400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Күз ханзадасы мен ханшайымы" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптар аралығында өткізуге болатын сайыс. Мұғалімдерге сыныптан тыс шара ретінде өткізуге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.С. Амиртаева

Тақырыбы: «Кішкентай күз ханзадасы мен ханшайымы-2018» (сайысы)

І жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - аналар мен балалар!

ІІ жүргізуші:  Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді.

І жүргізуші: Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді

ІІ жүргізуші: Бүгінгі 2 «А» сыныбының ішінде өткелі отырған «Кішкентай күз ханзадасы мен ханшайымы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
І жүргізуші: Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі
сайысымызды бастауға рұқсат етіңіз.
ІІ жүргізуші:  Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

(музыка әуенімен ортаға шығады) 
1. Алдан Айым мен Жарасбай Теміржан

2. Ғұбайдолла Мәдина мен Қасқырбай Думан

3. Жұмағазы Аңсаған мен Жандаберген Диас

4. Кәрібай Салтанат пен Кәрібай Талант

5. Мұханова Жұпар мен Орынғали Хамза

6. Болатбекова Дария мен Бахай Мадияр

7. Қылышбай Раяна мен Айдынбеков Айсұлтан


І жүргізуші:
Күз келіп хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болады
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал, ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды
Би де билеп ән айтты
Қуаныштан шалқыды.
ІІ жүргізуші:
Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен

таныстырып өтейік:

1.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мария Сағынайқызы

2. музыка пәнінің мұғалімі Альфия Радифқызы

3. технология пәнінің мұғалімі Бақытгүл Жеткербайқызы


І жүргізуші:
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)

2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
3 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
4 - бөлім: «Күзгі тағам»

ІІ жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.
І жүргізуші:
2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.

ІІ жүргізуші:

3 - бөлім: «Сұлулық сыры»
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!

сайыскерлердың аттары

І жүргізуші 4 – бөлім «Күзгі дәм»

Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт - дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата - ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз өсе берсін болып мықты!


Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.02.2019
1196
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12