Информатика пән мұғалімі: Байшураева Сандуғаш
Вариативтік компанент: Компьютерлік сауаттылық.
Тақырыбы: Күз кереметі сурет салу.
Мақсаты: Сурет салу редакторымен сурет салу.
Көрнекілігі : Үлгі суреттер, компьютер,слайд, үнтаспа
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру ,үйрету , көрсету, қайталау
Билингвистикалық компонент: күз-осень- autumn, сары-желтый-yellow, қызыл-красный- red , жапырақ – листья – leaves, ұя – гнездо- nest
|
Оқу қызметі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық түзетушілік Ұйымдастыру іздестіру Сергіту сәті Рефлексивтік түзетушілік |
-Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты. Олай болса , барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық. -Сәлеметсіңдерме? -Көңіл күйлерің қалай? Олай болса ортаға жиналып шаттық шеңберін құрайықшы. Қуан, шаттан алақай! Қуанатын күн туды. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлеметсіңдерме қонақтар! Жарайсыңдар балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар бұл ненің даусы? (желдің дыбысын әуенмен тыңдайды) Ал мынау ненің даусы? (жаңбырдың дыбысын әуенмен тыңдайды ) Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі? Иә,дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар? Қазір қай ай? Күз мезгілінде ауа райы қандай болады? Күз мезгілінде тағы қандай ерекшеліктер бар? Жапырақтардың түсі қандай болады? Күз мезгілінде егін орып, көкөністерді жинаймыз. Құстардың көбісі жылы жақа ұшып кетеді. Ал, кейбір құстар осы жақта қалады. Адамдардың барлығы жылы киімдерін киеді. -Ендеше балалар , барлығымыз көзімізді жұмып , күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші. Тыныштық сәті (жәй әуен ойналады) -Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға келе жатырсыз. Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл-сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың кейбіреуі қолшатыр ұстап барады. -Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Балалар, қанша күн суық болсада ,әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен Ғажайып сәт -Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі? Есікті қағып «Қарға» кіреді. -Сәлеметсіздер ме, балалар! «Қарға»: Балалар , манадан бері сендердің күз мезгілі туралы айтып жатқан әңгімелеріңді , тақпақтарыңды естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар. -Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме? -Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап , жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық. Қарға сіздің тағыда тапсырмаңыз барма балаларға? -«Қарға»: - Балалар енді осы құрастырған суретті компьютерге салындаршы. Қане балалар Paint редакторын ашайықшы. Осы суретті салайықшы. Ол үшін дайын пішіндерді алып, жұмыс алаңына әкеліп қою арқылы саламыз. Бірінші астыңғы бөлігін саламыз. Ол үшін төртбұрыш пішінін әкеліп жұмыс алаңына қоямыз. Содан кейін үстіңгі бөлігін қоямыз. Ол үшін үшбұрыш пішінін әкеліп төртбұрыш пішінінің үстіне орналастырамыз. Балалар енді осы суретті бояймыз. Боядықпа балалар? -«Қарға»: - Өте жақсы балалар , мен сендердің жұмыстарыңа риза болдым. Енді мен қайтайын . Сабақтарыңды жақсы оқып , тәртіпті болыңдар. Сау болыңдар. Балалар шаршаған боларсыңдар. Орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайық! Теледидарға назар аударып сергіту жаттығуын қайталап жасаймыз. Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнадыма? Бүгін біз қай мезгіл туралы білдік? Балалар енді бағанағы жасаған ұямызды мына ағашқа ілейікші Балаларды оқу қызметіне белсене қатысқаны үшін мақтау, мадақтау. |
Сәлеметсіздерме? (балалар үш тілде амандасады) Жақсы Балалар шаттық шеңберін құрды Желдің Жаңбырдың және найзағайдың Күз Үш ай бар Қазір қараша айы Жаңбыр жауады, күн суық болады, найзағай ойнайды Сары, қызыл Балалар көздерін жұмып күз мезгілін көз алдарына елестетеді Иә Сәлеметсізбе Жоқ Балалар ұяны дайын пішіндермен құрастырды Иә Балалар Paint редакторымен сурет салып бояды Иә Сау болыңыз Балалар теледидарға қарап сергіту жаттығуын жасады Иә Күз мезгілі Балалар жасаған жұмыстарын ағашқа ілді Балалар қуанды |
Күтілетін нәтиже
Paint редакторын түсінеді. Paint редакторы арқылы құстарға ұя салуды біледі. Тышқанды дұрыс қолдануды біледі. Paint редакторы арқылы түстерді дұрыс ажыраиа алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күз кереметі сурет салу.

шағым қалдыра аласыз