Күз жәрмеңкесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күз жәрмеңкесі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Күз береке» жәрмеңкесі Мақсаты: Топтардың, ата-аналар мен тәрбиешілердің өзара бірлескен жұмысының болуы. Ата-аналарға, балаларға мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ұлттық қолөнер түрлерімен және күз айының молшылығын, әр түрлі тағам түрлерімен таныстыру. Осы арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсету. Көрнекіліктер: Жәрмеңкеге сай балабақша және әр топ өз үстелдерін безендіреді. «Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық акциясы аясындағы «Күз сыйы» жәрмеңкесіне қош келдіңіздер. Армысыздар ағайын, дос- бауырлас, Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас Бүгінгі қызықты жәрмеңкені бастайық Тамаша көңілменен қол соғайық Біздерде ойын-сауық басталады, Сауда саттық жасалып, жар салады. Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар «Күз береке» атты жәрмеңкеге қош келдіңіздер!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

«Успех GOLD-8» ЖШС

«Асыл Бесік» балабақшасының

Меңгерушісі

_____________ А. Мамырбаева

«___»____________2022ж










2022-2023 оқу жылына арналған

«Күз сыйы» жәрмеңкесі











Тәрбиешілер: Ахмадиева А.Н.

Тилейхан Катила














Өскемен қаласы

2022-2023 оқу жылы

«Күз береке» жәрмеңкесі


      Мақсаты: Топтардың, ата-аналар мен тәрбиешілердің өзара бірлескен жұмысының болуы. Ата-аналарға, балаларға мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ұлттық қолөнер түрлерімен және күз айының молшылығын, әр түрлі тағам түрлерімен таныстыру. Осы арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсету.
     Көрнекіліктер: Жәрмеңкеге сай балабақша және әр топ өз үстелдерін безендіреді.

«Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық акциясы аясындағы «Күз сыйы» жәрмеңкесіне қош келдіңіздер.

Армысыздар ағайын, дос- бауырлас,

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас

Бүгінгі қызықты жәрмеңкені бастайық

Тамаша көңілменен қол соғайық

Біздерде ойын-сауық басталады,

Сауда саттық жасалып, жар салады.

Құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар «Күз береке» атты жәрмеңкеге қош келдіңіздер! 

   

Тилейхан Катила :

Қайырлы күн құрметті қонақтар,

Алтын күз мерекесі құтты болсын.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
«Күз сыйы» атты жәрмеңкемізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Ахмадиева Ажар Нұрбекқызы:

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Бүгінгі «Асыл бесік» балабақшасында ұйымдастырылып отырған «Күз сыйы» жәрмеңкесі жақсылық жасауға асығайық акциясының негізінде ұйымдастырылып отыр. Бұл акция алғаш рет 2021 жылы сәуір айында ұйымдастырылды. Барлық топтар белсене қатысып, жиналған қаражат әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке зәру және мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақшаға атынан берілді. Жанболатұлы Алиханға және Мухаммет Расул Аллаға. Оның 50% балабақшадағы топқа қажетті керек заттарға жұмсалды. «Күз сыйы» атты жәрмеңкемізді бастауға рұқсат етіңіздер. Биылғы жылы осы акция 2-рет қатарынан өтіп жатыр.


Тилейхан Катила:

Бүгін бізде күз береке басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды, дей келе бүгінгі мерекелік іс шарамыздың ашылуын тамаша бір әсем әнмен бастасақ. Асыл бесік балабақшасының сурет пәні мұғалімі – Ахмадиева Ажар Нұрбекқызының орындауында «Мереке» әні, қарсы алыңыздар.

Ән: Ахмадиева Ажар Нұрбекқызы «Мереке»


Тилейхан Катила мен Ахмадиева Ажар Нұрбекқызы:

Таныстыру

Келбетімен көрікті,

Арзан күлкі сән қумай.

Ортамызға келіпті,

Тіл үйірер жемістер, -дей отырып, жомарт күздің жемістері мен тағамдарын дәм татайық.

Бүгінгі жәрмеңкедегі топтармен таныс болыңыздар.

1-топ. Бүлдіршін

2-топ. Еркетай

3-топ. Ботақан

4-топ. Балапан

5-топ. Балауса.

6-топ. Балбөбек

7-топ. Құлыншақ

8-топ. Күншуақ

9-топ. Балдырған

10-топ. Бәйтерек.


Ахмадиева Ажар Нұрбекқызы:

Өнерліге барша жұрт тамсанады,

Таныстырып өздерін жар салады,

Алтын күз берекелі мерекеде,

Өрендер әсем бимен тербеледі.-дей отырып, «Құлыншақ» тобы қыздарының орындауында би тамашалайық.


Тилейхан Катила.

Бүгінгі «Асыл бесік» балабақшасында ұйымдастырылып отырған «Күз сыйы» жәрмеңкесі жақсылық жасауға асығайық акциясының негізінде ұйымдастырылып отыр. Бұл акция алғаш рет 2021 жылы сәуір айында ұйымдастырылды. Барлық топтар белсене қатысып, жиналған қаражат әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке зәру және мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақшаға атынан берілді. Жанболатұлы Алиханға және Мухаммет Расул Аллаға. Оның 50% балабақшадағы топқа қажетті керек заттарға жұмсалды. «Күз сыйы» атты жәрмеңкемізді бастауға рұқсат етіңіздер. Биылғы жылы осы акция 2-рет қатарынан өтіп жатыр.


Ахмадиева Ажар Нұрбекқызы:

Би. «Еркетай» тобының ата-аналарының атынан Алмасова Амина мен Сұңғатқызы Нұргүлдің орындауында ән тыңдайық.

Тилейхан Катила: Келесі кезекте «Күншуақ» тобының ата-аналары Смагулова Н.С. және Бердіқожа Балғынның орындауында би

Ахмадиева Ажар Нұрбекқызы:

Ырысымен құты дарыған,

Берекелі де мерекелі осындай күзгі берекеде жақсы бір ән тыңдасақ. Асыл бесік балабақшасының музыка жетекшісі – Шапатов Нұрлан Махабековичтің орындауында «Дастархан» әні.

Ән: «Дастархан»


Тилейхан Катила:

Ата-аналарға сөз: «Бәйтерек» пен «Балдырған» тобының ата-аналарына сөз кезегі беріледі.


Ахмадиева Ажар Нұрбекқызы:

Келесі кезекті «Балдырған» тобының ата-анасы Матенов Елдос Саниязовичтің орындауындағы әнге кезек береміз.

Ән: «Балапаным»


Ахмадиева Ажар Нұрбекқызы:

Жайдарлы күз жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз,

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқы күз.. Осындай мереке әрқашан өз жалғасын таба берсін.

Бүгінгі «Асыл бесік» балабақшасында ұйымдастырылып отырған «Күз сыйы» жәрмеңкесі жақсылық жасауға асығайық акциясының негізінде ұйымдастырылып отыр. Бұл акция алғаш рет 2021 жылы сәуір айында ұйымдастырылды. Барлық топтар белсене қатысып, жиналған қаражат әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке зәру және мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақшаға атынан берілді. Жанболатұлы Алиханға және Мухаммет Расул Аллаға. Оның 50% балабақшадағы топқа қажетті керек заттарға жұмсалды. «Күз сыйы» атты жәрмеңкемізді бастауға рұқсат етіңіздер. Биылғы жылы осы акция 2-рет қатарынан өтіп жатыр.


Тилейхан Катила: Бүгінгі жәрмеңкеге келіп, ат салысып өз өнерлеріңізді көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі «Күз мереке» атты жәрмеңкеміз өз мәресіне жетті.

Келісілді:

«Успех – COLD-8» ЖШС

«Асыл бесік»

балабақшасының әдіскері:

Рашова А.М. __________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2025
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі