400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

«Күз ханзадасы мен ханшайымы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Күз ханзадасы мен ханшайымы»


Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әртүрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызы мен қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Жүргізуші: Терістіктен желдетіп

Жаңбырлатып селдетіп

Шаттандырып біздерді

Шат шадыман күз келді

Шатыр тікті сары алтын

Шартараптың бәрі алтын

Алып келді мереке

Астық жеміс береке

Батырлыққа жараса

Көбейді той тамаша

Ән салды өзен, тал құрақ

Шашу болды жапырақ.

Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата аналар мен балалар. Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Бүгінгі «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын балабақшамыздың меңгерушісіне Ерназарова Ақтолқын кежеденқызына сөз беріледі. Қарсы алыңыздар! Ортада ханзадалар мен ханшайымдар!

Шүкен Нұргелді-Бекболатқызы Еркеназ

Мешітбай Назар-Бауыржанқызы Гүлзерен

Жәнібек Рахман-Асқар Алуа

Әділ қазы береді

Өздеріңе сыйлықты

Бізге айтып береді

Кім өнерлі кім мықты

Әділ қазы алқасымен таныстыру.

  1. Балабақша меңгерушісі -Ерназарова А

  2. Балабақша психологі-Бултекова Ғ

  3. Ата-ана

Жүргізуші: Қайсы әнші, кім биші

Талабына қарайық

Кімдер зерек, кім жылдам

Таланттарын табайық деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

1 «Тегімді менің сұрасаң...» (Өзін таныстыру).

2 «Өнерлі бала елдің көркі...» (Өз өнерін көрсету).

3 «Кім тапқыр, кім жылдам...» (Сұрақ-жауап).

4 «Үй тапсырмасы...»

5 «Сұлулық сыры...» (Сән үлгісі).

Ақыл көрік бойларында жетеді

Әлі талай сынақтардан өтеді

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді деп сайысымыздың бірінші бөлімі бойынша №1 жұпты шақырамыз.

Әділ қазылардан баға сұралады.

Біздерде ойын-сауық басталады

Тамаша би билейді ән салады

Қошеметтеп қол соғып отыралық

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды деп ортада

Би: «Көкөністер»

Өнер қуыр әрбірі өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген ханзадамен ханшайымдар

Өз өнер ін ортаға салсын дейміз дей келе

«Өнерлі бала елдің көркі...» (Өз өнерін көрсету).

Әділ қазылардан баға сұралады.

«Балдырған» тобының кішкентай бүлдіршендерінің тақпақтары.

Сайысымыздың келесі бөлімі «Кім тапқыр, кім жылдам...» (Сұрақ-жауап).

Әділ қазылардан баға сұралады.

Би: «Саңырауқұлақтар».

Сайысымыздың келесі бөлімі «Үй тапсырмасы...»

Ортада Келжанов Мейрамбекті ----------- әнімен ортаға шақырамыз.

Көйлек киіп әдемі

Тамсандырып елімді

Түрлі түсті сән көйлек

Көз тартады не керек дей келе ханзадамен ханшайымдарды

сән үлгісімен ортаға шақырамыз.

Әділ қазылардан баға сұралады.

Тобымыздың бүлдіршіндерін «Балабақша» әнімен ортаға шақырамыз.

Күз келіп хан мен ханшайым

Өткізді күзгі балл айын

Ханшайым тапқыр қыз болды

Ал ханзада ақылды

Барша жұртты шақырды

Би де билеп, ән айтып

Қуаныштан шалқыды дей барлық ханзадамен ханшайымдарымызды «Күзгі вальс» биімен ортаға шақырамыз.

Келесі сөз кезегін әділ қазылардың қорытынды бағасына береміз.

Жүзден жүйрік күшімен

Мыңнан тұлпар мықты шын

Құттықтаймыз ал енді

Ханзада мен ханымды

Өрге жүзіп өнері

Тауға өрлесін талабы

Шоқтай болып жанады

Қуанышпен жанары -деп күз ханзадасы мен ханшайымын шын жүректен құттықтаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі