400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күз кереметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал орта буын оқушыларына, бастауыш буын оқушыларына қосымша материал ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО, Семей қаласы «Семей қаласының 37 гимназиясы» КММ

7«А» - сынып оқушысы Қайроллаева Камила Сәбитқызы



Күз кереметі

Міне, жаңбырлы күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілінде айнала сары түске боялады. Жасыл, сары, қызыл түстердің бірлесуі арқылы табиғат әсемдене түседі. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Күзде бақтағы жеміс-жидек пен көкөністер пісіп бау-бақша жиналады. Ең пайдалы дәрумендерге бай тағамдармен қоректенетін сәт те осы кезде туады.

Інім екеуіміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс уақыты болса да, аспан түнеріп тұр. Сәлден соң күн шықты. Күңіренген бұлттар тарқап, айнала құлпырып, әсем күйге енді. Інім екеуіміз сыртқа шықтық. Біз бақ ішіне кірдік. Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып-тыныш. Жаздағыдай құстардың әсем үні естілмейді. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың сылдырлаған дыбысы бақтың тыныштығын бұзғандай. Ауа- райы бұзыла түсті. Көгілдір аспанға шыға келген бұлттар бірте-бірте қоюланып, жаңбырдың лебі есті. Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, шатырды, қаға жөнелді. Көше іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Үстіміз малмандай су болып, үйге кіре бергенде, жаңбыр да сап тиылды. Күздің бүгінгі күні бізді расымен де таң қалдырды. Біз үшін күз – ең керемет мезгіл. Бүгінгі күздің көрінісі көз алдымда қашанда сақталады. Бұл мезгіл мен үшін таңғажайып табиғатымен, құбылысымен ерекше.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.11.2018
1107
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі