400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Күз береке Күз мереке"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең көп тараған түрі :ойыншықтар театры -Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды. Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы б.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Күз - байлық, береке. Алтын күз – мереке!»

Мақсаты: балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату; табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбелеу.

Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Балалардың әртістік қабілетін, досшылдығын, өзгешеліктерін дамыту.  күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.

Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу. балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Шара түрі: Мерекелік шара

Әдіс- тәсілдер: Сұрақ-жауап, өлең шумақтары, ән айту, би билеу.
Көрнекілігі: мерекелік кешке орай безендірілген сахна,

Ойын түрі: «Жаңбырдан қорықпаймыз»

«Кемпірқосақ бейнесін жасау»

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар мен Алтын күз ханшайымы келіп кіреді.

Жер берді жемісті

Күз келді келді келісті

Күз-байлық,береке

Алтын күз мереке(хормен) Қош келдіңіздер,

-Кеш жарық, армысыздар қадірлі қонақтар!

Тәрбиеші:

«Күз - байлық, береке. Алтын күз – мереке!» атты меркелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбиеші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп шығар.
(жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)

Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Бұлт:
Күзгі көк бұлт мен болам
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын
Қаласам қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр шашады).

Тәрбиеші:
Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Саяғынды түгендеп,
Үйіріңді соқпай тұр!
– Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.

Ән: «Жаңбыр»

Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?

Тәрбиеші :Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде Күн жоқ екен. Қане, балалар, ертеңгілігімізге Күнді қонаққа шақырыйық (балалар орындарына отырып, қолдарың шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып, Күнді шақырады).

Күн келеді.

Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?

Балалар: Иә!

Күн:

Мен жарқырап төбеде

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын.

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, Алтын Күн! Сізді шақырған біздің балалар. Алтын күн мерекесі сізсіз қалай болмақ,Біздің бүлдіршіндерімізге Бұлт екеуіңіздің дос екендеріңізді көрсетіп бүлдіршіндеріңізбен ортаға әдемі би билеп берсеңіздер.

Күн: Жарайды кәне Бұлт достық биін билейік

Бұлт: Жарайды Күн!

Тәрбиеші: Бүлдіршінбіз бәріміз,

Отбасындай ұямыз.

Ендеше қарап тұрмайық,

Би өнеріне кезек берейік.

Би: Ортаға «Бұлт пен Күн» биімен бүлдіршіндерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар!

Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Тәрбиеші: Күн Бұлт!Біздің бүлдіршіндерімізге көңілді ойыныңыз болса,солайма балалар.Ойын ойнаймызба?

Күн : Жарайды балалар кәнекей көңіл күйімізді көтеріп ойын ойнайнайық

Ойын: «Кемпірқосақ бейнесін жасау»
Шарты :(Үстел үстінде түрлі түсті түстер жатады. 4 – 4бала шығып, оң жақтағы тақтайшаға түстерді кезекпенен жапсыру арқылы жасайды, сол кезде сіздерден кемпірқосақ бейнесі шығу керек.)

Мақсаты: жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күн : Бәрекелді, керемет!

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп! Күзде біздің дастарханымыз дәнді-дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады. Бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбектену керек. Күзге біздің алғысымыз шексіз!

Ән: «Күз келді»

Хормен : сау болыңыз!

Тәрбиеші Құрметті қонақтар бүгінгі : «Күз - байлық, береке. Алтын күз – мереке!» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.





















«ОРДА Султан» ЖШС Алтын сақа бөбекжай балабақшасы







Тақырыбы: «Күз - байлық, береке. Алтын күз – мереке!»

Picture 1





Тәрбиеші: Асан Қапиза Абылайқызы

«Көгершін» тобы





Атырау 2021оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
363
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі