Материалдар / "Күз Жомарт" ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Күз Жомарт" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
«Күз жомарт» Мақсаты : Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген .Әдемі ән ойналып тұрады . Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар. Жүргізуші:Қарсы алайык бәріміз Жасымызбен кәріміз Қырдан кепті қыдырып Алтын күз бізге нұр беріп Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және « Балдәурен»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған, сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше « Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Алтын күз ,жаңбырлы күз, Жомарт күз,суығына шыдайтын, Сұлулығына көз тоймайтын , Алтын күздің тойында. Балалар хормен : Шаршауды білмейміз Көңілді би билейміз Әсем сазды ән салып Би билеуге дайынбыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2021
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Күз   жомарт»

 Мақсаты :  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген .Әдемі ән ойналып тұрады . Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.  Балалардың қолдарында жапырақтар.

Жүргізуші:Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және « Балдәурен»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша  «Алтын күз»   атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,   сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше
« Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Алтын күз ,жаңбырлы күз,
Жомарт күз,суығына шыдайтын,
Сұлулығына көз тоймайтын ,
Алтын күздің тойында.

Балалар хормен :   Шаршауды білмейміз
Көңілді би билейміз
Әсем сазды ән салып
Би билеуге дайынбыз

 Жүргізуші :           Қызыл жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайык ,би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге

«Күз жомарт»     әнін      тыңданыздар.

Жүргізуші:           Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.

 

Аңсар:  Күздің казан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр,сыбдыр түседі

Алинұр: Күн суытып жапырақтар түседі
Астық жеміс жиылды
Қамбаға құйылды

Жургізуші : Балалар мен сендерге жұмбак жасырғым келіп тұр , сендер бұл  жұмбақтың шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді.  Ендеше сендер дайынсыңдар ма?

 Балалар:              Әрине дайынбыз.

Жүргізуші:    Көк майсалы көрікті

Алқап тола көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін  .       ( Күз  )

 

Жапқандай жапырағымен айналаны

Қуантып байлығымен халқымды

Бір қуантып қайту үшін біздерді

Сабырлы ,сары алтын күз келді.

Балалар  хормен:  Біз сізді күтудеміз алтын куз

Күз ханшайымы келеді .

Сәлеметсіңдерме балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

 Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.

Жүргізуші:  Сәлеметсізбе күз ханшайымы келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың өнерлерін  тамашалаңыз.

Ал балалар өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба  ?

Күз ханшайымы :  Рахмет балалар мен бүгін өзіммен бірге  Қыркүйек,  Қазан қызыммен Қараша ұлымды алып келдім.

Менің ұл қыздарым құр келген жоқ сендерге өздерінің әндерін дайындап келді.  Қане балалар менің  Қыркүйек , Қазан , Қарашамның әнін тыңдандар

Қыркүйек  ,  Қазан , Қараша ән айтады.

Жүргізуші :  Қандай   тамаша ән балалар сендерге ұнады  ма ?

Балалар  :     Ұнады керемет ән.

  Жургізуші:                  Әсем әуен салдырған

Сәбилерде алғыр жан

Балдәуреннің ұл қызы

Клип түсірді жаңадан-деп « Балдәурен» тобының      бүлдіршіндері  Ерке  Есмаханның « Қайда» әнінен  шағын клип түсірді. Сіздердің көңілдеріңізден шығып жатса , Астана қаласыны жол тартсақ деп отырмыз. Қарсы алыныздар сіздердің алдарыңызда « Балдәурен» тобының бүлдіршіндері.

Ойын ата-аналармен «Көкөністер мен жемістерден»  ойыншықтар  жасау.

Жүргізуші  :          Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің  тойын тойлайық

Би билейік ойнайык-деп    Айжан мен  Еркеназ қыздарымыздың « Алтын күз» әні мен биші қыздарымыздың  «Лента»  биін  қарсы алыныздар.

Жүргізуші :             Ерте ерте ,ертеде

Бау-бақшасы көп өлкеде

Көкөністер жиналып

Үлкен айтыс құрыпты

        Көкөністер  туралы өлең  шумактарына кезек береміз.
Бексұлтан:     Это зрения обман

Жүргізуші :    Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді

Ертегіні жақсы көрем мен тегі —  деп  « Құмырсқа мен шегіртке» ертегісін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:             Жемістерді тердіңбе ?

Мұндай жеміс көрдің бе ?

Жемістердің айтысын

Ал тыңдайык кел бірге-деп « Жемістер» өлең шумақтарын тыңдаңыздар.

Алуа:                    Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмін
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайын
Томирис:            Мен өрікпін ірімін
Алма,алмұртқа інімін
Дастарханнын гүлімін
Сусыныңды қандырар
Салкын саумал шырынмын

Жансерік:           Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегін
Жургізуші:  Қызыға біз қараймыз

Бүлдіршіндерге  бүгінгі

Көрейікші көрермендер

«Жұп» биін тамашалап-деп « Жұп» биіне кезек береміз

Жүргізуші:   Ал балалар тұрмайық

Би билейік бәріміз

Алтын күзде бүгінгі

Шырқап әнге салайық-деп  «Балабақша»  әнін тыңдаңыздар.

Күз ханшайымы:  Балалар мен сендердің    өнерлеріне риза болдым, қош сау болыңдар .

Шат көңілді балалар

Шаршағанды білмейді

Алтын күз туралы

Мақал-мәтел айтады-деп күз туралы мақал- мәтелге

кезек берейік.

Дана:  Көктемде жерге түскен бір дән

Күзде мың дән болады.

Жүргізуші:  Құрметті ата-аналар ,ұстаздар. Берекелі мерекелі жомарт күздің

сыйлаған сыйы,әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын еліміз аман

заманымыз тыныш болсын. Бүгінгі « Алтын күз» ертеңгілігімізді көңіл қойып тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарынызды бөліп келгендеріңізге

көп –көп рахмет.  Қош сау болыңыздар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!