Материалдар / Күз ханшайымын роботтар әлемінен құтқару

Күз ханшайымын роботтар әлемінен құтқару

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы 2 кіші топқа арналған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2 кіші тобына арналған «Күз ханшайымын роботтар әлемінен құтқару» атты күзгі мерекелік сценарийМақсаты: балалардың көңіл-күйлерін көтеру, оларға мерекелік жағдай жасау арқылы табиғатты, күз мезгілін, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу. Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар. Музыкалық репертуар: Балалардың шығуы ( П.И. Чайковскийдің «Баркаролла» әуені) «Күзгі» әні Робот Бэбидің шығуы «Жау,жау,жаңбыр» әні «Кел, билейік» ән-биКүн күркіреу дыбысыРобот Бэби мен Винкстың келуі әуені Кейіпкерлер: Жүргізуші, Робот Бэби, Винкс перісі, Күз ханшайымыКерек құрал мен заттар: Әр кейіпкердің костюмдары, жапырақтар, әр балаға екі жапырақтан, жемістер мен көкөністердің макеттары, әр балаға қолшатыр, Күз ханшайымның хаты, екі себет (бір себет ойын үшін, екінші себет - Күз ханшайымның сыйлығы), Винкс перінің сиқырлы таяқшасы.

Ертеңгілік жүрісі:Балалар П.И. Чайковскийдің «Баркаролла» әуенімен музыкалық залға кіреді. - Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қамбатты балалар мен қонақтар!Бүгін біз «Алтын күз» мерекесін атап өтеміз! Бақшаға келді бүгін балаларӘдемі көйлектер киді олар. Өйткені бүгін бақшада....Балалар: Той-думан!!!- Жүргізуші:-Балалар, қарандаршы, залымыз тура күзгі орманға айналып кетіпті. Себебі жерде әдемі кілем жатыр. Ол күзгі кілем неден жасалған? Айтыңдаршы, балалар?Балалар: Жапырақтардан. Жүргізуші: Осы әдемі түрлі-түсті алтын күзді бізге кім жасады?Балалар: Күз ханшайымы!- Жүргізуші:-Дұрыс айттыңдар, балалар. Бүгін бізге Күз ханшайымы қонаққа келеді. Әзірше, Күз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтайық. Бірнеше бала тақпақ айтады. Тақпақ айтқаннан кейін орындарына отырады. Ғарыштық әуен жүреді.Әуен залына қолында хат ұстаған робот кіреді. - Жүргізуші:- Ойпырмай, сен кімсің?- Робот (роботтың дауысын мен қозғалысын келтіріп): Мен Беби роботпын, Мен Беби роботпын. Роботтар әлемінен келіп тұрмын. Ал сендер кімсіңдер?- Жүргізуші:Біз адамдармыз, міне балалармен бірге күз мерекесін тойлап жатырмыз. Сен бізді қалай таптың?- Робот: Күз мерекесі, күз мерекесі.... Мхм..Онда мен дұрыс келіппін. Онда мынау хат сендерге (хатты жүргізушіге береді).- Жүргізуші (хатты бәріне оқиды)- Сәлем, құрметті достарым! Қалдарын қалай? Деңсаулықтарың қалай?Мен сендердің мерекелеріне асығып келе жатқанда мені роботтар әлеміне бейтаныс ғарыштан келген кішкентай адамдар өз көліктеріне салып, ұшып алып кетті. Мен олардың тілін түсінбеймін. Бірақ мұнда Беби атты роботпен достастым, ол адам сияқты сөйлейді екен . Ол өте жақсы робот. Ол маған көмектесемін деді. Сендерге барып, хатты апарып тастаймын деді. Сендер ғана маған көмектесе аласыңдар және........хат аяқталмады .

Робот: Және Винкс перісі. Уақыт аз болғандықтан Күз ханшайымы хатты аяқтамады. Винкс перісі күзгі орманда тұрады. Мен оны шақырып келемін. Мен кеттім. Жүргізуші: Беби робот, мүмкін біз сенімен барамыз? Робот: Жоқ, сендер ән айтып, мерекені жалғастыра беріңдер. Винкс перісі әнді жақсы көреді. Жүргізуші: Әнді естіп, мүмкін өзі келіп қалар, солай ма робот Беби?Робот: Иә, солай, солай... Мен кеттім.....кетеді.Жүргізуші: Ал, балалар онда күзге арнап ән айтамыз ба?Балалар: Иә«Күзгі» әніБалалар орындарына отырады. Әуен ырғағына Робот беби мен Винкс перісі кіреді. Робот: Мен Винкс перісін алып келдім. Енді менің кететін уақытым келді. Сау болыңдар, балалар!Балалар: Сау бол, робот Беби!Винкс перісі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе!Винкс перісі: Сендер менің кім екенімді енді білесіңдер! Мен мультфильмдер әлемінен Күз ханшайымның орманына қонаққа келдім. Оның құрбысы болам! Кім мен туралы мультфильм көрді?Балалардың жауабы.Винкс перісі: Күз ханшайымын құтқару үшін сендер маған көмектесесіңдер ғой?Балалар: Иә. Винкс перісі: Онда қазір мынау себетті жемістермен толтырамыз. Кәне, жемістерді іздеп табайық. Жемістер алдын ала балалар тауып алатын қылып әр жерде шашылып жатады.Винкс перісі: - Жарайсыңдар, балалар! Енді Күз ханшайымын құтқарайық! Менің сиқырлы таяқшам, сенің сиқырлы сәтін келді, Күз ханшайымы мұнда болсын деп тілеймін! Әуен қосылады / Т-с-с-с-с! Таяқшасын жоғарға көтереді.Күз ханшайымы кіреді.Күз ханшайымы: -Салеметсіңдер ме, менің достарым! Сендер болмасаңдар, ғарыш әлемінде мәңгілікке қалар едім! Винкс перісі, рахмет саған құрбым!Винкс перісі: Мен сенің құрбынмын ғой. Ал достар бір-біріне көмектесу керек. Міне сенің кішкентай да достарың отыр! Қолымен көрсетеді.

Күз ханшайымы: Әрине. Олар маған арнап мереке өткізіп жатыр. Мені ешқашан ұмытпайды. Винкс перісі: Жарайды. Менің де кететін уақытым келді. Мен мультфильмдер әлеміне барып, басқа достарымның халін біліп келуім керек. Мені қатты сағынсаңдар, мен туралы мультфильм көріңдер! Қош болыңдар, достарым, келесі кездескенше!Жүргізуші, Күз ханшайымы, балалар бірге: Қош бол!

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерді сондай қатты сағандым! Робботтар әлемінде болғанда, сендер туралы көп ойладым. Қалай менсіз мерекелері өтіп жатыр екен деп, әйтеуір аман-есен үлгердім сендердің арқаларында! Ал мынау сендерге өзімнің тәтті сыйлығым! / Тәтті саңырауқұлақтарды сыйлайды. Балалар: -Рахмет!

Күз ханшайымы: Ооо, басымның ауырып тұрғаны-ай!/басын ұстайды. Жүргізуші: -Не болды саған, Күз ханшайымы?Күз ханшайымы: Маған дәл қазір жаңбыр керек болып тұр! Оның емді тамшылары маған күш береді!Жаңбырды қалай шақырсам екен?Жүргізуші: Уайымдама, Күз ханшайымы! Біз саған көмектесеміз! Солай ғой, балалар?Кәне, ән айтып, жаңбырды шақырайықшы! «Жау, жау, жаңбыр» әнімузыка қосылып, күннің күркіреуі басталадыКүз ханшайымы: Ооо, жаңбыр басталайын деп жатыр! Керемет! Рахмет, сендерге, балалар!Жаңбыр-деңсаулығымның негізі ғой. Жаңбырсыз Күз болмайды. Жаңбыр басталмай тұрғанда, сендермен би билегім келеді!Кел, билейік биіКел, билейік, кел, билейікНеге тұрсын билемей! Кел, билейік, кел, билейікНеге тұрсын үйренбей!............................................

Күз ханшайымы, жүргізуші, ән айтып, балалармен бірге қозғалыстарды жасайды.

Күз ханшайымы: Уфффф! Күшті биледік! Кететін уақыт да келіп қалды, жаңбыр басталмай тұрғанда тез,тез орманды аралап келейін. Жүргізуші: Рахмет саған, Күз ханшайымы! Әдемі жапырақтарын үшін, сыйлықтарын үшін! Кәнеки, балалар, бірге рахмет деп айтайық!Балалар: Рахмет!Күз ханшайымы: Сендерге де рахмет!Сау болыңдар, менің кішкентай достарым! Балалар: Сау болыңыз, Күз ханшайымы!

Балалар қоштасып, топтарына кетеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ