400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Күз байлықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз байлықтары тақырыбындағы тәрбиелік шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Күз байлықтары

Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Балаларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлау.

Топ іші мерекеге сай безендірілген.

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге топқа кіріп,орындықтарына отырады.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі біздің алғашқы «Күз байлықтары» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

-Күз мезгілі.

Тәрбиеші:

-Күз мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар:

-Үш айдан тұрады.

Тәрбиеші:

-Ендеше атайық ай аттарын?

Балалар:

-Қыркүйек, қазан, қараша айы.

Тәрбиеші:

-Күз мезгілінде ауа-райының ерекшеліктерін атайықшы?

Балалар:

-Күн салқындап,жаңбыр жауады,жел болады.Адамдар жылы киімдерін кие бастайды.

Тәрбиеші:

-Құстарымыз қай жаққа ұшып кетті?





Балалар:

-Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

Тәрбиеші:

Күз мезгілінде бау- бақшада не піседі?

Балалар:

-Жемістер мен көкөністер пісіп, оларды теріп алады.

Тәрбиеші: Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Ән шырқайық тойлайық- дей келе балалардың орындауындағы

әнді қабыл алыңыздар.

Ән: « Топ-топ балақан »

Қол соғып қошеметтеп отырайық.

Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін,

Тамаққа кеп түсетін.

Мақтанбақшы сіздерге,

Жемістер мен көкөністер сан түрлі.

Ендеше ортаға жемістер мен көкөністерді шақырайық.


1. Мен картоппын,картоппын.,

Бір қарасаң доппын,

Немен жесеңде жағам,

Мені қоссаң тәтті болар тағам Әмина.Т



2 Мен қиярмын,қиярмын,

Салаттардың сәнімен.

Дәруменім мол менің,





Жегенге қуат сыйлаймын. Асылжан



3 Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын,

Жеп көргенде тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын. Тоғжан



4 Піскен кезде құлпынай,

Қандай тәтті шіркін-ай,

Қарай бергің келеді,

Дүркін,дуркін ,дуркін-ай. Әдемі.А



5 Бақшамызда өседі,

Керек тағам деседі,

Барлық қызыл,көк,сарысы,

Ащы-тұщы бәрісі. Адема

6 Қабат-қабат тоным бар,

Капустаңыз мен болам. Нурикамал



7 Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды,

Қоянғада азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз. Сабина









8 Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін,

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін. Амина.М



9 Жапырақты тасалап ,

Өскен жері бақша-бақ,

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты -құлпынай. Аяна



10 Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп мәзбіз біз енді,

Қоңырауы күмбірлеп,

Қыркүйекте күз келді. Адия



11 Таңдандырар бәрін

Асқабақпын дәмді,

Кептірілген дәнім,

Таптырмайтын дәрі. Айша

12 Болса да ащы,

Дәмді етер асты,

Өседі ол жерге,

Тығып алып басты. Ақылжан









13 Көкөніс бұл қалаулы,

Жасамас онсыз палауды. Нұрмұхаммед



14 Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшкеде. Аяжан



15 Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр,

Ал балақай біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар. Сезім



16 Мен алмамын,алмамын,

Таңдай татар бал дәмім,

Мына тәтті бал-дәмді,

Дастархандарыңа арнадым. Асылбек

Тәрбиеші: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ- сары алтын

Айналаныың бәрі алтын-дей келе келесі кезекті биімізге береміз.

Би: «Жапырақтар»

Тәрбиеші: Ал балалар тұрмайық,

Қызық ойын ойнайық.

Қызықтырып біздерді,

Жапырақтарды жинайық.





Ойын: «Кім шапшаң»

Тәрбиеші: Бүлдіршінмен бәріміз,

Қол соғайық бәріміз.

Келе жатқан саңырауқұлақты

Қарсы алайық бәріміз.

Би: «Саңырауқұлақ»

Тәрбиеші: Көкөністер бәріде,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Тәрбиеші:Ал қанекей ортаға жемістерді шақырып оларды сок тартқышқа салып оларда түрлі шырын алайық.Дайын болған шырынды ортаға көрсету.



Тәрбиеші: Көкөністерді ортаға шақырып оларды қазанға салып қасықпен араластырып олардан жасалынған салаттарды көрсету.

Тәрбиеші: Мінекей балалар өздерің көргендей жемістер мен көкөністерден жасалынған әр түрлі шырын мен салаттар дайындауға болатынын көрдіндер.

Тәрбиеші: Орнымыздан тұрайық,

Басымызды тік ұстап.

Әуелеген алтын күзді

Шырқатып әнге салайық,

Ән: «Алтын күз»

Балалар қолдарына шарларын ұстап тұрып әнді шырқайды.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер бүгінгі «Күз байлықтары» атты мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Күз мезгіліне айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын.Елімізде тыныштық пен береке болсын!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі