Ашық ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті
Білім беру
саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет
салу.
Тақырыбы: Күз
бейнесі.
Мақсаты:
Білімділік: балаларды табиғатты бейнелеу
жанрымен таныстыру;
Дамытушылық:
балалардың күзгі табиғаттан
өздері бақылағандарын суретте бейнелеп көрсете білу дағдыларын
қалыптастыру;
Тәрбиелік: отанды, табиғатты қорғауға
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: күз мезгілінің суреті.
Саңырауқұлақ суреті.
Қажетті
құрал-жабдықтар: бояу, қылқалам, қағаз, су,
сүлгі, сурет дәптер.
Сөздік
жұмыс: күзгі саябақ,
орман.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық –
қозғаушылық
|
Күзгі орманға саяхат. Педагог балаларды бір-бірінің артынан
тұрғызып жүргізеді, күзгі орманда нені көруге болатыны жайлы
сұрайды.
|
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап
береді.
|
|
Ұйымдастырушылық –
ізденістік
|
Педагог тақтаға күз мезгілінің суретін іліп, оның
әсемділігі неде екендігін тамашалатады және осы тақырыпта әңгіме
жүргізеді.
«Кім тез құрастырады?» дидактикалық ойыны. Балалар қиық
суреттерден саңырауқұлақты
құрастырады.
Сергіту сәті:
Саңырауқұлақ
болайық,
Тізе бүгіп отырайық.
Жаңбыр жауса
көтеріліп,
Өсіп - өсіп алайық.
Педагог сурет салған кезде қағаз бетін толық пайдалану
қажеттігін ескертеді, қағаздың барлық бөлігіне күз көрінісінің
суретін салуды ұсынады. Күзгі орман бейнесін, ағаштарды, қызыл-сары
жапырақтардың көп түсіп жатқанын бейнелеуді тапсырады. Соның ішінде
орманда саңырау құлақтар өсетінін, оны қалай салуға болатынын
көрсетіп, түсіндіреді.
- Бірінші түзу сызық сызып алып, оның екі ұшын сопақша
дөңгелек жасай отырып қосамыз, бұл саңырауқұлақ қалпағы болады.
Саңырауқұлақтың сабағын салу үшін қалпағының астыңғы бөлігінен екі
нүкте
|
Күзгі саябақ, ашық күнгі орман бейнеленгенін
айтады.
Сурет салу үшін ашық бояу түстерін таңдайды. Күзгі бақтағы
өзгерістерге көңіл бөліп, түстеріне назар аударады. Тақтаға екі
бала шығып, саңырауқұлақ құрастырады (түсін, көлемін
салыстырады).
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар
жасайды.
Саңырауқұлақтарды қылқаламның ұшымен жеңіл сүйкей
жағу
|
|
|
белгілеп алып, оны түзу сызық сыза отырып дөңгелектеп,
екінші жақ бөлігіндегі нүктеге жеткізе
сызамыз.
Қылқаламды еркін ұстау, батыл жүргізу туралы кеңестер
беріледі. Суретті толықтыру үшін күн, бұлт, ағаш, шөп салуға
болатыны айтылады. Егер жаңын тұрған саңырауқұлақ бейнеленген болса
үлкендеу етіп салу, ал алыста тұрған саңырауқұлақ бейнеленсе
кішілеу етіп салу керектігі
айтылады.
|
тәсілімен салады. Суретті ертерек бітірген балаларға
қосымша тапсырма беріліп, балалар өз ойларын
толықтырады.
|
|
Рефлексиялық –
түзетушілік
|
- Бүгін сендер жақсы суретші болдыңдар, жұмыстарың өте
тамаша шығыпты. Педагог балалардың жұмысына талдау жасап, жақсы
салынған суреттерді көрмеге
іледі.
|
Балалар бір-бірінің суреттерін көріп,
тамашалайды.
|
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: күзгі табиғатта өздері
бақылаған жайларды суретте көрсете
білуді.
Игереді: жағу, басу арқылы жалпақ, жуан
із қалдыру, көлденеңінен
жағуды.
Меңгереді: фигуралар салу арқылы бейне
жасауды.