарлар әлемінде ең күштілері қайсы?

Табиғат құбылыстары затты орнынан қозғай ала ма?



ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы

Қызыл-талпын

Сары-жеткілікті

Жасыл –түсінд

Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?



Интернеттен, энциклопедиядан күшті жануарлар туралы ақпарат табу.



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
























Рефлексиялық шеңбер


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Пәнаралық байланыс.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді мақтау, мадақтау сөздерін айту арқылы және орындаған тапсырмаларын түстермен,смайликтермен бағалау арқылы іске асырамын деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға «күрделірек тапсырмалар беру

Оқушылардың тақтада жапсырылған смайликтерін ала отырып,, неліктен сол смайликті таңдағанын және бүгінгі сабақ қалай болғаны жайлы өз пікірін білдіреді


Музыка, көркем өнер сабағы.

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Топтық тапсырмалар табысты болды. Оқушылар белсенділік танытты.

2.Оқушылар жеке жұмыста өз білімдерін көрсетті.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Әрбір тапсырмадан кейін жүргізілген қалыптастырушы бағалау сабаққа оң әсерін тигізді.

2. Ұжымдық жұмыс оқушылар арасында сыйластық орнатуға септігін тигізді.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыс барысында әрбір оқушының жазбасын оқи отырып келесі сабағыма өзгерту енгізу керек жерлерін білдім.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
938
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі