400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

"Күз ханшайымы" сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:Оқушыларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылардың білімін, тапқырлығын, іскерлігін ұйымшылдығын,өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуін шеберлігін, іскерлігін дамыту . Табиғатты , қоршаған ортаны, Отанын сүйуге тәрбиелеу .

Көрнекілігі: фото стенд,шарлар

Сабақтың барысы :

1Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз.

Мұғалім :Құрметті қонақтар , ұстаздар мен оқушылар Алтын күз мерекесі құтты болсын!(Себеттен жапырақтарды алып шашу) Бүгінгі өткізілгелі отырған«күз ханшайымы» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Күз-жыл мезгілінің бірі. Күз мерекелі ,берекелі ай.

Бүлдіршіндеріміз білім ордасына алғашқы қадамдарын жасайды. Әрбір шаңырақтарда той тойланып, көңілдері қуанышқа толы болады. Ақ қайыңның жапырақтарына көз салыңдаршы, сап—сары. Демек , сары түс—күзді бейнелейтін бояудың реңі. Олай болса күндеріңіз мерекелі де ,берекелі болсын!

1-жүргізуші

Баяғы өткен заманда

Дін мұсылман аманда

Әділдік іздеп екі адам

Биге барып бас қосқан,

Ал бүгінгі заманда

Жюри деген ат шыққан

Қазақшаға аударған соң,

Әділ қазы деп шыққан.


Сайыс болғандықтан сайыскерлерді бағалайтын әділ қазы алқаларымен таныстырып өтейін

1,

2,

3

Бүгінгі біздің сайысымыз 3 кезеңнен тұрады

1.Таныстыру

2.«Өнерлі өрге жүзер»(өз өнерлерін көрсету)

3.«Әсем біздің арулар»(Сән үлгісін көрсету)

2-жүргізуші

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер, қарсы алайық.

Келді міне алтын күз,

Талдарға алқа тағатын.

Шаруакер халқымды,

Бір тілекпен бағынтып.

1-жүргізуші

Күз дегеніміз – жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық. Күз дегеніміз – қаурыт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз бұл мезгілде жеміс-жидек, астық пісіп жетіледі. Күзде малда, аң мен құстар да тойынып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады. Сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Ән шырқап, күй төгуден қашпайық біз.

Сонымен сіздер рұқсат етіңіздер.

Ал енді топ жарысын бастайық біз.

Ортаға сайысқа қатысушы аруларымызды шақырайық.

2-жүргізуші

Бірінші ару - білімді, меңгерген бар ілімді. Ортаға Ыстұрған Әселді шақырамыз.

1-жүргізуші

Екінші ару – елжіреп, баурап алар мейіріммен. Ортаға Баймырзаева Ақботаны шақырамыз.

2- жүргізуші

Үшінші ару өнерлі, төгеді бар өнерін. Ортаға Сұлтан Айгерімді шақырамыз.

1-жүргізуші

Төртінші ару - әнші қыз, бойында бар өнері. Ортаға Алпысбай Жанеркені шақырамыз.

2-жүргізуші

Бесінші ару биші қыз, тал шыбықтай бұралған. Ортаға Елібай Әселді шақырамыз.

1-жүргізуші

Алтыншы ару – алтындай, шуағын шашқан жарқырай. Ортаға Ермек Кәусәрді шақырамыз.

2-жүргізуші

Жетінші ару- жұздыздай, жарқырайды моншақтай. Ортаға Сәбден Балаусаны шақырамыз.

1-жүргіуші

Сегізінші ару –


2-жүргізуші

Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қалыпты ортаға.

Сайысушы аруларды шақырайық,

Таныстыру кезегін бір жалғаса.

Бірінші кезең «таныстыру» (әр ару өздерін таныстырады. Жүргізуші жоғарыдағы кезек бойынша шақырып отырады)

Сайыстың таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардан берген бағаларын көрсетуін сұраймын.

Мұғалім:

2-сынып оқушыларын «көкөністер мен жемістерді жинау» ойынын ойнауға шақырамыз

1-жүргізуші

Іс істеген ерінбей

Жауқаулыққа берілмей,

Арулар көрсетсін,

Өз өнерін күлімдей.

Екінші кезең «өз өнерлерін көрсету» (жоғарыдағы кезек бойынша шақырып отырады)

Сайыстың «өз өнерлерін көрсету» бөлімі бойынша әділ қазылардан берген бағаларын көрсетуін сұраймын.

3-сынып оқушыларын« қолшатыр кімге тиеді» ойынын ойнауға шақырамыз.

2-жүргізуші

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқар күз.

Үшінші кезең «әсем біздің арулар» (сән үлгісі. жоғарыдағы кезек бойынша шақырып отырады)

Сайыстың әсем біздің арулар бөлімі бойынша әділ қазылардан берген бағаларын көрсетуін сұраймын

4-сынып оқушыларын а алма жемісін ұсынамын.(алмаға аріптер жазылған.Сұрақ: Ата – аналарың сендерді қалай еркелетеді,мысалы үй жануарларымен атау керек ,жеміс-жидектермен қалай еркелетеді?)

1-жүргізуші

Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өркендер,

«Күз ханшайымы» сайысы аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын.

2-Жүргізуші

Ендігі кезекте «Жұлдызда сәт». (Жеңімпаздарды анықтау) Сөз әділ қазы алқасында

3 сыныптың орындауында ән:Күз келді.

Мұғалім

Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің

Еліміздің ертеңі,

Үміт етер өздерің-дей отырып бүгінгі «КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ» сайысын аяқтаймыз.

Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар мен оқушылар. Осымен «Күз ханшайымы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1038
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі