|
Әдебиет
|
|
|
|
|
Сабақтың
атауы
|
Күз
А.Құнанбайұлы
|
|
Сілтеме
|
Әдебиет оқулығының
әдістемесі
|
|
Сабақтың
жабдығы
|
Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің
суреті, А. Құнанбаевтың суреті.
Әдіс – тәсілдері: Ассоцияция, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ - жауап,
талдау - жинақтау, еркін
жазу.
|
|
Жалпы
мақсаттар
|
Ұлы
ақын А. Құнанбаев туралы мағлұматтар беру, өлеңнің негізгі идеясын
ашу. Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру, оқушыға күздің
ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру,
елестету, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік
қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Әр маусым ерекшелігін байқата отырып, табиғат сұлулығын
тануға, қоршаған орта мен өмірлік болмысты, табиғат құбылыстарын
бақылау арқылы салыстыру.
|
|
Оқыту
нәтижесі
|
|
Топқа
бөлу
|
Геометриялық фигуралар арқылы
топтарға бөлу
|
|
Ынтымақтастық
атмосферасы
|
Сәлеметсің бе,Көк Аспан
Психологиялық дайындық. (шаттық шеңбері, топқа бөліну.)
Ана тіліне тілек.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып
тақпақты айтады
|
|
Қызығушылықты
ояту
|
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, балаларым,
Бұл қай кезде болады?
- Күз мезгілі дегенде ойымызға не түседі, кім қандай ойда отыр?
Топтастыру.
Күз
↓
сары жапырақ
астық
тұман
молшылық
құстар қайтады
сабақ басталды
жемістер піседі
күн суытады
|
|
Мағынаны
тану
Мәтінді тізбектеп
оқу
|
Бүгінгі тақырыппен
таныстыру.
Оқулықпен жұмыс «Түртіп алу»
стратегиясы.
v Мұғалімнің өлеңді
мәнерлеп оқуы. Мәнерлеп оқу, тыныс белгілерін қойып
шығу.
v Оқушылардың
мәнерлеп оқуы. (қойылған тыныс белгілері
бойынша)
Өлеңді үш бөлікке бөліп
оқу.
Өлеңнің мазмұнымен
жұмыс
- Олай болса, бүгін А.
Құнанбаевтың « Күз» өлеңімен танысамыз.
А. Құнанбаев кім?
↓
Аудармашы, ғалым, ақын, сазгер, ойшыл, ұстаз, кемеңгер, дана
V. Ой қозғау. Мұғалім өлеңді оқиды, оқушылар түртіп алу жүйесі
бойынша түсініксіз сөздерді белгілейді.
Ыс – түтіннің күйесі.
Құрысын заңы - әдеті құрысын.
Күзеу – күзгі жайылым.
Қыстау – малшылардың мал қыстатуға арналған қысқы мекен - жайы.
Жайлау – малдың жазғы алыс жайылымы.
Көктеу – көктемде көшіп шығатын аймақ.
Топтық тапсырма.
1, 2, 3 – топ шумақпен бөліп оқып, өлең жолдарын қара сөзбен
түсіндіру.
VI. Ой толғаныс.
1 – топ. Өлең жазу.
2 – топ. Эссе жазу.
3 – топ. Сурет салу. ( Абайдың өлеңдерін еске
түсіру.)
|
|
Сергіту
сәті
|
« Шырша».
Өлеңді іштей оқып, сұрақ бойынша тауып оқу.
1. Күз өлеңінде ауыл тіршілігі қалай суреттелген?
2. Қураған ағашты неге теңеген?
3. Күзеу туралы не айтылған?
4. Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу дегеніміз
не?
|
Оқушылар жауап
береді
|
|
Ой
толғаныс
|
- Күз жыл мезгілінің сүреңсіз
суық мезгілі болса да, байлық, молшылық мезгілі. Күздің бізге
берері мол. Сондықтан Абай атамыздан басқа да
С. Торайғыров, М. Әлімбаев, Т. Жароков т. б ақындарымыз Күз мезгілі
туралы өлеңдер жазған.
Сұрақ - жауап. 2 - сайыс
1. Абай қай жылдары өмір сүрді? (1845 - 1904)
2. Абайдың әжесі? (Зере)
3. Абайдың шешесінің аты кім? (Ұлжан)
4. Абайдың күйлері? («Май түні», «Торжорға»)
5. Абайдың әндері? ( «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің
қарасы»)
6. Абай неше жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне түсті? ( 12
жасында)
7. Абай айтқан бес асыл іс? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым).
8. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық кімді
аздырады? (адамды)
|
|
Үй
тапсырмасы
|
Мәнерлеп
оқу
|
Күнделіктеріне
жазады
|
|
Бағалау
|
Бүгінгі сабаққа белсене
араласқан оқушылардың жұмыс нәтижесіне қарай
бағалайық.
|
Парақшаларды
толтырады
|