Күз
мерекесіне арналған «ЕрТөстік» шағын
орталығының ортаңғы тобында өткізілген
«Күз ханшайымы» ертеңгілігінің
бағдарламасы.
Жүргізуші:Құрметті
ата-аналар, балабақша апайлары,қонақтар!
Ата-ананың аялы алақанындағы
балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен
баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі.
Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші
ұлдармен бірге қыздарымыздың да
ақылды да,парасатты, тәрбиелі де
инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз.
Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың
балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін
көріп, бәріміз куә болайық.
Жүргізуші:
Бүгінгі
болатын «ЕрТөстік»шағын орталығымызда
«Күз ханшайымы» атты мерекелік сайысқа
қош келдіңіздер!
Әділқазы
береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде
кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп
еңалдымен сіздерді әділ-қазылар
алқасымен таныстырып өтейік:
1.Айман
– оқу ісі меңгерушісі
2.Құндыз
–директордың бейінді жөніндегі
орынбасары
3.Ақманат
– психолог .
4.
Қарлығаш – директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
5.
Әлия – ата-аналар комитетінің төрайымы
,
6.
Жүргізуші:
Уа, халайық,халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысын біз бастайық.
(Ортаға
бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды
шақырамын)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне ортаға
толқып-тасып.
Аруларын
сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
(
Сайысымызда арулардың реттік белгілерін
анықтау үшін, сұлтандарымыз мойындарындағы
алқаларын аруларға ұсынады.)Сайысқа
қатысушы аруларды реттік белгілері
бойынша таныстыру, орындарына
отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын,
сайыстың шарттарымен таныстырып
өтейін:
Сайыс шарттары:
1.Менің
ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Кім
ойға жүйрік (Сұрақ-жауап)
3. «Өнерлі
өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
4
« Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп
жасаған қол өнержұмыстары)
5. «Әсем
біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
6.
«Дәрумендер денсаулық кепілі»(ата-анамен
дайындаған тағам)
«Менің
ата-тегім»
1.Өзін-өзі таныстыру
(реттік санымен аруларды шақыру)
1.Ай-Ару:
Сапарғали Ай-Ару мен боламын.
Құрбыммен
бұл сайыста тең боламын,
Бүгінгі
ханшайымдар сайысында,
Деп ойлаймын
жеңімпаз мен боламын.
2.Аяулым:
Тең
түсіп өзгелермен терезесі,
Дарыған
ата-баба өнегесі.
Аяулым
атым,
Саматтың
қызымын
,
Мен
боламын Бағдат немересі.
3.Айкөркем:
Руым
Қарағай
, мен қазақ,
Оңланбектің
немересі .
Тақпақ-өлең айтамын
Апайлардың
берген өнегесі.
4.Жания:
Алғаш
аштым балабақша есігін,
Әбілқызы
Жания менің есімім,
Туып өстім
Бәйдібек-атада,
Алтын ұя –бесігім.
5.Назым:
Мұратқызы
Назым атым менің,
Мақтан етер жанұя
еркесімін.
Әкем Мұрат, анам бар
Оразкүл атты,
Үлгі тұтар апкем бар
Балым деген.
6.Амира:
Әке-шешем
мақтаған,
Амира қызың мен болам.
Осы
күнге сақтаған,
Тақпағым бар жаттаған
7.Ақниет:
Сәлем
берем,сәлем беру салтымыз,
Сәлемменен
сөз бастаған халқымыз.
«Күз
ханшайымы» сайысына келіп тұрмын,
Ақниет
Сақыбекқызы мен боламын.
8.Анель:
Мен
әдепті баламын,
Айтқан
тілді аламын.
Кіп-кішкентай
болсам да,
Қолқанатпын
анама.
Сәлем
бердім жалпыңа,
Үлкен
кіші қартыңа
Жүйрік
болсын ойларың
Ал
ханекей халайық
әсем
әнге салайық
Бас
жүлдені алатын
Анел
атты қызыңмын.
Сайыстың
«Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша
әділ-қазылардан берген бағаларын
көтерулерін сұраймын.
2. «Кім
ойға жүйрік»(сұрақ-жауап)
Ортаға
реттік белгімен аруларды шақырып,өздері
қалаған парақтарды алып,жауап береді.
Осы
сайысты бағалап жіберулеріңізді
сұраймыз.
3. «Өнерлі өрге жүзер»
(өнерлерін көрсету)
Арулар дайындаған
өнерлерін ортаға салады.
Әділ-қазылардың
берген бағасы.
1.Ай-Арудың
орындауында
2.Аяулымның орындауында
3.Айкөркемнің
орындауында
4.Жанияның
орындауында
5.Назымның
орындауында
6.Амираның
орындауында
7.Ақниеттің
орындауында
8.Анельдің
орындауында
Әділ-қазылардың
берген бағасы.
4. «Шебер қолдар»
(ата-аналармен бірлесіп жұмыс
жасайды)
Арулар жасаған жұмыстарын
әділ-қазыларға ұсынады.
Әділ-қазылардың
берген бағасы.
5. «Әсем біздің
арулар» (сән үлгісін көрсету)
Әділ-қазылардың
берген бағасы.
6. «Дәрумендер
денсаулық кепілі» (Ата-аналарымен
жасаған тағам )
Сайысқа
қатысушылыр тағамдарын әділ қазыларға
ұсынады.
Әділ-қазылардың
берген бағалары.
Ханшайымдардың
орындауында «Жау жаңбыр» биі.
Жүргізуші:
Білім,ғылым,өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің
ертеңі ,
Үміт етер өздерің.
-дей отырып,
бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын
аяқтаймыз.
Ханшайымдарды
әділ қазылардың шешімі бойынша
марапатталады.
1. «Күз ханшайымы»
- А.Сапарғали
2. «Әнші ару» -
А.Дүйсенбек
3. «Биші ару» - Н.Мұрат
4.
«Сүйкімді ару» - Ж.Қосынбек
5. «Шебер
ару» - А.Әлібек
|