Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Күз Аруы" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
"Күз Аруы" ашық сабақ, күз туралы білгендерін қорытындылау, бір-бірімен қатынастарын нығайту,балалардың көңіл-күйлерін көтеру,ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«КҮЗ АРУЫ» САЙЫСЫ


Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ашу,әр түрлі жағдайлардан шыға білу өнерін көрсету, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Ел байлығын арттырған берекелі күз мезгілі де келді. Бүгін даярлық тобының «Күз аруы » атты  сайысына қош келдіңіздер!

Ән”Алтын күз “-хор

-Көп рахмет,балалар!

Армысыз асыл халқым ақ жүректі,

Баласына арнаған ақ тілекті

Сынға түсер достары арасында,

Міне ,ылғи өнерлі қыздар келіпті.

Қарсы алайық құрметпен қыздарымызды

(Балалар залдың ортасына кіреді)

Жүргізуші:

Кім жүйрік өнерпазды білейікші

«Күз аруы» деп атап, жүрейікші

 Әділқазы  алқасына әділдікті

Ал қыздарға тек сәттілік тілейікші,-дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп,төрелік

жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.

  1. Оқу ісінің меңгерушісі :  

  2. Ата-ана: апай

  3. Ата-ана : апай

Жүргізуші:

Қайсы әнші,кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық!-деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік.

1-бөлім: «Кел, танысайық»(өзін таныстыру)

2-бөлім:«Білім сайысы» (сұрақ-жауап)

 3-бөлім: «Күзгі салат» (үйге тапсырма,аналарының көмегімен  күздің байлығы

көкөністер мен жемістерден жасалған   салат)

4-бөлім: «Сұлулық  сыры» (күзгі сән үлгісі).

Жүргізуші: 

Ендеше сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

 (Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді).

Әділқазылар алқасынан  1-бөлімнің  бағасын сұрайық.

Ән «Бақытты бала »

Жүргізуші:

 2-бөлім: «Білім сайысы» (сұрақ-жауап).

Білім жолы сара жол,

Білімді адам бастар қол

Сұрақтарды тыңдап ал

Жауап беруге дайын бол.

1. Жылда неше мезгіл бар? (4)

2.Қазір жылдың қай мезгілі? (Куз)

3.Күз мезгілінде неше ай бар?  (3 ай бар, қыркүйек,қазан,қараша)

4.Бір аптада неше күн бар

5. Күзде не сарғаяды? 

6.Онға дейін санай аласың ба?

7. Біз қай елде өмір сүріп жатырмыз? (Қазақстан)

8. Бас қаламыз қалай аталады?( Нұрсұлтан қаласы)

Әділқазылар алқасынан  2-бөлімнің  бағасын сұрайық.

3-бөлім: «Күзгі салат немесе күз сыйы» (үйге тапсырма,аналарының көмегімен  күздің байлыгы көкөністер мен жемістерден жасалған   салат)

Жүргізуші: Аруларымыз дайын болғанша ұлдар биін қабыл алыңыздар.

Қыздарымыз   сәнді де, дәмді салат жасап әкелді. Ия,  олар да күтіп қалған шығар. Өздеріңіздің салаттарыңызды көрсетіп, дайындалу тәсілін айтып беріңіздер

Әділқазы алқасынан  3-бөлімнің  бағасын сұрайық.

4-бөлім: «Сұлулық сыры» (күзгі сән үлгісі).

Аруларымыздың сән үлгісі дайын болғанша  балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Елдос: Қарсы алайық бәріміз

Жасыменен кәріміз.

 Қырдан келді қыдырып

 Алтын күзім нұр төгіп

Досхан: Берекелі,мерекелі

Келді жомарт алтын күз.

Қала да,да далада да

Жанның бәрі жарқын жүз

Тамерлан:Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым соны түсініп.

Ұлағат: Алма пісті бағымда,                                                                                                        

Пісті балдай қауында.                                                                                                            

Жүзімдер тұр мөлдіреп,                                                                                                   

Үзер шағың келді деп.

Нұрислам: Күздің айы басталып,

Алма,алмұрт, піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Нұртас:  Қуандырып біздерді

  Мерекелі күз келді

 Кемелденсін халқымыз

 Кел, жемісті алтын күз!

Жүргізуші: «Сұлулық сыры» кезеңі бойынша, сән үлгісін

тамашалаңыздар. Аруларымызды  сән үлгісімен қошеметпен ортаға шақырайық!

Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Жүргізуші: «Күз аруларын» шынжүректен құттықтаймыз.

  – Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2021
921
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11