жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күз ханшайымы
Тақырыбы:
«Күз
ханшайымы"
Жүргізуш: Кеш жарық құрметті көрермендер!
Бармысыздар жақсы ниетпен келген ұстаздар қауымы!
Бармысыңдар жалынды жастар қауымы!
Егеменді еліміздің жарқын болашағын жалғаушы биылғы «Күз ханшайымы»
атты сайыстық кешіне қош
келдіңіздер!
Күз дегеніміз - байлық, молшылық жазира даланың дархан дастарханы
екенін ұғындық.танаптардағы самалмен тербелген егін сабағы
молшылықтың нышаны. Өңін жел қағып,
Күн
сүйген жандардың қажыр қайраты. Безбенге түсер шақ қыр астында өнім
көңілден табылса, онан асқан қуаныш болмасы
анық.
Сыр беріп алтын күз келіп
жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып
кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе
бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат
етіңіз.
Бүгінгі сайысымыздың үміткер ханшайымдарын
ортаға шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)
5-сынып аруы Қайролла Мадина
6-сынып аруы Хаджимұратова Гүлназ
8-сынып аруы Қайролла Карина
9-сынып аруы Холикова
Назира
2-
жүргізуші: Баяғы өткен
заманда
Дін мұсылман
аманда
Әділдік іздеп екі
адам
Биге барып бас
қосқан,
Ал, бүгінгі
заманда
ЖЮРИ
деген ат
шыққан
Қазақшаға аударған
соң,
Әділ қазы деп
шыққан.
1- жүргізуші: Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік: __________________________________________________
2-жүргізуші
: Сайысты бастамас бұрын,
сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс бес бөлімнен
тұрады:
1. Кел,
танысайық.
2. Өнерлі өрге жүзер.
3. Ең үздік
аспазшы.
4. Шаш өру-қазақ қызына
тән.
5. Сәнқой
ару.
Деген екен қазақ халқы «Сәлем
- сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? - дегендей
1–кезең. «Кел, танысайық» кезеңін
бастаймыз.
Жүргізуші:Той деп бүгін көңіл шіркін
тасады,
Той деп бүгін халқым шашу
шашады.
Мектептегі бүгін болар сайыстың,
Әнші шығып, әнмен бетін ашады.
Мың бұралған көзтартарлық
биімен
Халықты өнерімен тамсандырады,-дей
келе
2- кезеңіміз Өнерлі-өрге жүзер кезеңіне жол берейік.
Жүргізуші: Жақсы асын сақтайтын
қонақтарға,
Қашан келер, кім келер болжам бар
ма?
Ақ дәмін, ақ ниетін жайып
салған,
Кім жетер пейілі кең қазақтарға! Ас мәзірін
анасының, жеңешесінің қасында жүріп үйреніп жүретін қыздарымызды
сынап көру үшін «Ең үздік аспазшы» кезеңіне кезек
берелік.
Жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?-деп «Шаш өру-қазақ қызына тән» кезеңіне өтеміз.
Жүргізуші: 5–
кезең «Сәнқой
ару»
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз
дәмімен.
Өз қолынан шығарған киім
үлгісімен,
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен.
Келесі кезекті сән үлгісіне
береміз.
Жүргізуші: Жеңіс пенен жеңілістен
тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын
Ендігі кезде әділқазылар алқасына сөз кезегін
берейік
Қорытынды.
Марапаттау.
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да -
деп
Күз кешінің шымылдығын жабамыз!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген