400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Күз ханшайымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КҮЗГЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІК

«Күз ханшайымы» сайысы.


Мұғалжар ауданы,Қандыағаш қаласы

МКҚК «Жансая» бөбекжай -бақшасының

тәрбиешісі Райбекова Қызғалдақ Айтбекқызы

«Балдырған » ортаңғы тобы


Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Жүргізуші: Төңірек толы сары алтын, 
Күз келді туған жеріме. 
Шуағы нұрлы жайнаған, 
Алтын күз әсем айналам. 
Мерекесі халықтың, 
Алтын күзді бастайық, 
Алтын күзге арналған 
Ертеңгілігімізді бастайық! 

Құрметті ата-аналар, балабақша тәрбиешілері,қонақтар! 
Сіздерге «Балдырған» ортаңғы тобының қатысуымен өтетін 
«Күз ханшайымы» сайысын ұсынамыз. 
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да,

парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық. 

Әділқазы береді, 
Өздеріңе билікті. 
Өнерде кім жеңеді, 
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін: 
1. Кужанкулова Гүлшара Қанатжанқызы – бөбекжай-бақша меңгерушісі.

2. Ибрагимова Гүлзира Багитбайқызы – бөбекжай-бақша әдіскері.

3. Мамбетова Камшат Мешитбайқызы - бөбекжай-бақша психологі.

4. Есказина Нургуль Едилханқызы - ата-аналар комитетінің төрайымы.

«Күз ханшайымы» сайысына қатысушы аруларымызбен бірге біздің сұлтандарымыз «Күзгі бал» вальсін орындайды.

1.Дилярам - Нұржан

2.Мөлдір -Бексұлтан

3.Айбейне - Д.Сұлтан

4.Іңкәр - Санжар

5. Кәусар – Әсет

Жүргізуші: Уа, халайық,халайық, 
Бәріміз назар салайық. 
Мерекесі бақшаның, 
Сайысын біз бастайық. 

Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын.

Мухамбетниязова Дилярам

Қайрулла Нұрай

Едіге Айбейне

Үмбет Мөлдір

Әндебек Айасыл

Дәуренқызы Арайлым

Алдоңғар Іңкәр

Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып, 
Келді міне ортаға толқып-тасып. 
Аруларын сыйлаған халқым менің, 
Көңілді қошаметпен қарсы алайық. 

Сайысымызда арулардың реттік белгілерін анықтау үшін, сұлтандарымыз мойындарындағы алқаларын аруларға ұсынады.

Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу. 
1.Бақтияр

2. Алияр

3.Ернұр

4. С,Сұлтан

5. Ерхан

6. Жандос

7. Ә.Әмір

Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін: 
Сайыс шарттары: 
1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.) 
2.Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу) 
3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан

жарнама) 

4 « Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қол өнер жұмыстары) 
5. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету) 
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету) 

«Менің ата-тегім».Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру) 

« Жемістер мен көкөністер » хор.
Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын. 
2. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу) 
Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып,ұнатқан жеміс-жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу. 
1. Нұркелді

Улетели Птицы

Лесу лето снится

Не замерзнет до весны

Греют лес зимою сны

2.Бекжан

Падают с ветки желтые монетки

Под ногами целый клад

Это осень золотая

Дарит листья не считая

3.Е. Санжар (Қызанақ) 

Тал шыбығым бұралып , 
Бақшаларда қызарып. 
Тұрған ол мен-қызанақ, 
Күнге қарап ұялып

4.Ернұр (сәбіз) 

Өсіретін бойыңды, 
Дамытатын ойыңды. 
Қоянға да азықпын, 
Мен жазықсыз сәбізбін. 

5. Алияр (картоп) 
Мен картоппын,картоппын, 
Ж
ер жүзінде мен көппін. 
Тамаққа көп қолдансаң, 
Пайдамды сонда білерсің. 

6. С .Сұлтан (пияз) 
Асханадан шықпаймын, 
Атым-пияз бұқпаймын. 
Көзден жасты шығарып, 
Тұмаудан бірақ сақтаймын. 

7.Әбусәлім (қияр) 
Мен қиярмын,қиярмын, 
Жесең есті жиярмын. 
Кетіруге безеуді, 
Шырыныммен жуарсың. 

3. « Дәрумендер денсаулық сақтаушысы» 
(күзгі байлықтардан жарнама жасау) 

( мамаларымен бірлесіп дайындаған салаттарын әділ-қазыларға ұсынады) 
Ән: «Жаңбыр» орындайтын Үмбет Мөлдір

Әділ-қазылардың берген бағасы. 
4. «Шебер қолдар» (ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы) 
Арулар жасаған жұмыстарын әділ-қазыларға ұсынады. 
Әділ-қазылардың берген бағасы. 
«Бұлттар» биі
5. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету) 
Арулар дайындаған өнерлерін ортаға салады.

 Әділ-қазылардың берген бағасы. 

6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету ) 
Әділ-қазылардың берген бағалары. 

Жүргізуші: Білім,ғылым,өнерге, 
Қанат қағар кездерің. 
Еліміздің ертеңі , 
Үміт етер өздерің. -дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз. 
Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз. 

«Жаңбыр» хор.
«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп кеуделеріне лента тағылады, мақтау қағазы беріледі. 
















































«Күз ханшайымы» сайысы


МКҚК «Жансая» бөбекжай-бақшасының «Балдырған» ортаңғы

тобында Алтын күз мерекесіне орай «Күз ханшайымы» сайысы ұйым-

дастырылды.

Сайысқа 7 тәрбиеленуші қатысып, сайыстың шарттары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Ата-аналар балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп , сайысты тамашалады.

«Күз ханшайымы» сайысының қорытындысы бойынша бас жүлдеге ие болған Д. Мухамбетниязова «Күз ханшайымы» атағына ие болды. Сонымен қатар А.Едіге мен М. Үмбет I орынға, Н. Кайрулла мен

А. Дәуренқызы II орынға, І. Алдоңғар мен А. Әндебек III орынға ие болды.

Осы сайыстың тартымды да, қызықты өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.





Г.Б.Орынбасарова

Қ.А.Райбекова

МКҚК «Жансая» бөбекжай-бақшасы

тәрбиешілері







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі