жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Күз жомарт»
Залдың іші күзгі орманның бейнесімен безендірілген. Балалар көңілді музыка әуенімен қол ұстасып кіріп келеді, жартылай шеңбер бойында тұрады.
Жүргізуші.- Сары жібек желбіретіп,
Жапырағын ағаштын селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның селдіретіп. –Құрметті қонақтар «Қошақан» ортаңғы топтың «Күз жомарт» мерекелік ертеңгілігіне хош келдіңіздер.
Балалар күзге арнап тақпақтар айтады.
-
-
Күзім-ау,күзім-ау Алма пісіп,алмұрт түсіп
Мінезің бұзық-ау Күзде бақтар жинайды
Жаңбырың сіркіреп Құстар қайтып,қош айтысып
Келгенің қызық-ау
Алма пісіп,алмұрт түсіп Күзде бақтар жинайды Құстар қайтып,қош айтысып
Қимас үнімен сайрайды.
Жап-жасыл тал мынау
Сары шапан киіпті-ау Күзгі ауланың талдары
Айнала тұнжырап
Қабағын аспан түйіпті-ау.
Күзгі ауланың талдары
Желмен басын шайқайды
Дәурен өтіп жаздағы
Күздің жазы соғады.
Сәлем саған алтын күз,
Көңілдіміз,жарқынбыз.
Мерекелеу өзіңді
Жыл сайынғы салтымыз.
Күз келді мінекей
Сарғайды жапырақ
Күн нұры солғындау
Көңілсіз атырап.
-
Тәрбиеші: -Ия балалар табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз тағы келді. Қараңдаршы айналамызда талдардан түсіп жатқан сары, қызыл түсті жапырақтарға, қандай әдемі. Бұл жапырақтарды Күз аруы сыйлапты.Олай болса, бүгінгі мерекемізге арнап әсем әнімізді шырқайық.
Ән: «Алтын күз»
1.Келді міне қоңыр күздің самалы,
Бұлттар төніп, күн суытты шамалы.
Қ-сы:
Келді міне Алтын күз,
Келді міне жарқын күз.
Байлығы мен мерекелі, берекелі.
2.Алтын күзім берекелі болады,
Қамба біткен ақ бидайға толады.
Әнді орындап болған кезде музыка әуенімен Күз аруы кіріп келеді. Қолында сиқырлы сандықшасы бар.
Күз аруы:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Мен сендерді бүгінгі мерекеде көргеніме өте қуаныштымын!!! Балалар мен сендерге мына сандықшамда керемет сыйлық дайындап қойдым. Бұл сандықшаның қақпағын жақсылап жауып қойған едім. Себебі жолда ішіндегі сыйлықтарды жоғалтып алмайын деп. Ал, бұл сандықшаның қақпағын кілтпенен жапқан жоқпын. Мен оны сиқырлы сөзбен жаптым. Мен ол сөздерді ұмытып қалмау үшін үйенкінің үш түрлі жапырағына жазып қойған едім. Бірақ сол кезде аяқ астынан бір жел келіп жапырақтарымды орманның ішіне ұшырып алып кетті. Ал, сиқырлы сөз болмаса мына сандықшаны ашалмаймын. Маған көмек керек. Ал, балалар сендер маған кемек бересіңдерме? (-Ия). Олай болса жолға аттанайық. Қанекей пойызға отырып менім соңымнан жүріңдер.
Балалар Күз аруының соңынан жүреді. Пойыздың дыбысы естіліп тұрады. Балалар залдан бір айналып, орындықтарға отырады.Осы кезде орман бейнесі пайда болады.
Күз аруы: - Міне күзгі орманғада келдік. Енді сиқырлы жапырақтарды қалай табамыз? Мүмкін бізге ертегідегі кейіпкерлер көмек берер? Естідіңдерме бізге біреу келе жатқан сияқты.
Музыка әуенімен Тиін жүгіріп келеді.
Тиін:- Сәлеметсіңдер ме, балалар!!! Мен Тиінмын. Мен осы ормандағы Қоян досымның үйіне баражатырмын. Қоян досыма көп жаңғақтар апарамын. Ал, сендер бұл жерде не істеп жүрсіңдер?
Күз аруы:- Біз балалармен бір жапырақты іздеп жүрміз. Ол жапырақта сиқырлы сөз жазылған еді. Ол осы орманның ішінде. Айтпақшы Тиін сен сол жапырақты көрдің бе?
Тиін:- Жапырақ? ...Ммм..ия... Кеше бір қатты жел соққан еді. Сол кезде әдемі жапырақ ұшып келді.
Күз аруы:- Онда біздің іздеп жүрген сол жапырақ болдығой. Тиін олай болса, сен сол жапырақты бізге берші!!!!
Тиін:- Жоқ. Ол жапырақты жай бере салмаймын. Алдымен сендерге жұмбақтар жасырамын.
Пісер бәрі мол боп,
Жаңбыр жауар көп боп
Жапырақтар сары,
Қай кезде мұның бәрі. (Күзде)
Тәрбиеші:- Ал, енді біздің қыздар «Алтын күз» биін билеп береді.
Би: «Алтын күз»
Тиін:- Жарайсыңдар қыздар, әдемі биледіңдер. Енді менің себетімнің ішінде көп-көп жаңғақтар бар. Осы жаңғақтармен музыкалық оркестр құрып ойнап көрейік.
Тәрбиеші:- Әрине Тиін бұл тапсырмаңдыда балалар бұлжытпай орындайды.
Музыкалық оркестр: «Көңілді музыканттар»
Тиін:- Жарайсыңдар балалар! Сендер менің барлық тапсырмаларымды орындадыңдар. Міне сендерге үйенкі ағашының жапырағы. Көріскенше сау болыңдар балалар!!! (жапырақты береді де жүгіріп кетеді)
Күз аруы:- Ал, балалар! Бір жапырақ табылды, әлі екеуі керек. Балалар естіп тұрсыңдар ма? Біреу ысқырып келе жатқан сияқты.
Музыка әуенімен Мыстан апа сыпырғышымен ұшып келеді.
Мыстан апа:- Кімсіңдер сендер? Қайдан келіп қалдыңдар балақайлар, менің орманыма? Не үшін келдіңдер? А!
Тәрбиеші:- Сәлеметсіз бе, Мыстан апа! Біз бір сиқырлы жапырақты іздеп жүрміз. Оны қатты жел ұшырып осы орманның ішіне тастап кеткен. Бір жапырақты бізге Тиін тауып берді. Әлі екі жапырақты табу керек. Сіз бізге көмектесесіз бе?
Мыстан апа:- Әрине, көмектесуге болады. Бірақ менің армандарым көп. Соны орындау керек. Армандарымды орындасаңдар, әрі қарай көре жатармыз.
Тәрбиеші:- Әрине, Мыстан апа. Армандарыңызды орындауға дайынбыз. Айтаберіңіз.
Мыстан апа:- ....ММММ....Мен көптен бері балақайлардың тақпақтарын естіген жоқпын. Маған тақпақтар айтып берсін.
-
-
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға.
Шақырады біздерді.
Жайдары күз,жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз.
Найзағай көкте жарқылдап
Қайтты құстар қаңқылдап
Егіс орны қазан боп
Жел соқты күн салқындап.
Ел егінін орады
Қырманға дән толады
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
-
Мыстан апа:- Жарадыңдар балақайлар!
Тәрбиеші:- Келесі арманыңызды айтыңыз!
Мыстан апа:- Мен ыстықтып кеттім. Дәл қазір жаңбыр жаусын!
Тәрбиеші:- Сонда қалай? Жаңбыр сізге өте қажетпе?
Мыстан апа:- Менімен олай салғыласпаңдар. Жапырақ керек пе?
Тәрбиеші: - Әрине, әрине Мыстан апа ашуыңызды басыңыз. Қазір сізге жаңбыр туралы ән шырқап береміз.
Жаңбыр, жаңбыр жауа бер
Қорықпаймыз біз сенен
Жауа берші сіркіреп
Кел әндетейік сізбенен.- Олай болса, балалардың орындауында «Жаңбыр тамшылары-моншақтар» әнін тамашалаңыздар!
Ән: «Жаңбыр тамшылары-моншақтар»
1.Жаңбыр жаумай, тоқтай тұр, 2. Үйге жетіп алайық,
Дабылыңды соқпай тұр. Терезеден қарайық.
Саяғыңды түгендеп, Моншағыңды бір-бірлеп,
Үйіріңді топтай тұр. Сонда отырып санайық.
Қ-сы:
О, алақай, алақай,
Күз келді балақай.
Мыстан апа:- Әндерің өте жақсы екен. Енді жаңбыр жауғасын үсті-басым су болып қалды ғой. Маған қолшатыр керек.
Тәрбиеші:- ...Тууу...Мыстан апа! Біресе жаңбыр дейсіз. Біресе қолшатыр дейсіз. Олай болса, қолшатырмен ойын-ойнап Мыстан апамның көңілін көтерейік балалар.
Ойын: «Қолшатырмен жүгіру»
Мыстан апа:- Жарайсыңдар балақайлар! Менің көңілімді көтердіңдер! Мінекей жапырақтарың! Көріскеше сау болыңдар балалар!
(Мыстан апа жапырақты
беріп, сыпырғышымен ұшып кетеді)
Күз
аруы:- Міне екінші жапырақты да
таптық. Енді біреу қалды. Бізге кім көмек берер
екен?
(Осы кезде музыка әуенімен Орманшы ата келеді)
Күз аруы:- Сәлеметсіз бе! Сіз кімсіз?
Орманшы ата:- Мен Орманшы атамын! Мен орманды қарауылдап жүремін. Орманның тазалығына жауап беремін. Аңдарға тамақ беремін. Ағаштарды, жеміс-жидектерді қорғаймын. Ал, сендер қайдан жүрсіңдер орманда?
Күз аруы:- Орманшы ата! Біз балалармен сиқырлы сөзі бар жапырақты іздеп жүрміз. Оның екеуін таптық. Енді біреуі қалды. Сіз бізге көмектесесіз бе?
Орманшы ата:- Әрине көмек беремін! Бірақ мен орманда жалғыз тұрамын. Көптен бері ішім пысып жүр. Маған жақсылап бір ән орындап көңілімді көтеріп беріңдерші.
Тәрбиеші:- Әрине, біздің балалар «Бұл Алтын күз» әнін шырқап береді.
Ән: «Бұл Алтын күз»
Өлкеміз түрленеді,
Әсем бір күйге енеді.
Жапырақтар сарғаяды,
Сұр бұлттар көшеді. 2рет.
Бұл алтын, бұл алтын,
Бұл алтын күз, күз,
Бұл сары, бұл сары,
Жомарт сары күз, күз. 2рет.
Орманшы ата:- Керемет ән шырқадыңдар. Енді қандай өнерлерің бар?
Тәрбиеші:- Енді біздің жігіттеріміз «Көңілді көкөністер» биін билеп береді.
Би: «Көңілді көкөністер»
Орманшы ата:-Жарайсыңдар балаларым. Енді маған кішкене көмек беріңдер. Орманда биыл көптеген шыршаның бүрлері өсіп, жерде түсіп жатыр. Соны жылдам маған мына себеттерге жинап беріңдер.
Ойын: «Шыршаның бүрлерін жинау»
(балалар екі командаға бөлініп бүрлерді себетке жинайды.)
Орманшы ата:- Ой. Жарайсыңдар балаларым! Рахмет сендерге. Міне ең соңғы жапырақтырыңды берейін. Осылай әр кезде маған қонаққа келіп тұрыңдар.
(жапырақты Күз аруына береді. Қоштасып шығып кетеді).
Күз аруы:- Мінекей жапырақтарда түгелденді. Енді сиқырлы сөздерді құрастырып оқи аламыз және мына сандықшаныда ашамыз.
(жапырақтардан сиқырлы сөзді оқиды)
КҮЗ, КҮЗ, КӨМЕКТЕС, АШЫЛ МЕНІҢ САНДЫҒЫМ
БАЛАЛАРҒА КЕЛІП ТЕЗ ШАШЫЛ МЕНІҢ СЫЙЛЫҒЫМ
Күз аруы:- Міне меніңде сандығым ашылды, ішінен шашу шашылды. Балақайлар сендерге алып келген сыйлығым, қабыл алыңдар. (РАХМЕТ!) Енді балалар балабақшамызға пойызға отырып қайтайық.
Тәрбиеші:- Күзгі бақтағы қонақтар,
Айналайын балалар.
Мерекеміз бүгінгі,
Естен кетпес күн болар- деп бүгінгі мерекемізді аяқтап, келген қонақтарға рахмет айтайық.Сау болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген