400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Күз - береке, күз - мереке!"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Күз - береке, күз - мереке!"
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Астыққа бай Алтын күз»

Кейіпкерлер:

Тәрбиеші:Абилкадырова З.А

Түлкі:Жумалина С.З

Күз ханшайымы: Курмангожина Қ.К

Музыка жетекшісі: Бортасова А.

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін, сөйлеу қабілетін жетілдіру. Күз келбетін сипаттап, сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, күз мезгілінің суреттері

Кейіпкерлер: Күз ханшайымы,Пепа Длиный чулок.

Ән-күй залы күз мезгіліне сай безендірілген. Баяу әуенімен жүргізуші кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің бақшамызда күз мезгіліне орай «Астыққа бай Алтын күз» деген мереке қош келдіңіздер.Күз мерекесін қарсы алайық.

Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырады.

Балалардың тақпақтары

1.Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

2.Ой балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

3.Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап

Жүрейінші жараса.

4.Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

5.Нан атасы бидай

Елге астық сыйлай

Дәні толып піскенде

Қауызыма сыймайды.


6.Бүгін мейрам,бүгін той,

Қуаныш бүгін біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Би билейік, жыр жырлап

Күз ханшайымы: Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен осы күз мезгілінің аруымын, мен сендерге өзімнің туыстарыммен таныстырып өтейін:

Балалар, күзде жаңбыр жауады, бұлттар төнеді, жапырақтар сарғайып түседі, құстар жылы жаққа ұшады, ауа райы суытады. Менің мерекеме қош келдіңдер балалар!

Жүргізуші: Олай болса балалар орнымызға жайғасайық.

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық

Мында назар салайық,

Алтын күзге арналған,

Кешімізді бастайық!

Жүргізуші: Олай болса сендер күз мезгіліне арналған әндерін бар шығар?

Ән: «Күз келді»

Күз ханшайымы: Рахмет балалар, әндерінің күз мезгіліне сай екен.

Күз ханшайымы: Ал енді балалар мен сендермен күз жайлы білімдерін сынағым келіп тұр.Сендер күзгі болжамдарды білесіндерме.

Болжамдар:

Күз ханшайымы: Жарайсындар балалар, өте тамаша!

Жүргізуші: Күз ханшайымы балалардың әнін тамашалаңыз.

Ән: «Күзгі әуен»

Балалардың тақпақтары

7.Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен.

Алдым соны түсініп.

8.Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек, шелек балымыз,

Ағыл-тегіл дәніміз

9. Егін елді жинайды,

Қырманға дән толады.

Алтын астық айнала

Далама менің сыймайды.

10.Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

11.Алтын сары, қызыл көк…

Алуан –алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

12.Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Ақ бидайды оратын

Алақай-ау күн жақын.

Күз: Мен сендерге келе жатқанда өзімнің сыйлығымды жоғалтып алдым.Енді мен оны іздеп келейін.

Пепа Длинный чулок кіріп келеді.

Пепа Длинный чулок: Орман қандай тамаша! Ағаштар түрлі-түсті көйлектерін киіп тұр екен .

Балалар, сендер қандай әдемісіңдер, мында қандай мереке болып жатыр?

Балалар: Алтын күз мерекесі

Жүргізуші:Қош келдініз! Пепа Длинный чулок

Би: «Санырауқұлақтар»

Пепа Длинный чулок Алтын күз мерекесі болса, күз ханшайымы қайда?

Жүргізуші: Күз ханшайым өзін күзі сыйлығын алып келуге кетті.

Пепа Длинный чулок: Олай болса балалар күз ханшаймы өзінің сыйлығын тапқанша, біз барлығымыз ән шырқайық, мүмкін Күз ханшайымы естіп, келіп қалар.

Ән: «Тук тук»

Пепа Длинный чулок Күз ханшайымы келген жоқ.

Күз ханшайымы сізді балалар алтын күз мерекесіне тосып отыр ғой.

Күз ханшайымы:Таппадым,таппадым. Балалар мені кешіріңдер, мен адасып кеттіппін.

Пепа Длинный чулок: Күз ханшайымы сен іздеп жүргем себетін мынау ма?

Күз ханшайымы: Қандай тамаша менің сыйлығым табылды. Рахмет саған Пепа Длинный чулок

Жүргізуші: Балалар олай болса, күз ханшайымның және Пепа Длинный чулок көңілін көтеріп ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Картоп жинау»

Пепа Длинный чулок:Күз ханшайымы, балалар өз өнерлерін көрсетіп, шаршаған шығар

Жүргізуші: Біздің балалар тақпақты да жақсы айтады және әндерді жақсы шырқайды.

Балалардың тақпақтары

13.Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

14.Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

15.Айнала жым-жырт,

Көк аспан сұрғылт.

Жер жыртқан тыңда

Трактор қырда.

16.Мерейлі күз, мырза күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқып тұр.

17.Күн суытып келеді,

Жапырақтар түседі.

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды.

18.Алып келді мереке,

Астық жеміс береке.

Батырлыққа жараса,

Көбейді той тамаша.

Ойын «Дәмін ажырат»ойын өткізейн, жемістер мен көкөністердің дәмдерін білесіндермен.

Күз ханшайымы: Балалар сендер өнерлі балалар екенсіндер, мен сендермен қоштасуым керек, өйткені мені басқа топтың балалары күтіп қалған шығар, келесі жылы мен сендерге міндетті түрде келемін. Мен сендерге құр қол келген жоқпын сендерге арнап күз мезгілінің сыйын әкелдім.

Пепа Длинный чулок: Күз ханшайымы мен сізді шығарып салайын, жолда қу түлкі кездесіп, алдап соғар.

Пепа Длинный чулок мен Күз ханшайымы кетеді.

Бір бала шығып айтады: Апай, біздің тағы бір биіміз бар ғой, соны билейікші.

Жүргізуші: Есіме түсіргенің жақсы болды, ендеше биімізді билейік.

Би: «Бұлттар»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі біздің «Астыққа бай Алтын күз» мерекеміз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар! Келесі кездескенше.







№6 «Нұрай» балабақшасы





Тақырыбы: «Астыққа бай алтын күз!»

№8 «Еркемай» тобы







Тәрбиешілер: Жумалина С.З.

Абилькадырова З.А

Музыка жетекшісі:Бортасова А.С













Көкшетау қаласы

№8 «Еркемай» ортаңғы тобы

Тақырыбы: «Астыққа бай Алтын күз»

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін, сөйлеу қабілетін жетілдіру. Күз келбетін сипаттап, сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Өткен күні: 25.10.2018 ж

Қатысқан балалар саны:20

Кейіпкерлер:

Тәрбиеші:Абилкадырова З.А

Пепи ұзын шұлық:Жумалина С.З

Күз ханшайымы: Курмангожина Қ.К

Музыка жетекшісі: Бортасова А.

«Астыққа бай Алтын күз» өте қызықты жақсы өтті. Балалар мерекеге сай әдемі киінді. Балалар өз өнерлерін көрсетті. Музыка әуенімен би билеп, тақпақтарын айтты. Пепи ұзын шұлық балалармен әр түрлі ойындар өткізді. Алтын күз мейрамында міндетті түрде Күз ханшайымы келді өзінің дәрумендерімен пайдасы туралы айтып өтті және сыйлығын сыйға тартты. Мереке қызықты өтті.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
584
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі