Бекітілді:
«Успех GOLD-8» ЖШС
«Асыл Бесік» балабақшасының
меңгерушісі
_____________ А. Мамырбаева
«___»____________2022ж
2022-2023 оқу жылына арналған
«Күз кереметі»
Ертеңгілік
«Балапан» орта тобы
Тәрбиешілер: Тилейхан К
Мұхатова Ж.С.
Өскемен қаласы
2022-2023 оқу жылы
«Күз кереметі» атты ертеңгілік сценарийі
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер ажырата алуға үйрету. Ұжымшылдыққа, алғырлыққа және бір-бірлерін сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жапырақтар, бұлттар, жаңбыр тамшылары, көкөністер мен жемістер салынған себет және балалардың бастарына киетін жемістер мен көкөністер, дақылдар.
.
Кейіпкерлер: Күз ханшайымы, Медбрат-Бала
Барысы:
Тилейхан Катила: Қайырлы күн! Армысыздар құрметті тәрбиешілер мен балақайлар! «Балапан» тобының «Күз кереметі» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Міне, күзде келді, күн суытып, жаңбыр жауып, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады. Ендеше ортамызға күз ханшайымын шақырайық.
/күз ханшайымы музыкамен келеді/
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме , балақайлар!
Ырысқа толы қоймалар,
Берекелі күз болам,
Байлыққа мұртың майланар.
-
Сендер мені шақырдыңдар ма?
Тилейхан Катила: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы, қош келдіңіз! Ия, күз ханшайымы біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалауға шақырдық.
Балалар айналамызға қарайықшы қандай әдемі жапырақтар, сары түске боялған. Айналамыз әдемі, күн де тамаша, жақсы көңіл күймен қонағымызға ән салып берейік.
Ән: «Кап-кап»
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар. Әнді тамаша орындайды екенсіңдер. Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Алтын күз мерекесі.
Күз ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Айнала сап – сары жапыраққа толы екен. Балалар сендер күз туралы туралы тақпақ білесіңдер ме? Мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр.
Тилейхан Катила: Күз ханшайымы біздің балалардың өнері көп ән айтуды, би билеуді, тақпақта айта алады. Қәне, балалар күз ханшайымына өз өнерімізді көрсетейік.
Нұржігіт: Алтын, сары, қызыл, көк –
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ясмин: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап
Умар: Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Дінмұхаммед: О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ,
Сафия: Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім, жатып ап?!
Дария: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп елік
Дамир: Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Алихан: Ой, балалар , балалар
Қоңырқай күз болыпты
Құлап жапырақ солыпты
Жансұлу: Ой, балалар, балалар
Ел егінін орыпты
Қамбалары толыпты.
Айсұлтан: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Тилейхан Катила: Бізге бүгін қонаққа мейірбике -бала және оның достары жеміс-жемістер мен көкөністер және дақылдар келіп отыр екен. Ол сендерге көкөністер мен жеміс-жидектердің пайдасы жайлы айтып таныстырады.
МЕЙІРБИКЕ-БАЛА:
СҰЛТАН
Көкөністер-жемістер
Жеп оны күнде жүріңдер.
Денсаулыққа пайдалы
Дәруменнің бәрі бар
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
Жемістердің тақпақтары:
Алма: Адина
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім
Алмұрт: Перизат
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың
Жүзім: Малика
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім
Өрік: Асылым
Өрікпін, мен өрікпін
Бау – бақшаға көрікпін
Шие: Мариям
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Сендер көптеген тақпақ біледі екенсіңдер. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ендеше, «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнасақ, қалай қарайсыңдар?
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Ойын шарты: Музыка ырғағымен балалар күннің астында билеп жүреді. Жаңбыр жауғанда Күз ханшайымының қолындағы қолшатырының астына тығылып қалулары керек.
Жүргізуші: Ал енді балаларымыздың биіне кезек берейік. Балалар Күз ханшайымы сендермен билегісі келеді екен.
Би: «Жапырақтар»
Тилейхан Катила: Жемістер жақсы етіп тақпақтарын айтты. Көкөністерде сендерде өз өнерлеріңді көрсетіңдерші.
Көкөністер мен дақылдар:
Күріш: Ерали
Күнді сүйген күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Сұлы: Али
Мен сұлымын, сұлымын
Тұлпарына ұнадым
Сәбіз: Саида
Өсіремін бойыңды
Дамытамын ойыңды
Картоп: Жасмин
Картоп біздің атымыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Тилейхан Катила: Жарасыңдар, балалар! Тақпақты жақсы айттыңдар. Қараңдаршы балалар, мына жерде көптеген көкөністер мен жемістер бар: мынау картоп, бұл пияз, міне қияр, қараңдар қарбыз, сәбіздер де бар екен. Біздің балабақшамыздың бақшасында сәбіздер көп екен.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Сендер «Күн мен жаңбыр» ойынын жақсы ойнадыңдар. Менімен «Сәбіз жинау» ойынын ойнауға дайынсыңдар ма?
Балалар: Ия, дайынбыз.
Ойын: «Сәбіз жинау» .
Ойын шарты: Сәбіз ұзын, түсі сарғылт болады. Екі топқа бөлініп сәбіздерді себетке жинауымыз керек. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ақылды, өнерлі, жан – жақты бүлдіршіндер екенсіңдер. Мен сендердің өнерлеріңе риза болдым.
Тилейхан Катила: Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар: Жаңбыр жауады, күн салқын болады, жапырақтар сары болады. Тилейхан Катила: Дұрыс айтасыңдар, жапырақ сары түске боялып жерге түседі, адамдар қалың киініп жылы жүреді. Ендеше балалар барлығымыз орнымыздан тұрып «Күз келді» әнін орындайық
ӘН: «Күз келді»
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар! Сендер ақылды, өнерлі, жан – жақты бүлдіршіндер екенсіңдер. Мен сендердің өнерлеріңе риза болдым
Менің сендерге алып келген сыйым бар! Қабыл алыңдар!
Тилейхан Катила: Осымен біздің күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, қатысқандарыңызға көп рахмет.
Сау болыңыздар!
Келісілді:
«Успех – COLD-8» ЖШС
«Асыл бесік»
балабақшасының әдіскері:
Рашова А.М. __________
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күз береке

шағым қалдыра аласыз