«Күз
ханшайымы-2017»
Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымын
арттыру,күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту,күз
ерекшеліктерін,күз сыйын ұғындыра отырып,балаларға мерекелік
көңіл-күй сыйлау.Әр адамның бойындағы қасиеттерін ойлау,әр түрлі
жағдайлардан шыға білу,өнерін көрсету, тапқырлық,сахна мәдениетін
қалыптастыру,дамыту.
Жүргізуші:
Құрметті ата - аналар,
ұстаздар , қонақтар!
Мектепалды даярлық сыныбы мен
бірінші сынып бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Күз ханшайымы -
2017» байқауын өткізуге рұқсат
етіңіздер.
Ата - ананың аялы алақанындағы балалық
шақ,бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз
кезі. Біз
бастауыштағы
тәрбиеленуші
ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да, парасатты, тәрбиелі де
инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса
қыздарымыздың мектебімізде
қандай тәрбие
алып жүргенін көріп, бәріміз куә
болайық.
Әділқазы
береді,
Өздеріңе
билікті.
Өнерде кім
жеңеді,
Алады сол
сыйлықты,-
деп ең алдымен сіздерді әділ - қазылар
алқасымен таныстырып өтейік:
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Башенова
Жанат апай
2. Тәлімгер Оспанова Малина
апай
3.
4.
Жүргізуші:
Армысыз асыл халқым ақ жүректі,
Баласына
арнаған ақ тілекті
Сынға
түсер достары арасында,
Міне
ылғи өнерлі қыздар кепті.
Қарсы
алайық құрметпен қыздарымызды
Жансын
деп лайым бәрінің жұлдыздары,- дей
келе
Ханшайымдарымызды ортаға
шақырайық!Қарсы алыңыздар!
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды
шақырамын)
1. Үрістембекова Жанат даярлық
сыныбы
2. Оразбек Аружібек даярлық
сыныбы
3. Сисенбаева Аяжан 1 а
сыныбы
4
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері
бойынша таныстыру, орындарына
отырғызу.
Қайсы
әнші,кім биші,
Талабына
қарайық.
Кімдер
зерек,кім жылдам,
Таланттарын табайық!-
деп өнер
сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып
өтейік.
Сайыс
шарттары:
1.
Менің ата - тегім. (Өзін - өзі таныстыру.)
2. Дәрумендер денсаулық
сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
3. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз
өнерлерін көрсету)
4. Кім ойға жүйрік (Жұмбақ
шешу)
5. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін
көрсету)
І. Ақыл-көркі бойларында
жетеді,
Әлі талай сынақтардан
өтеді.
Мына отырған баршаңызға
өзімен
Тез арада таныстырып
өтеді.
«Менің ата - тегім» Өзін - өзі
таныстыру
(реттік санымен аруларды
шақыру)
ІІ. « Дәрумендер денсаулық
сақтаушысы»
(күзгі
байлықтардан жарнама жасау)
ІІІ.
Ал
кімнің өнері бар қаншалықты,
Би-билеп,ал біреуі ән
салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге
алуға
Сайыскерлер аянбай жан
салыпты,-деп өнер сайысына кезек берейік.
«Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін
көрсету)
Арулар дайындаған өнерлерін ортаға
салады.
Жанат орыс
биі
Аружібек Көңілді күн
әнімен
Аяжан Павлин
биі
ІV. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ
шешу)
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып,
ұнатқан жеміс - жидектерін алғызып соның жұмбақтарын
шешкізу.
-----------------------------------
Жиын-терін
болатын,
Қамбаға астық
толатын.
"Қызыл қырман"
ойнайтын,
Қай мезгіл деп
ойлайсың?
Қабат-қабат тоны бар,
Кішкене ғана бойы бар.
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан.
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Ағайынды бәрі,
Шықса-жасыл,
Түссе-сары.
Тырс-тырс етіп
тамады,
Сайға қарай
ағады.
Жапырақты
бояды,
Атырапты
бояды.
Бояп - бояп
барлығын
Сап - сары ғып
қояды.
Әрі қызыл, әрі
тәтті,
Татқан жанды
таңырқатты.
7. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін
көрсету)
Жеңіс пенен жеңілістен
тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме
мұратың.
Жеңбедім,
жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір
жеңіс, жан болсаң оны ұғатын
«Қош» дейміз,
әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің
шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер
көбейсін күннен - күнге
Келе берсін
қонақтар ғарыштан да - деп «Күз ханшайымы -
2017» сайысын
аяқтаймыз..
Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға
ән кезегін береміз.