400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Күз ханшайымы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып, іскерлігін ұйымшылдығын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуін, шеберлігін дамыту.Табиғатты, қоршаған ортаны, отанын сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Сағындық Аида Серікқызы

КМҚК «Бегім-Ана» балабақшасының тәрбиешісі

Тақырыбы: «Күз ханшайымы»

Мақсаты: Балаларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып, іскерлігін  ұйымшылдығын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуін, шеберлігін дамыту.Табиғатты, қоршаған ортаны, отанын сүюге тәрбиелеу.


Барысы: Музыка әуенімен сахнаға күз ханшайымы шығады.

Күз ханшайымы:

Өзіңсің жер дүниені гүлдендірер

Сап-сары алтындай боп айналамыз

Алтын күз мерекесі күз айының

Береке боп орнықсын арамызда.

Армысыз асыл халқым ақ жүректі

Баласына арнаған ақ тілекті.

Міне күздің екінші айы  қазан айы да аяқталуға жақын қалды. Ал мен болсам әлі күз ханшайымын тағайындаған жоқпын.

Күз ханшайымы:

  • Уәзір

Рамазан: - Алдыңызға келіп тұрмын, Ханшайым!

Күз ханшайымы:

  • «Құлыншақ» патшалығындағы барлық сұлуларды осында шақыр. Сол қыздардың ішінен лайықты аруды «Күз ханшайымы» етіп тағайындаймын.

Рамазан: -Әміріңізге құлдық!

Сахнадан шығып кетеді.

Музыка әуенімен ұлдар шығады.

Кешіміздің басты кейіпкерлері ханшайым қыздарымызды қарсы алайық!(музыка әуенімен ортаға шығады)

1 аруымыз _____ Ишанбек Айару _________________

2 аруымыз _____ Нұрланқызы Іңкәр _________________

3 аруымыз _____ Айтуған Гүлсезім _________________

4 аруымыз _____ Елдесова Айзура _________________

5 аруымыз ______ Русланқызы Айжан ________________

6 аруымыз ______Дарханқызы Муслима ________________

7 аруымыз ______Серік Жания ________________

8 аруымыз ______ Ардабай Фатима ________________

Музыка әуенімен қыздарды жігіттер қолынан ұстап әкеліп, отырғызады.

Күз ханшайымы:

  • Ал сұлуларым! Бүгін сендердің өнерлеріңді, әсемдіктеріңді, шеберліктерің сыналып,араларыңнан «Күз ханшайымын» таңдаймыз. Басқа сұлулар да құр қалмай әр түрлі номинациялармен марапатталады.

«Күз ханшайымын» таңдау үшін көрші патшалықтардан әділ қазы болатын ханымдарды қонаққа шақырдым.

- ______________________________

- _______________________________

- _______________________________

Бүгінгі біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру

2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)

3. «Шебер қолдар» (ата-анасымен бірлесіп жасалған жұмыстары, таныстыру.)

4 «Әсем біздің арулар» (сән үлгісін көрсету)

Бүгінгі сайысымыздың кретерийлері:

1) Қыздарымыздың сөз мәнері ,дауыс ырғағы.

2) Сахнада өзін-өзі ұстауы.

3) Эстетикалық талғамы.

4) Өнері, шеберлігі

5) жүріс-тұрысына қарап әділ-қазыларымыз әділ бағасын беретін болады.

Сайысымызды бастамас бұрын балапандарымыздың әнін тамашалаңыздар.

Хор: « Келді міне алтын күз »

Қыркүйек: Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан 
Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен 
Бірінші қыркүйек, білімге бастады 
Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды. 
Қазан: Күздің қазан айында, алма,алмұрт піседі 
Жапырақтар сарғайып, сыбдыр- сыбдыр етеді,

Күн суытып, жапырақтар түседі. 
Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз декен. 
Қараша: Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық 
Қараша өрледі, қараша ән салып 
Күн суытып барады, малдар қолға қарады  
Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз. 

Ходит осень по аллеям В гости к нам во двор зашла Разукрасила деревья Душ включила и ушла

Күз ханшайымы:

Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,

                     Күздің сәні келіп қапты ортаға.

                     Сайысушы аруларды шақырайық,

                     Таныстырсын өздерін бір ортада.

1-кезең «Таныстыру» (Әр ару өздерін таныстыру)

(жүргізуші жоғарыдағы кезек бойынша шақырып отырады).

Күз ханшайымы:

  • Жарайсыңдар! Өздерің сүйкімді де сұлу екенсіңдер! Ата-аналарың сендерді мақтан тұта алады екен. Осы орайда ұлдарымыздың «Ата-анаға көз қуаныш» әнін сіздерге орындап береді.

Ән: «Ата-анаға көз қуаныш»

Күз ханшайымы:

Іс істеген ерінбей,

                      Жалқаулыққа берілмей.

                      Арулар көрсеткін,

                      Өз өнерін күлімдей.

2-кезең  (өз өнерлерін көрсету)

(жүргізуші жоғарыдағы кезек бойынша шақырып отырады)

Ұлдарымыздың биін қабыл алыңыздар.

Би. « Заманауи жігіттер биі »

Күз ханшайымы . Бар өнері ашылар келіп қалса топқа сын,

               Бірі болып дараның шаршы топтан озар кім?!

               Құрметтейтін дәстүрді достарың көбейсін,

             Өнерімен тамсантып, от боп бүгін жанатын

3-кезең «Шебер қолдар» Қыздарымыз ата-аналарымен бірге дәруменді салаттар немесе қолөнер заттарын жасап ,таныстырып беруі қажет.

Би: « Бұлттар »

Күз ханшайымы: Бүгінгі кеш өтіп жатыр мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен

Күз сәні өнерімен ортаға шығып

Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен

4-кезең «Әсем біздің арулар» (Сайыскерлеріміздің өз фантазиясы бойынша сән үлгісімен ортаға шақырамыз.)

Күз ханшайымы: Барына риза болсын көрермендер,

                        Көрсетті өнерлерін жас өркендер,

                       «Күз  ханшайымы» сайысы аяқталсын,

                        Қазылар берсін енді шын бағасын.

Әділ қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарып болғанша балаларымыздың тамаша әнін қабыл алыңыздар

Хор: ______ «Осень»________________

Күз ханшайымы: Кімдер жүйрік , өнерпазды білейікші

Әділқазыларға төрелік берейікші

Жеңіп шыққан аруға

Құттықтап тек сәттілік тілейікші.Келесі кезекті әділ қазылар алқсына берейік.

Күз ханшайымы: Жүзден жүйрік күшімен

мыңнантұлпар мықты шың

Құттықтаймыз ал енді

Бүгінгі біздің ханшаны

Өрге жүзіп өнері

Тауға өрлесін талабы.

Шоқтай болып жанары

Қуанышпен жанары – деп «Күз ханшайымын» шын жүректен құттықтаймыз.(Күз ханшайымын коронасын табыстау керек). Сымбатты арулар барлықтарыңыздың жеңістеріңіз құтты болсын!

Құрметті балалар мен қадірлі қонақтар. Осымен «Күз  ханшайымы» атты сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет!

                













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі