Материалдар / "Күз ханшайымы" сыныптан тыс жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Күз ханшайымы" сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Күз ханшайымы" сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрметті, Ата-ана!

«Алтын күз» мерекесіне орай 3-сынып қыздарының арасында «Күз ханшайымы» сайысы өтеді. Сыныптың барлық қыз балалары сайысқа қатысады.

І Таныстыру

ІІ Өнер

ІІІ Күзгі киім үлгісі (табиғи қалдық заттардан)

ІҮ «Күз көрінісі» (Ермексаз не түсті қағазбен жұмыс) үйде дайындалады, сайыстың барысындла бала өзі жасауы керек

Ү Икебана ( жемістерден жасау)





Құрметті, Ата-ана!

«Алтын күз» мерекесіне орай 3-сынып қыздарының арасында «Күз ханшайымы» сайысы өтеді. Сыныптың барлық қыз балалары сайысқа қатысады.

І Таныстыру

ІІ Өнер

ІІІ Күзгі киім үлгісі (табиғи қалдық заттардан)

ІҮ «Күз көрінісі» (Ермексаз не түсті қағазбен жұмыс) үйде дайындалады, сайыстың барысындла бала өзі жасауы керек

Ү Икебана ( жемістерден жасау)





Құрметті, Ата-ана!

«Алтын күз» мерекесіне орай 3-сынып қыздарының арасында «Күз ханшайымы» сайысы өтеді. Сыныптың барлық қыз балалары сайысқа қатысады.

І Таныстыру

ІІ Өнер

ІІІ Күзгі киім үлгісі (табиғи қалдық заттардан)

ІҮ «Күз көрінісі» (Ермексаз не түсті қағазбен жұмыс) үйде дайындалады, сайыстың барысындла бала өзі жасауы керек

Ү Икебана ( жемістерден жасау)







Тақырыбы: Күз ханшайымы

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу арқылы күз туралы түсініктерін дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.



Жүргізуші:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Ал, балалар тұрмайық,

Өлең айтып, би билеп,

Мерекені бастайық.


1-бала:

Жайдарлы күз жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толып ен далам

Дариядай шалқып жүр.

Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.


Жүргізуші:

-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін табыңдар.

Қызыл, сары кемелер,

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады толқиды.


- Жапырақ

- Дұрыс айтасыңдар!

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі.

-Олай болса, кім күз мезгілі туралы тақпақтар айтады?


2-бала:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.







3-бала:

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.


4-бала:

Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


5-бала:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері келіпті,

Сары жібек көйлегін.



Құрметті ата - аналар, қонақтар!


Сіздерге 3-сыныптың әдемі қыз балаларының қатысуымен өтетін
«Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.

Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі мектептің
Сайысты біз бастайық.
-Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамыз.


-Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып - тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.


Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.

Сайыскерлер рет номерін алады.


Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:






Сайыс шарттары:
1. Менің ата - тегім. (Өзін - өзі таныстыру.)
2. Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
3. Дәрумендер денсаулық сақтаушысы икебана.(Күзгі байлықтардан жарнама)
4 « Шебер қолдар»

5. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)




«Менің ата - тегім»
1. Өзін - өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)

Сайыстың «Өзін - өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ - қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.

2. «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу)


Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып, жұмбақтар шешкізу.


1. Жұдырықтай қызыл шар
Тілді үйірген шырын бал (Алма)


2. Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты. Ол не? (Шие)


3 Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,
Пышақ тисе қып - қызыл болып жарылар (Қарбыз)


4 Жер астына түседі,
Сап - сарғыш боп піседі ( Сәбіз)


5 Күннен көзін алмайды.
Өзгемен ісі болмайды. (Күнбағыс)


6. Аласа ғана бойы бар,
Қойнына тыққан наны бар
. (бидай)



7. Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда , майда қызыл шоқ . (анар)



8. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)



9. Күннің нұрын сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Моншағым жоқ мойнымда,
Үлкен қалпақ киемін. (Күнбағыс)



10. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз)






3. «Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»

4. «Шебер қолдар»


5. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)

6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )


Тәрбиеші: Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі,
Үміт етер өздерің.
- дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ - қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.


«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп грамота тапсырылады






1. «Күз ханшайымы» -
2. «Күз аруы»

3. «Сүйкімді ару» -
4. «Білімді ару» -
5. «Шебер ару» -

6. « Алғыр ару»

7. «Зерек ару»

8. «Инабатты ару»

9. «Ақылды ару»

10 «Өнерлі ару» -.












































Мәди Бәпиұлы атындағы

44 ЖОББ мектебіндегі

«Алтын күз» мерекесіне орай

3-сыныптар арасында ұйымдастырылған

«Күз ханшайымы» сайысына қатысып

«Көрермендер көзайымы»

номинациясымен

______________________________________


МАРАПАТТАЛАДЫ






Исабекова К.Б

сынып жетекші

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!