Материалдар / Күз Ханзадасы мен Ханшайымы - 2018 жыл

Күз Ханзадасы мен Ханшайымы - 2018 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешлеріне
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Күз ханзадасы мен ханшайымы – 2018»


Жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, көрермендер бүгінгі «
Күз ханзадасы мен ханшайымы -2018» сайысына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті апайлар, ата-аналар және бүлдіршіндер!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі сайыста « Күз Ханзадасы» мен « Күз Ханшайымын» іріктеп шығару.

Жүргізуші:
Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ – қазылар мүшелері.
-------------------
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік

Сайыстың турлары: бес бөлімнен тұрады



1 - бөлім: «Сәнді топтама» ( құнсыз материалдардан сән үлгісін көрсету)

2 - бөлім: «Күз мезгілі маған ұнайды...» ( бейне ролик)
3 - бөлім:«Өнерлі бала сүйкімді» (пародия)
4 - бөлім: «Көңілді икебаналар» (қолөнер бұйымдары)

5- бөлім: «Анашыма көмектесемін» (ана мен бала шығармашылығы)

Әр бөлім балдық жүйесі ( 3 - 5 ) ұпаймен бағаланады.

Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз 1 - бөлім: «Сәнді топтама» ( құнсыз материалдардан сән үлгісін көрсету)

Сайысқа қатысушы бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз


Ортаға шығып балалар ата-аналарымен бірге костьюмдерін таныстырып өтеді


Сахнаға «Күз ханшайымы» келеді. Балалармен амандасып қандай мерекеге жиналғанын сұрайды? Балалар жауап береді.

  • Күз ханшайымы өзімен бірге сайысқа қатысу реттілігіне байланысты өзінің сиқырлы жапырақтарын алып келгенін айтады. Балалар мәз бола жапырақтарды өздерне таңдап алады. Сиқырлы жапырақтарда арнайы сандар жасырған болы шығады. Балалар сол реттілікпен сайысты бастайды.


  1. «Балдәурен» тәрбиеленушілері: Серік Айхан, Толыбай Меруерт

  2. «Тілашар» тобы тәрбиеленушісі Дулат Ертарғын, Абдрахман Гүлжайнар

  3. «Балдырған» тобы Ұзақбай Амандос және Сақтапберген Кәусар, Серікбек Нұрбол және Алпамыс Айару


Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып 2 бөлімге кезек береміз яғни

2 - бөлім: «Күз мезгілі маған ұнайды...» ( бейне ролик) әр бала өзі туралы танысырып, толық мәлімет береді.


Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
пародияға кезек береміз, - деп келесі 3 – бөлім: « өнерлі бала сүйкімді» Әр түрлі эстрада жұлдыздарына Пародия көрсетеді
Бүлдіршіндерімізді ортаға өнерлерін көрсетуге шақырамыз


Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе
4 - бөлім: «Көңілді икебаналар» (қолөнер бұйымдары)

! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.


Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай –жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің – дей келе соңғы 5 –бөлімізге кезек берейік. «Анашыма көмектесемін» деп аталады (ана мен бала шығармашылығы) кішкентай ғана көмекшілерімізбен аналарын бірге ортаға шақырып өнерлерін тамашалайық

Әділ –қазылар алқасы бағасын берсе



«Күз Ханзадасы мен Ханшайымы -2018» сайысының ең соңғы қорытындылау !


Ән: « Күзгі вальс» Б.Бейсенова Балапан тобы тәрбиеленушісі: Жадыра мен Айсельді ортаға шақырамыз

Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!
---------------------------------
Жүргізуші:
Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті. «Күз ханзадасымен , күз ханшайымы - 2018» байқауының жеңімпаздары «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.
«Күз ханзадасы»: 
«Күз ханшайымы»: 
Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!


15 Қараша 2018
573
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі