400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
алтын күз мерекелік іс жшара
Материалдың қысқаша нұсқасы

КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ


(ашық тәрбие шара)
жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар!
Қош келдіңіз көрермен, 
Отырыңыз қол соғып,
«Алтын күз» кешіне. 
Шат күлкіге бөлене.
жүргізуші:
Бүгін, міне, қуандырып біздерді,
Берекелі, мерекелі күз келді! 
Күзді қарсы алайық!
Күз:
Сәлем, өрен достарым, 
Қымбатты сый алыңдар,
Өмірге көп қосқаным. 
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты!

Күз: Мен – Күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз - жасымды аямай төгіп - төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым, ақкөңілдігім үшін халық мені ұнатады.
Жүргізуші: Иә, сізді байлық, молшылық, дархан күз деп білеміз. Біздің сізге арнаған сыйымыз бар. Сізге арнап төрт топ өз өнерін көрсетеді. Соны тамашалаңыз!

Күз: (Флеш моб. Биге сіздерді шақырамың!
Барлығыңды қимаймын, 
Бір айға нәр бір демім,
Барымды мен сыйлаймын. 
Оқушылар хормен: «Жаса, жаса, Алтын күз!»- деп айтады.
1 - оқушы: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын!
2 - оқушы: Көңілдің серіппелі күйін ашсын!
3 -оқушы: Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып
4 - оқушы: Береке бірлікпенен ортақтассын,- дей отырып, құрметті көрермендер, бүгінгі мектебімізде жыл сайын өтетін дәстүрлі «КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ» атты мерекелік сайыс түрінде өтетін тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Бұл сынға төрт топ қатысқалы отыр.

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

Карагатеева А.С.

Нургалиев С.С.

Шарманова Гульсайран Каллимуловна

Ағылшын пән мұғалімі: Алия Муратовна

Бағалау (әр топ өз түсті стикерлермен бағаланады. «Көкөністер» - жасыл, «Жемістер» - қызғылт,, «Астық» - сары, «Жидектер» - . сарғыш - қызыл. Стикерлер алма ағашына жабыстырылады).


Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,

Сәлем жолдап баршаңызға

Бәріне жар салайық!

Келіп тұр бүгін топтар ортаңызға!
Жүргізуші:
Ендеше, сайысымызды бастайық. Әр топ ортаға шығып, өздерін таныстырсын. «Көкөністер», «Жемістер», «Астық», «Жидектер» тобын ортаға шақырамыз.

  1. Әр топ өздерін таныстырып шығады.

«Астық» тобы:

Астық алтын дән,

Алтыннан пісер нан.

Наннан қымбат байлық жоқ

Қайылар басты дәм.

«Дақылдар әні»

Бидай: - Нан анасы – Бидаймын.

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып, піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

Арпа: - Күміс мұртты Арпамын,

Ырыс – құтты Арпамын.

Еңбек етіп, баптаған

Еліие сый тартамын!

Тары: - Ақ, қарамын, сарымын:

Мен өнімді Тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын.

Сұлы: - Мен Сұлымын, ұланның

Тұлпарына ұнадым.

Баптаған әр диқанға

Басымды иіп тұрамын.

Күріш: - Күнді сүйген Күрішпін:

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім.


Астық жинау – еңбек,

Диқаншы төгер терлеп,

Күз- мереке, күз – береке

Еңбек бәрін жеңбек.(бірігіп)


«Көкөністер» - жасыл,

«Жемістер» - қызғылт,

«Жидектер» - сарғыш - қызыл

«Астық» - сары.

II кезенінде – ойын. Он қолымен бір бірімізді белімізден құшақтаймыз. Сол қолымен бәріміз бірігіп, бір бірімізге көмектесіп қағаздан ұшақ жасаймыз. Жасалған ұшаққа бір тілек жазамыз, сәттілік білдіреміз. Содан кейін бір топқа ұшырамыз. Әділқазы алқалары сіздер уақыт үнеміне, ұшаққтың әдемілігіне және жазылған тілекке көңіл аудару керек.

III кезенінде - сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық. Үй жұмысы ән. Әр топтың дайындған әндерің тамашалайық.

IV бөліміміз – «Дүкенге бару». Затты сатып алу үшін, тапсырманы орындау керек.

  1. Доп – домалақ сары
    Ішінде бар дәні.
    Қызығасың көріп, 
    Оның аты ...

(Өрік)


2. Пісетін кезі дәл күзде, 
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі,
Оның аты ...

(Шабдалы)

3. Ағайынды бәрі

 Шықса жасыл

Түссе –сары.

Бұл не?

(Жапырақ.)


4. Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін аиырып,

Танисын ба?

(шиені )



5. Жапырақты тасалап,

    Өсетін жері-бақша-бақ

    Күрен қызыл шіркін-ай

    Оның аты…

(танқұрай )



6. Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді.

                                 (Қырыққабат)


7. Бақшаның алып жемісі,

Қайнамай піспес келесі.

Қоңыр күзге сақтайды,

Сары майдай ел іші.

                                   (Асқабақ)

8. Іші жұмсақ, сырты қатты

Еті қызыл, сүті тәтті.

(қарбыз)



Келесі V бөліміміз «Мерекелік дастархан мәзірі» деп аталады. Сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден тағам дайындап әкелу керек болатын, олай болса, сайыскерлеріміз өз тағамдарымен таныстырып өтсін.

VI кезенінде - сайыскерлеріміздің «Би өнерлерін» тамашалайық.

VII кезенінде «Сиқыршы суретші» ойының ойнайық. Әр топтан екі оқушыны шақырамыз. Көздерін орамалмен жабамыз, әр оқушы өз тобына қатысты затты суреттейді. Мысалы: «Көкөністер» көкөністерді, «Жемістер» жемістерді, «Жидектер» жидектерді, «Астық» астықты.

VIII кезенінде «Күз сыйы» - көрме (Табиғи бұйымдар, куеппе шөптер, икебано т.б.)

Cайыскерлеріміздің өз қолдарымен жасаған жапырақтардан, көкөністерден, жемістерден жасаған жұмыстарың, аппликацияларының тамашалайық.


Сайыс соңында Күз сөйлейді:
Рахмет, достар, өнеріңе!

Талмай еңбек етіңдер,
Уақыт өтпес тірліксіз,

Қыстан аман өтіңдер.
Бақыт келмес бірліксіз.
- Барлығыңыз өнерлі, білімді, талантты екенсіңдер. Енді мен қайтайын. Келесі жылы келермін. Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!
Хормен: «Сау болыңыз, Алтын күз!»



Жүргізуші:Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтай үшін қорытынды сөзді әділқазылар алқасына берейік.

Ойын: «Атомы , моллекулы»


Жүргізуші: Осымен «КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ» атты мерекеміз аяқталды.
























































.

ИГРА ДЛЯ МАЛЬЧИКОВ “КТО БЫСТРЕЕ?” «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы (На полу по кругу раскладывают листья, их количество - на один меньше, чем игроков. Пока играет музыка, мальчики бегают по кругу. Когда музыка замолкает, каждый должен схватить лист. Кто не успевает, выбывает из игры).

ИГРА “ПЕРЕЙДИ ЛУЖИ!” (Участвуют пять мальчиков и пять девочек. На полу раскладывают листы бумаги. Делают две дорожки. Ребята должны пробежать, наступая только на листы бумаги. Все остальное пространство залито водой. Кто быстрее и аккуратнее справится с этим заданием?)


 

 

 

а)Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

ә)Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.


 

б)Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі