400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Күз аруы" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күз аруы!


Тәрбиеші:

Құрметті ата - аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер!
Сіздерге «Балапан» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін
«Күз аруы» байқауын ұсынамыз.
Ата - ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да, парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан, бүгін балауса қыздарымыздың үлгі, өнегелерін көріп, тамашалайық.
Тәрбиеші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып - тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.

  1. Сұлулық - көркем келбеті – Балым ару.

  2. Күлкісі күміс күмбірлі, шолпысы бұлақ сыңғырлы – Кәусар ару

  3. Айдана ару.

  4. Инабатты, парасатты, көркіне жарасады – Айзере ару.

  5. Қара шашты, қиғаш қасты – Асыл ару.

  6. Мың бұралып билеген, аруды кім сүймеген – Жаная ару.

  7. Жайдары жазық маңдай, үнінен наз ұққандай – Айдана ару.

  8. Гүл өссе жердің көркі, Раушан ару – елдің көркі.

  9. Қазақтың арулары-ай, ибалы нәзік қандай – Балнұр ару.

  10. Оймақ ауыз, бота көз – Ақмарал ару.

  11. Достарын сары алтындай сақтағандай - Меруерт ару.



Тәрбиеші:

Өнерпаздар жарысып сан-саналы,

Жиын десе, той десе жан салады

Байқауымыздың ашылу құрметіне

Әуеленген әсем ән жолданады.

Хор: «Келді, міне күз»


Тәрбиеші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысты біз бастайық.

Тәрбиеші:

Байқауымызды бастамас бұрын, кезеңдерін таныстырып өтейін:
1. Менің ата - тегім. (Өзін - өзі таныстыру.)
2. Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
3. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
4. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)


Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Балабақшамыздың меңгерушісі Б.Ө.Битибаева
2. Балабақша діскері: Д.Ж.Дарибаева
3. Ата-аналар

Тәрбиеші:

Әділқазы береді,

Өздеріңе билікті

Ө нерде кім жеңеді

Алады сол сыйлықты, - деп байқаудың бірінші кезеңін бастаймыз.

І кезең. «Менің ата - тегім» (Өзін - өзі таныстыру)

(реттік сандарымен аруларды шақыру)

Бүлдіршін арулар келді танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.


Байқаудың «Өзін - өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ - қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.


Топтық би: «Ладушки» орыс биі




ІІ кезең. «Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»

(күзгі байлықтардан жарнама)
(Қыздар мамаларымен бірлесіп дайындаған салат түрлерін әділ - қазыларға ұсынады)
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын ба?





Тәрбиеші:

Даусың қандай сырлы еді

Табиғатты таңғалтқан

Көркің қандай нұрлы еді

Таң шолпанмен астасқан

Өнеріңді қане бүгін көрсетші

Көрерменге қошеметпен қол соққан.

ІІІ кезең. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету).

(Арулар дайындаған өз өнерлерін ортаға салады. Бірі би билеп, бірі ән салып, тақпақ айтады).

  1. Балым арудың орындауында: «Ән сәлем» әні.

  2. Кәусар арудың орындауында: «Қазақтың ерке қызымын» әні.

  3. Айдана арудың орындауында: «Күз» туралы тақпақ.

  4. Айзере арудың орындауында: «Испан» биі.

  5. Асыл арудың орындауында: «Ғылым таппай, мақтанба» мәнерлеп оқу.

  6. Жаная арудың орындауында: «Ақ кимешек» әні.

  7. Айдана арудың орындауында: «Тәуелсіз ел ұланы» әні.

  8. Раушан арудың орындауында: «Қошақан» әні.

  9. Балнұр арудың орындауында: «Түрік» биі.

  10. Ақмарал арудың орындауында: «Алтын күз» мәнерлеп оқу.

  11. Меруерт арудың орындауында: «Орыс» биі.

Тәрбиеші:

Думандатып бала-бақшаны,

Қызықты той бастайық

Келіңдер енді бірігіп

Тақпақ айтып тастайық.



Құрметті ата-аналар, қонақтар біздің ұлдарымыздың «Күз мерекесіне» жаттаған тақпақтары бар екен, тыңдалық.


Ерали

 Күзім-ау, күзім-ау!

 Мінезің бұзық-ау 

 Жаңбырың сіркіреп,

 Келгенің қызық-ау!  


Бекасыл  

 Қарашы күз келді, күз келді,

 Сары алтын жауыпты іздерді  

 Құс біткен керуен түзеді,  

 Көңілсіз неліктен күз енді? 


Арлан              

Қара бұлт қабағын түйеді,                          

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

Бақшаға баратың бізбенен


Дарын         

Сары теңге жапырақ,                          

Бояған ба көл бетін? 

Тоңазыпты топырақ, 

Ызғарлы екен жел де тым.


Дастан

Кездескен сон күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын


Алинұр 

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.


Нұрәлі  

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Бағлан

О, алақай, тамаша,

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

 

Әмір

 Астық жеміс жиылды,

 Қамбамызға құйылды.

 Ардақты күз мың алғыс,

 Алдық өнім сыйыңды.

Қайсар 

Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.


Тәрбиеші:

         Балалар, біздің байқауымызға «Қарлығаш» тобының балалары өздерінің ән шашуларын ала келіпті. Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық.

  1. Әсетқызы Көркемайдың орындауында: «Әсем-ай» әні.

  2.  Қыздардың орындауында: «Қуыршақтар биі».

  3. Мұхамедрахымқызы Шырайлымның орындауында: «Алтын күз» әні.

Тәрбиеші:

Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
IVкезең. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )

Тәрбиеші:

Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Әділ қазыларға сөз беріледі.

Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар марапатталады.

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет.


























Балым ару.

Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің,
Жастайымнан жалындап жана білдім.
Өнерменен білімге жаны құштар,
Бақытқызы Балым мен боламын.
Құрбыммен бұл сайыста тең боламын,
Қызымын өсіп - өнген кең даланың.

Бүгінгі ханшайымдар сайысында,
Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын.

Балнұр ару.
Тең түсіп өзгелермен терезесі,
Дарыған ата - баба өнегесі.
Атым Балнұр, Ернардың қызымын мен,
Дәулет тегі, Сұлуқыздың немересі.

Жаная ару

Әке - шешем мақтаған,
Жаная қызың мен болам.
Осы күнге сақтаған,
Тақпағым бар жаттаған.
Сайыс десе жайнаймыз,
Намысымды қайраймын.
Тоты құстай құлпырып,
Сандуғаштай сайраймын

Раушан ару.

Атым Раушан болады сұрасаңыз

Албан екен кешегі бір атамыз

Әкем аты Өмірбек асқар тауым

Пана болып біздерге жүз жасаңыз.


Кәусар ару.

Атым Кәусар болады сұрасаңыз

Төлек екен кешегі бір атамыз

Әкем аты – Бердімұрат, асқар тауым

Пана болып біздерге жүз жасаңыз.












2. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу)
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, ұнатқан жеміс - жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу.
1. Жұдырықтай қызыл шар
Тілді үйірген шырын бал (Алма)
2. Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты. Ол не? (Шие)
3 Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,
Пышақ тисе қып - қызыл болып жарылар (Қарбыз)
4 Жер астына түседі,
Сап - сарғыш боп піседі ( Сәбіз)
5 Күннен көзін алмайды.
Өзгемен ісі болмайды. (Күнбағыс)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
784
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі