400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Күз - береке

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге арналған сынып сағат жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Күз – береке

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың күз туралы түсініктерін молайту;

  2. Сөздік қорын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

  3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сынып сағаты
Сабақтың әдісі: көрсету, тақпақтар, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: күз мезгіліне байланысты суреттер, жеміс пен көкөніс суреттері, жапырақтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) оқушыларды түгендеу

І. Кіріспе

ОЙ ҚОЗҒАУ «Ребус шешу»

Ендеше, балалар бүгінгі сынып сағатымыз не туралы болмақ? Дұрыс күз туралы. Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.

Не қасиет бар дейсің, осы күзде –

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет майы мен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай-талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына,

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқ па,

Отанның берекелі қамбасына – деп ақын ағамыз М. Мақатаев ағамыз әдемі өлең жолдарын айтқан. Міне, сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні. Күз айы ерекше берекелі, мерекелі ай. Әрбір үйдің дастарқанын дәмге, еліміздің қоймасын дәнге толтыратын алтын да жомарт күзді ортаға шақырамыз.


ІІ. Негізгі бөлім

Күз келеді:

Жыл жаққа бағыт ап,

Құстар көкке ұшады.

Сары жапырақ қалықтап,

Жердің жүзін құшады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

Балалар хормен: Күзде.

Оқушылар, осы дәнді дақылдарға нелер жатады? Олар: арпа, бидай, күріш, жүгері ...

Ал, көкөніс пен жемістерге нелер жатады? Олар: алма, өрік, асқабақ, қырыққабат ....

Балалар, мына менің қолымдағы себетте бірнешеше жапырақтар бар. Осы жапырақтарда жұмбақтар жасырылған, соны алып жауабын айтайықшы.


Жұмбақтар:

  1. Жеп көріп ем мен өзін,

Жас шығарады көзімнен (Пияз)

  1. Бүрі, бүрі, бүрі бар

Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)

  1. Піспегенде сырты қара, өзі қатты,

Ал, піскенде ерекше дәмі тәтті. (Картоп)

  1. Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. (Сәбіз)


ІІІ. Қорытындылау
Мұғалім: Балалар, осы сабағымызды қорытындылап, көкөністер мен жемістерге байланысты кішкене ғана ойын ойнап жіберейік.

Ойын шарты: Ағашта өсетін жемістерді атағанда қолымызды шапалақтаймыз, ал жерде өсетін көкөністерді атағанда аяғымызды тырсылдатамыз.


















































Құрық орта мектеп гияназиясы













СЫНЫП САҒАТЫ

Тақырыбы: Күз – береке











Сынып: 5 «Ә»

Сынып жетекші: Алиева Г









2018-2019 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі