400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Күз кереметі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері және адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру, жемістермен көкеністердің маңыздылығы туралы кеңінен үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы:

Күз кереметі

Тәрбиешісі:

Суюндикова Райхан

Өткізілу мерзімі:

29.11.2024ж

Сынып:

8 «Б»

Мақсаты:

Білімділік: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері және адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру, жемістермен көкеністердің маңыздылығы туралы кеңінен үйрету.

Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің, егіннің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту.

Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар:

Суреттер, жемістер мен көкөністер, түрлі-түсті қалам.

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, түсіндіру.

Күн тәртібі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ресурстар

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер








Балалар, қәне орнымыздан тұрып шаттық шеңберін құрайық.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрады.

- Армысыз, Алтын күн!

- Армысыз, қайырымды Аспан-ата!

- Армысыз, мейірімді Жер-ана!

 Күліп шықты күн бүгін!

 Қуанайық, шаттанайық бәріміз!

Ал, балалар көңіл-күйлерің қалай?

Жақсы болса балалар орнымызға отырайық, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық.



Балалар қимыл көрсете отырып, бірге айтады.

Табиғат анамен  амандасып жақсы көңілмен отырады.



Көрнекіліктер














Жұмбақ











Сұрақ-жауап
















II. Негізгі бөлім
























Жұмбақ


















Дидактикалық ойын







Сергіту сәті












Суретпен жұмыс.





Дидактикалық ойын


Балалар маған айтыңдаршы бір жылда неше мезгіл бар?

Ал, кім айтады қандай мезгілдер?

Жарайсыңдар балалар!


Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдардар!

Бозарып дала,

Тоңады бала,

Астығы піскен,

Жапырағы түскен

Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Ал, ойланып толық жауап берейік. Дұрыс жауап берсеңдер сонда бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы шығады.


Күз мезгілінде кандай өзгерістер болады?










Әрине, жауаптарың өте орынды, ал олай болса кім күз туралы тақпақ біледі?



-Сонымен бүгінгі біздің тақырып “Күз кереметі”.

-Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқымы себіледі. Жаз мезгілінде егіншілер осы егін даласында аянбай еңбек етеді. Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер, көкөністер, бидай пісіп жетіледі. Егілген бір дән-мың дән болып қайтады. Сондықтанда «Күз –молшылық, береке» деп атайды.

-Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырайын деп тұрмын.
Ағайынды бәрі,
Жазда жасыл,
Күзде сары.
Ол не? (Жапырақ)

 -Неге біз күз мезгілін «алтын күз» дейміз?
-Өйткені, күзде жапырақтардың бәрі сарғайып, алтынға ұқсайды.
-Неге «жомарт күз» дейміз?
-Өйткені, күзде жемістер, көкөністер, астық, піседі. Қыс мезгіліне астығымыз дайын болады.


Қазір ойын ойнаймыз, менде себетке салынған көкеністермен жемістер бар. Сол көкөністер мен жемістерді себетке салып және дұрыс атаңдар!



Шаршаған болармыз балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Бойыңды сергек тік ұста

Емін – еркін тыныста

Деміңді ішке тез алда,

Сол қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Оң қол да бос тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын


Пішіндер салынған суреттер таратылып, қандай жеміс екенін айтады.



Тақырыпты бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз» дидактикалық ойын ұйымдастырылады.

Шарты: балалар көзін жұмып отырады. Бір ойыншы шығып жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына жасырады. Ойыншы сол жемісті,көкөністің атын айтпай сипаттайды. Жасырған жемісті, көкөністі дұрыс тапқан бала ойынды жалғастырады.


 Балалар өз жауаптарын ұсынады.

Толықтай жауап береді.







Ойлана отырып жауаптарын айтады.

(Күз мезгілі)









-Күн суытады.

-Жаңбыр жауады.

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Адамдар жылы киіне бастайды.

- Жапырақтар сарғайып түсе бастайды.

- Жеміс-жидектер піседі.



Балалар білетін тақпақтарын айтады.





Оқушылар мұқият тыңдайды.

































Жеміс пен жидектерді ажыратуға, олардың атын дұрыс атауға ниет білдіреді.





Балалар орындарынан тұрып, іс-қимылдарды қайталайды.










Балалар берілген жемістің пішінін және түсін айта отырып бояйды.





Балалар ойынды қызығушылықпен ойнауға тырысады.  Дұрыс жауап беруге талпынады.























































Түсіндіру















Көрнекіліктер

















Көкеністер, жеміс жидектер, себеттер


















Суреттер







Көкеністер, жеміс жидектер

III. Қорытынды











Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы қандай? Кім айтады? Тәрбие сағатында не туралы өттік?



Өте тамаша.Жарайсыңдар! Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.

  Балалардың жауабы:

  1. Тәрбие сағаттың тақырыбы: “Күз кереметі”

  2. Күз мезгілі туралы




Күтілетін нәтиже: Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылып, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі. Жемістер мен көкөністер айырмашылығын ажыратады.

Нені білуі керек: Күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі. Үлкендер еңбегін құрметтеуді.

Нені игереді: Дидактикалық ойындар ойнап, жұмбақтар шешеді.


 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.01.2025
160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі