Материалдар / "Күз ханшайымы"

"Күз ханшайымы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топ қыздары арасында болған "Күз ханшайымы" сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2024
121
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Күз ханшайымы»

Мақсаты: Балалардың тапқырлығын, іскерлігін бақылау.

Табиғатты қоршаған ортаны, Отаның сүюге тәрбиелеу.

Ұйымшылдығын, өз ойларын ортаға салып қөрсете білуге

тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Плакаттар, күзгі мезгіліне арналған сурет, жапырақтар


Жүргізуші: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді

Дархардықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден берген секілді

Мөлдірлікті көгілдір қөлден берген секілді,- бүгінгі

«Күз ханшайымы» мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптар мен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Күзде егінді жинап болған ата-бабаларымыз «сабан той» өткізіп күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектептерде, балабақшаларда осы күз мерекесін тойлайды. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Күз ханшайымы» мерекесімен құттықтаймыз. Өмірде жемісті, балаларымызға денсаулық, бақытты болуларыңызға тілектеспін.


УPicture 1 а, халайық , халайық,

Бәріміз назар салайық .

Мерекесі бақшаның,

Сайысты біз бастайық.

Ән  бастайық  көрермен,

Өлең-өрнек  дегенмен.

Бастайық  біз  Күз ханшайымын

Қадірменді  көрермен.

- деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырамыз.



-Ал,  халайық  аруға  тамсанайық,

Қыз  қылықты  дегенде  ән  салайық.

Айша мен Нұрайна  деген  арулар  келе  жатыр,

Қол  соғып бәрімізде   қарсы  алайық

 

-Қыздардың  білсеңіз  таң  қалдырғанын,

Жүректің  алау  отын  жандырғанын.

Ағайын, қошеметтеп  қарсы  алайық.

Аруназ бен Нұрлы есімді ару қыздарымызды


  

Меңгерген бар білімді

Алады тез тіліңді

Бойына өнер жиған

Келесі қыз  Іңкәр мен Мадинаны


-Қыздардың сұлуы  бар, дәруі  бар.

Дәрудің  дәрі  болар зәруі  бар

Әншілік  өнерімен  қанат  қаққан

Сезім мен Зарема  деген  аруы кыздарымыз   бар.


Дүрсілдеп  бара  жатыр  жүрек  құрғыр,

Жайдары  болғанымен  көңіл  дүлділ,

Аруымыз сынға  түсіп  сыналмақшы

Маңдайы  жарқыраған  арулармыз Әмина, Асылым


Мерекелік құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың әдіскері Фатима Сағынайқызына сөз кезегін берелік.


Хор:Тақпақтарын

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


ӘН: «Күзгі жапырақтар» (Ұлдар орындарына барып отырады)


Қоржыннан реттік нөмірлерін суыру. (қыздар өздерінің кезекті нөмерлерін сурады)

Күз мереке, береке әкелсін молшылық болсын. Бүгінгі біздің «Айгөлек» тобының қыздары сайысқа түспекші. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.


Сайыс 4 - бөлімнен тұрады.

1. Таныстыру. (Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады.)

2. Шебер қолдар .(Ата-аналарымен бірлесіп жасаған жұмысы)

3. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу өнерлерін көрсетуге болады.)

4.«Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.



Ал, халайық ықыласпен демелік,

Арулардың бүгінгі сайыстарын көрелік.

Сыры менен сымбатына қарап біз

Әділдікпен бағаларын берелік,- деп әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.


Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.

1. Фатима Сағынайқызы (балабақша әдіскері)

2. Серикбаева Жанар Сейфуллаевна (тәрбиеші)

3Picture 9 . Бүркітбева Гүлжапырақ Төлепбергенқызы

I(Таныстыру)

Армысындар, бүгінгі күн куәсі,

Алтын күзім тойланатын күн осы

Жасыл далам, сары далаға айналып,

Алтын күзге айналады жыр осы.

Гүл көңілді қуанышпен өрледі

Жанарынан жалын нұры төгілді

Жыр ұшқындап тұрғой әне, үніңнен

Көпшілікке таныстыршы өзінді. Қыздарымыз өздерін таныстырып өтсін.



Жүргізуші: Ендігі кезекте « қол өнер» бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша ұлдарымздың тақпағына кезек берейік.

Хан, Имран, Даулет,Нарұл


II. (қол өнер)

Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай

Жүрегі арулардың ақылға бай.

«Ана көрген тон пішер» деген бабам

Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.-дей келе қыздырымыздың анасымен жасалған қол өнеріне кезек берейік.

Жүргізуші: Ендігі кезекте бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша ұлдарымздың тақпағына кезек берейік.

Арнұр, Арсений, Эльман, Темірлан, Арман




III-бөлім Сахнада биші емес құс сияқты, Елестейді бір көргеннен түс сияқты. Әжесінің ұршығындай үйірілгенде, Жер шарын айналдырған күш сияқты. Өнерлі өрге жүзер демекші сайысымыздың үшінші бөлімі өнер сайысы.

Picture 3

Келесі ер балалардың биіне тамашалайық

Би: «Қырманға кел қалқатай»


Жүргізуші: Ендігі кезекте « Сән үлгісі» бөліміне ханшайымыз қыздарымыз дайын болғанша ұлдарымздың тақпағына кезек берейік.

Али, Диас, Ануар, Алихан, Ақжол


IV-бөлім Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен, Әр сұлу әсем болар өз тәнімен. Өз қолынан шығарған киім үлгісін, Сіздерге көрсетеді өз сәнімен- келесі кезекте сән үлгісі


Ән: «Балабақша» Хормен айтады


Жүргізуші:

БPicture 7 арынша риза болсын көрермендер. Көрсетті өнерлерін жас өрендер. Осымен байқауымыз аяқталды, Қазылар берсін шын бағасын- деп ендігі кезекте қыздарымыздың жүлдегерлерін анықтайық . Әділқазылар алқасына сөз береміз. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша балалар ойын ойнайық «Жемістер мен көкөністер». Екі себет тұрады соған балалар жемістерді бір бөлек, көкөністерді бір бөлек бөліп салады.

«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп мадақтамалар тапсырылады.

Ата-аналар сөз кезегін беру

Күз ұсынып егісі мен жемісін

Әкеліпті халыққа бір молшылық

Сары жапырақ алтындай болып төгілген

Picture 5 Елімізде болсын әркез көпшілік- дей келе бүгінгі «Күз ханшайымы» мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз
































Белес МББК КММ





Picture 7 «КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ»











«Айгөлек» ересек тобы




Тәрбиешілер: Куаншалиева Г.Ж.

Мамбетказиева Г.Т.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ