«Күз кереметі» тақырыбындағы сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күз кереметі» тақырыбындағы сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
дефектология дефектолог сабақ жоспары 1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты:

Білім саласы: дефектология

Сыныбы: 1

Сабақтың тақырыбы: Күз кереметі

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:. Балалардың күз туралы түсінігін кеңейту.Алтын күздің ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

Білімділік: Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы және күз мезгілінің астық, жеміс - жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінен білім беру.

Тәрбиелік: Табиғатты тани білуге, табиғатты сүюге бағалай білуге тәрбиелеу.Еңбекті сүюге ,табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Коррекциялық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, өздіктерінен жұмыс істеп қорытынды шығаруға

машықтандыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын, сұрақ- жауап.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: күз көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, жеміс-көкөністер,үнтаспа.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Табиғат күлімсіреп күніменен,

Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен.

Көркіне көз тоймайды табиғаттың,

Сұлулықты сүйе біл шыныменен.


1. Қазір жылдың қай мезгілі?

2. Күз айларын ата?

3. Күз айларында қандай мерекелер бар?

4. Күз айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?

5. Күзде нелер пісіп жетіледі?

6. Адамдар күз мезгілінде қандай жұмыстар атқарады?

7. Жануарлар тіршілігі туралы не білеміз?

Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина» Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.

Жұмбақ шешу

Аспай піскен

Қайнамай түскен.

Шешуі: Жеміс

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады.

Шешуі: Пияз

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні.

Шешуі: Сәбіз

Алтын сары тоны бар

Қойында дәні бар

Не екенін тауып ал (бидай)

Қызыл, сары кемелер,

Су бетінде қалқиды,

Соқса егер салқын жел

Ырғалады толғиды. /Жапырақ /

Қорытынды:

Сұрақтарға жауап беру, күз мезгілін бейнелейтін сурет құрастыру.

1. Халық күзді не себепті «Жомарт күз» деп атаған?

2. «Алтын күз» деп ше?

3. Қара күзде табиғат қандай болады?

Бағалау.Балаларды мадақтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2018
2239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі