Материалдар / «Күз бізге не алып келеді?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Күз бізге не алып келеді?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы және күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкеністерді жинау мезгілі екенін күздегі ауыл шаруашылық еңбек түрлері жөнінен білім беру. Баланың ойын жеткізуге мүмкіншілік жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2021
392
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Күз бізге не алып келеді?»

Мақсаты: Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы және күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкеністерді жинау мезгілі екенін күздегі ауыл шаруашылық еңбек түрлері жөнінен білім беру. Баланың ойын жеткізуге мүмкіншілік жасау.

Қолданылатын технология: ТРИЗ технологиясының элементтерін қолдану.

Әдістер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, бақылау. Дидактикалық ойындар, құрастыру ойындары, «Көкеністер мен жеміс-жидектер теру» ойыны.


Тәрбиеші:

-Балалармен шаттық шеңберге тұрады.

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң қонақтар;

-/балалар шаттық шеңбер орындады/

Тәрбиеші:

-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Балалар:

-Төрт. (Қыс, көктем, жаз, күз)

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

-Күз.

Тәрбиеші:

-Күз айларын атаңдар?

Балалар:

-Қыркүйек, Қазан, Қараша

Тәрбиеші:

-Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Балалар:

-Жаңбыр жауады, салқын болады, қолшатыр ұстаймыз, жапырақтар жерге түседі және т.б

Тәрбиеші:

-Балалар күз мезгілі жомарт, күз мезгілі бізге жемис-жидектерімен, көкөністерімен келеді. Балалар көкөністер мен жеміс-жидектерді атап өтейік.

Балалар:

-Жеміс-жидектер: Алма, Апельсин, жүзім, банан, алмұрт және т.б

-Көкөніс: Орамжапырақ, сәбіз, картоп, қияр, пияз, қызанақ және т.б

Тәрбиеші:

-Балалар алдымызда тұрған жеміс-жидектер мен көкөністерді құрастырайық.

Picture 1













-Жарайсыңдар балалар

Тәрбиеші:

-Балалар шаршадық па?

Балалар:

-Иә

Тәрбиеші:

-Ендеше сергіту сәтін орындайық. /Арам зам-зам/

Picture 7









-Жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші:

-Балалар алдымызда тұрған тапсырманы орындайық.

Тапсырманың мақсаты: ТРИЗ технологиясын пайдалана отырып және де денсаулық технолгиясын қарастырып жеміс-жидек пен көкөністің бейнесін саламыз.

-Балалар үстел үстінде тұрған ақ парақтағы жеміс-жидек пен көкөністің түсін келтірейік, қане ол үшін желімді алып жеміс-жидек пен көкөністің үстін желімдеп, жанына түрлі-түсті құмды сеуіп,/кинетический писок/ терең тыныс алып құмды үрлеп, жеміс-жидек пен көкөністің түсін келтіреміз









-Жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші:

-Балалар ойын ойнаймызба?

Балалар:

-Иә

Тәрбиеші:

Д/о: «Жеміс-жидектер мен көкөністерді ажырату»

Ойынның шарты: Үстел үстінде шашылып жатқан жеміс-жидектер мен көкөністерді ажыратып себетке салады. Ойын бала біткенше бірнеше рет қайталанады.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалр, орнымызға жайғасамыз.

-Балалар бүгінгі есеп беру ұйымдастырылған оқу қызметімізде не істедік?

Балалар:

-Амандастық;

-Шаттық шеңбер жасадық;

-Күз туралы айттық;

-Жеміс-жидектер мен көкөністерді атадық; құрастырдық, тердік және т.б

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар. Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне өте белсенді қатыстыңдар, маған өте қатты ұнады, ендеше мен сендерді көңілді смайликтермен бағалаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!