400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Күз ханзадасы мен Күз ханшайымы-2017" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күз ханзадасы мен күз ханшайымы» Сайыс

Оңтүстік облысы Мақтарал ауданы Қарөзек ауылы «Қараөзек» жалпы орта мектебі КММ қосымша білім беру педагогы Әзі Ботагөз Ысқаққызы

«Күз ханзадасы мен күз ханшайымы» Сайыс.

Мақсаты:Оқушыларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып,

оқушылырдың білімін, тапқырлығын,  іскерлігін  ұйымшылдығын,өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуін, шеберлігін, іскерлігін дамыту. Табиғатты, қоршаған ортаны, отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың: сайыс

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой шақыру.

Көрнекілігі: фотостенд, плакат, шар.суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз.

Мұғалім:Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы»аясында өткізілген атты сайысымызға қош келдіңіздер. Күз-жыл мезгілінің бірі. Күз-мерекелі, берекелі ай. Балалар білім ордасына алғашқы қадамдарын жасайды. Әрбір шанырақта той тойланып, көңілдері қуанышқа толы болады. Ақ қайыңның жапырақтарына көз салыңдаршы, сап-сары. Орманды аралап көріңдерші, жерге сары жапырақтар төселген, айналаң алтын түстес сары бояуға боялып тұрады. Демек, сары түс- күзді бейнелейтін бояудың реңі. Олай болса күздеріңіз мерекелі де, берекелі болсын.

(музыка әуенімен ортаға шығады)
Бақытбек:

Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:


1.Жаңабаева.Ы

2.Тұрмағанбетова.З

3.Идрисова.Ж.

Сайыс бес бөліммен тұрады:
1. Кел танысайық
2. Өз өнерін көрсету
3. Қас - қағым сәт.(Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгілерін көрсету.) 
5. Күзгі сыйы.(Күзгі табиғи материалдан жасаған жұмыстарын көрсету) 

Жұпар: Армысыңдар,халайық,

              Бармысыңдар,халайық!

              Күзгі тойды жұп жазбай,

              Келіңдер,қарсы алайық.

              Келді міне,алтын күз,

              Талдарға алқа тағатын.

               Шаруакер халқымды,

               Бір тілекті бағынтып.

Бақытбек: Күз дегеніміз – жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық. Күз дегеніміз – қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс-жидек, астық пісіп жетіледі. Күзде мал да, аң мен құстар да қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.

               Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

               Ән шырқап, күй төгуден қашпайық біз.

               Сонымен сіздер рұқсат етіңіздер,

                Ал енді топ жарысын бастайық біз.

Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.

Алғырлар: тобы

Білгірлер:тобы

Жұпар: Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,

              Күздің сәні келіп қапты ортаға.

              Сайысушы аруларды шақырайық,

              Таныстыру кезегін бір жалғаса.



Бақытбек:

1-кезең Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» топтар өздерін таныстыруы. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. 
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.

Жұпар:

2-кезең  топтардың «Өз өнерлерін»тамашалайық.
Енді әділ қазы алқаларына сөз береміз.

Бақытбек:

3-кезең Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды өз өнерлерін көріп болсақ, үшінші бөлімі «Қас - қағым сәт».(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек берейік. «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру. 1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді. 2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ 3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз. 4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша. 5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.
- Жеміс. 6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр» 

Жұпар: 

4-кезең Өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек. 

Бақытбек:

5-кезең  Көрсетеді өнер әр салада сайысып, Қимылдары жүргендей бір жай ұшып Мерекелік күзгі сыйды жасапты, Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.

Жұпар: Ендігі кезекте «Жұлдызды сәт» (жеңімпаздарды анықтау). Сөз  әділ қазылар алқасында

    Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтармен, оқушылар. Осымен «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы » атты сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
2044
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі