400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Күз кереметі!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер түлерімен таныстыру. Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін:____________

МКҚК №42«Айналайын» балабақшасы

Меңгеруші: Шугаева Н.Г








«Күз кереметі!»

«Күншуақ» мектепалды тобы
















Тәрбиеші: Жусупова А.О



2026 оқу жылы


Picture 2



МКҚК №42 «Айналайын»балабақшасы



Тақырыбы: «Күз кереметі»

«Күншуақ» мектепалды тобы


Picture 2 Picture 2

Тәрбиеші: Жусупова А.О





Тақырыбы: «Күз кереметі»


Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер түлерімен таныстыру. Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Көрнекіліктер: Жапырақтар,гүлдер, бұлттар, жаңбыр тамшылары, саңырауқұлақтар.

Кейіпкерлер: Күз ханшайымы, Саңырауқұлақ.

Барысы:

Тәрбиеші: Қайырлы күн! Армысыздар құрметті тәрбиешілер мен балақайлар! «Балапан» кіші тобының «Күз кереметі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәрбиеші: Міне, күзде келді, күн суытып, жаңбыр жауып, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады.Ендеше ортамызға күз ханшайымын шақырайық.

/әсем әуенмен күз ханшайымы келеді/

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме , балақайлар!

Ырысқа толы қоймалар,

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртын майланар.

  • Сендер мені шақырдыңдар ма?

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы, қош келдіңіз! Ия, күз ханшайымы біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалауға шақырдық.

Балалар айналамызға қарайықшы қандай әдемі жапырақтар, сары түске боялған. Айналамыз әдемі, күн де тамаша, жақсы көңіл күймен қонағымызға ән салып берейік.

Ән: «Күзгі жапырақтар»

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар. Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Алтын күз мерекесі.

Күз ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Айнала сап – сары жапыраққа толы екен. Балалар сендер күз туралы, көкөніс, жеміс – жидек туралы тақпақ білесіңдер ме? Мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы біздің балалардың өнері көп ән айтуды, би билеуді, тақпақта айта алады.Қәне, балалар күз ханшайымына өз өнерімізді көрсетейік.

Би: «Балапан» кіші тобының орындауында «Тучка» биі

Күз ханшайымы: Қандай тамаша балалар!

Тәрбиеші: Күз ханшайымы! Ендеше бізідің өнерлі балапандарымыздың , әдемі таппақтарын тыңдап көрсеңші.! Балалапандарымыздың орындауында таппақтар.

Күз туралы:

Інжу

Күз байлық береке

Алтын күз мереке

Айша

Келді міне күз

Айналасы сары түс

Медина

Керемет, тамаша

Қандай әсем күз!

Айя

Осень, осень не спеши

И с дождями подожди!

Күз ханшайымы: қандай тамаша таппақтар, жарайсыңдар балалар! Ендеше балалар мен сендермен «Сары жапырақтар» ойынын ойнағам келіп тұр, бірге ойнаймыз ба?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: олай болса мен сендерге ойын шартын түсіндіріп өтейін!

Ойын шарты: балалар топқа бөлініп, әр топқа бір себеттен беріледі, сол себеттерді, жерде шашылып жатқан саңырауқұлақтарды жинап себеттерді толтыру.(ойын шарты бойынша балалар белсене ойынды ойнайды.)

Күз ханшайымы: өте тамаша балалар, өте белсенді екенсіңдер, жарайсыңдар . Осы белсенділіктерің үшін мен сендерге жемістер сыйлаймын. (Жемістер сыйлайды) балалар сендер жемістер туралы тақпақтар білесіңдерме?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Күз ханшайымы , біздің балалар өте зерек жемістер туралы да тақпақтар айта алады.

Жемістер:

Алма.

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім

Алмұрт

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын

Жүзім

Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім

Өрік

Өрікпін, мен өрікпін

Бау – бақшаға көрікпін

Шие

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.


Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Сендер көптеген тақпақ біледі екенсіңдер.Қараңдаршы балалар, мына жерде көптеген көкөністер мен жемістер бар: мынау картоп, бұл пияз, міне қияр, қараңдар қарбыз, сәбіздер де бар екен. Біздің бөбекжайымыздың бақшасында сәбіздер көп екен.

Ендеше, «Сәбіз жинау» ойынын ойнайық. Сәбіз ұзын , түсі сарғылт болады.

Ойын шарты: Екі топқа бөлініп сәбіздерді себетке жинауымыз керек. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.

Тәрбиеші: Айдана апайымен қыздардың биіне кезек берейік.

Би: «Жапырақтар»

Күз ханшайымы: Жемістер жақсы етіп тақпақтарын айтты.Көкөністерде сендерде өз өнерлерінді көрсетіңдерші.

Көкөністер:

Күріш

Күнді сүйген күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын

Сұлы

Мен сұлымын, сұлымын

Тұлпарына ұнадым

Сәбіз

Өсіретін бойынды

Дамытатын ойыңды

Картоп

Картоп біздің атамыз

Жер астында жатырмыз

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар. Сендер сәбіз жинау ойының жақсы ойнадыңдар. Менімен «Күн мен түн» ойының ойнауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия ,дайынбыз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар! Сендер ақылды, өнерлі, жан – жақты бүлдіршіндер екенсіңдер.Мен сендердің өнерлеріңе риза болдым.Ал, балалар мен кетейін.Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз, күз ханшайымы!

Тәрбиеші: Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Жаңбыр жауады, күн салқын болады, жапырақтар сары болады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, жапырақ сары түске боялып жерге түседі,адамдар қалың киініп жылы жүреді.Балалар қараңдаршы орманда саңырауқұлақтар көп екен.Олар үлкен боп өсіп келеді.Алыстан бізге саңырауқұлақ билеп келе жатыр.

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіздер ме, балалар, мен саңырауқұлақпын.Сендер менің кішкентай саңырауқұлақтарымды көрген жоқсыңдар ма? ( айналаны қарап жүреді)

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, саңырауқұлақ мырза.Әрине көрдік олар осында бізбен бірге алтын күз мерекесін тойлап жатыр.

Саңырауқұлақ: Балалар сендерге көп рахмет.Менің кішкентай саңырауқұлақтарымды тауып бердіңдер.Мен өз ризашылығымды білдіріп сыйлығымды ала келдім, апайларыңа берейін.Қәнекей, мен сендерге кішкентай саңырауқұлақтарыммен би билеп берейін.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Тәрбиеші: Саңырауқұлақтар сендер әдемі билеп бердіңдер.Сендерге арнап біздің балалар ән салады.

Ән: «Балақан»

Саңырауқұлақ: Балалар менің көңілімді көтеріп ән айтып, би билеп,менің кішкентай саңырауқұлақтарымды тауып бердіңдер сендерге көп – көп рахмет.Келесі кездескенше сау болыңдар!

Тәрбиеші: Біздің балалар әрқашан көмектесуге дайын тұрады.Алтын күз мерекесін бізбен бірге тойлағандарыңызға рахмет.Сау болыңыз!

Күз кереметі атты тәрбие сағатымызға қатысқандарыңызға көп рақмет.

Сау болыңыздар!


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.09.2026
69
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі