400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күз кереметтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы шағын сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Табиғат кереметтері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру;
Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншлігін арттырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: слайд, табиғат суреттері, видеороликтер және т.б.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақ басталмас бұрын оқушыларға танымдық видео көрсету.

Сабақ барысы: Балалар , біз бүгін табиғат әлеміне саяхатқа шығамыз.

-Табиғат дегеніміз не?

-Табиғатқа біз не береміз?

-Табиғаттың адамға қандай пайдасы бар?

Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аяулы бесігі, құтты қоныс мекені мен өсіп – өнер мекені. Табиғат адам бойына күш қуат, көңіліне шабыт, сезіміне лаззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік иесі. Табиғат өте бай. Табиғат бізге ауаны, суды, жерді, пайдалы қазбаларын, өсімдіктерін, жан – жануарларды, тау – тасымызды, орман – тоғайымызды беріп отыр. Сондықтан да балалар біз табиғат байлықтарын ысырапсыз, орынсыз қолдануға болмайды. Мысалы: ағаштарымызды кесуге, өртеуге, суды ластауға, аң – құсымызды атуға рұқсат жоқ. Егерде кімде – кім осылай жасаса заң алдында жауапқа тартылатын болады. Балалар, табиғат екіге бөлінеді: өлі және тірі табиғат. Тірі табиғатқа адамнан бастап барлық тіршілік иесі аңдар, құстар, жануарлар жатады, ал өлі табиғатқа жансыз заттар жатады. Табиғат сұлулығын суретшілер сурет салса, ақындар өлеңдер жазған, ал сазгерлер ән шығарған. Ендеше, табиғат жайлы білімдеріңді байқап көрейік.

1 кезең: Табиғат пен адам жайында не білеміз қане ортаға салайықшы?

Диас:

Адам – табиғаттың бір бөлігі. Адамның өмір сүруі үшін ауа, су, азық, жарық және жылу қажет. Ол басқа жанды табиғат денелері сияқты туады, өседі, ұрпақ таратады, қартаяды және өледі.


Ақжан:

Адам – ақыл иесі. Оның жануарлардан айырмашылығы саналы түрде ойлануында. Адам тік жүреді, сөйлейді, ойлайды, өзінің іс – әрекеттеріне қорытынды жасайды.



Алина:

Табиғатты аялау бүкіл адамзаттың міндеті. Онда менің де үлесім бар. Барлық адам осылай ойлайды деп білемін.

Саяжан:

Енді өз жеріміздің табиғатына келсек, өзеніміз, тоғайымыз қазір құрып бара жатыр. Адамдар тоғай мен ормандарды, ағаштардың көп бқлігін өзінің қажеттілігіне жарату мақсатында отап тастады.


Мадина:

Ағаштарды көп егемін, жасыл желектерді күтемін. Жұлған, сындырған адамдарды тәртіпке шақырамын.


Аяулым:

Өзім отырған, тұрған жердің тазалығын сақтаймын!


Санжар:

Табиғат аясында отбасыммен демалғанды, қыдырғанды ұнатамын.


2 кезең. Табиғаттың бір бөлігі – су. Ал, су туралы не білеміз?


Нұрай:

Табиғаттың көркін ажарландыратын, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Қазақта судың қасиетіне байланысты «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Судың да сұрауы бар», «Сулы жер, нулы жер», «Су ағасы бұлақ», «Жер қазына, су - гауһар», «Су жоқ жерде өмір жоқ», «Су – тіршілік көзі» деген көптеген нақыл сөздер бар.


Бауыржан:

Су – біздің ғаламшарымыздағы маңызы зор сұйық зат. Су бір күйден екінші күйге ауысады. Жер бетіндегі көптеген заттар сұйық, қатты, газ түрінде кездеседі. Ал, осы су үш күйде де болады. Олар: қатты, сұйық және газ күйінде кездесетін ерекше зат.




Мирас:

Жер бетіндегі су құрлықтан үш есе көп. Олар: мұхит, теңіз, өзен, жасанды су қоймалары, батпақ, бұлақ сулары. Су көптеген өсімдіктер мен жануарларға керек. Жер бетіндегі жанды табиғаттың бәріне де су қажет.

Ясмина:

Су түссіз, мөлдір, оның дәмі, иісі болмайды. Су адам өміріне, жануарларға және өсімдіктерге қажет. Адамның кейбір әрекеттері суды ластауы мүмкін. Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс.


Сергіту сәті: Би, билейік!


3 кезең: Жануарлар, аңдар, таулар жайында не білеміз?


Аяжан:

Жануарлар екіге бөлінеді. Үй жануарлары және жабайы жануарлар. Үй жануарларына: сиыр, ешкі, қой, жылқы, бұзау. Ал, жабайы жануарларға орманда мекендейтін жабайы аң – құстар, жатады. Мысалы: аю, арыстан, ақбөкен, қасқыр, керік, барыс, кірпі, борсық, сарышұнақ, қабан, бұғы, түлкі, жолбарыс, және т.б.


Данияр:

Қазақстанда көптеген таулар бар. Тянь – Шань, Алатау, Қаратау, Алтай, Жоңғар алатауы, Іле алатауы, және т.б. Тянь – Шань шыршасы Іле алатауының беткейінде 1500 – 2000 метр биіктікке дейін өседі. Шыршаның ағашы көптеген құнды қасиеттерге ие. Сондықтан оны ертеде құрылысқа пайдаланған. Содан ол азайып кетті. Қазір оны заң бойынша қорғайды.


4 кезең: Топырақ пен өсімдік өнімдері жайында не білеміз?


Дарын:

Топырақ – жердің беткі құнарлы, борпылдақ қабаты. Топырақтың құрамында әртүрлі заттар болады. Топырақтың құрамында құм, саз, майда тастар, өсімдіктер мен ұсақ жануарлардың шіріген қалдықтары болады. Топырақта ауа мен су да бар. Топырақтың түсі, иісі, тығыздығы әртүрлі болады.


Алина:

Кейбір құрттар мен бунақденелілер топырақ арасында тіршілік етеді. Адамдар топырақты әртүрлі жолмен пайдаланады. Олар топырақта өсімдіктерді, жеміс – жидектерді өсіреді, құрылысқа да пайдаланады.


Даулет:

Өсімдік – тірі организм. Тірі организмдер өседі, дамиды және өледі. Тірі организмдер күн көзінің жарығын, жылуын пайдаланады. Әр топқа енетін өсімдіктердің түрлері өте көп. Ағаштар: қайың, емен, көк терек, алма ағашы, қараағаш, жөке, терек, және басқа. Бұталар: қарақат, таңқурай, итмұрын, қарақарақат, жыңғыл, бөртегүл және тағы басқа.




Санат:

Қай заманда болмасын адам өсімдік өнімдерін тағамдық жағына қоса, емдік қасиеттеріне көп көңіл аударған. Біздің денсаулығымызды қорғауға болатын дәрілік өсімдіктердің орны ерекше.


Нұрлы:

Өсімдік ауадағы шуды, шаң – тозаңды бәсеңдетеді. Таза ауа бөліп, ауаны тазартады. Шаң – тозаңды, шуды өз бойына сіңіріп тұрған, орман мен жасыл желек өсімдіктері.


5 кезең: Құстар жайында білетініміз бар ма екен?

Арнұр:

Жер бетінде 8600 – дей құс түрі бар десек, біздің елімізде оның 500 – дей түрі кездеседі. Құс өсіретін көптеген фермалар бар. 25млн 606 мың құс өсіріліп, ел игілігін көруде. Құстар: үй құстары, су құстары, жыл құстары, қыстайтын құстар болып бөлінеді.


Елімнұр:

Үй құстарына: тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек, күркетауық, және т.б.


Айберген:

Су құстарына: тырна, аққу, үйрек, шағала, бірқазан, қоқиқаз, аққұтан, т.б.


Санжар:

Жыл құстары: қарлығаш, үйрек, қаз, тырна, аққу, көкек, тоқылдақ, және т.б.


Руслан:

Қыстайтын құстар: қарға, кептер, ала қарға, суық торғай, жапалақ, үкі, бүркіт, ұлар, және т.б.


Іңкәр:

Тырна – өте сақ құс. Ол су құсы. Су қатқанда күздің соңында қайтады. Аспанда бұрыш жасап, тізбектеліп ұшады.


Эльанора:

Аққу – асқан сұлу, ақылды, аса талғампаз, тәкаппар құс. Оны құс біткеннің төресі немесе құс патшасы дейді.


Темірлан:

Бүркіт – батыл да ұшқыр, тұмсығы өткір, ірі денелі жыртқыш құс. Таулы аймақтарда өмір сүреді. Бүркітті құс падишасы немесе құс тәңірі деп атайды.


Нұрлы:

Балықшы – Ертіс өзенінің бойын мекендейді. Тұмсығы имек, тырнақтары өткір. Суда жүзген балықтарды биіктен ұстайды.

Мирас:

Дуадақ - басы, мойны сұр, арқасы жирен, бауыры, қанаты ақ, мықты құс. Ол 1800 – 2000 метрге дейін ұшады. Дуадақ зиянкес жәндіктермен, арам шөптермен қоректенеді.


Мадина:

Тоты – түсі құлпырған, имек тұмсықты құс.

Тарғақ – жыл құсы, ол жерді шұңқырлап, жусан мен басқа шөптерді төсеп ұя жасайды. Ол – пайдалы құс. Ол «Қызыл кітапқа» еніп, қорғауға алынған.


Аяулым:

Табиғат ажары болған жануарлар мен құстардың, гүлдің атын ұл – қыздарға қойған. Қарлығаш, Лашын, Құралай, Раушан, Жауқазын. Батырларын сұңқарға, әнші қыздарын – бұлбұлға, сұлу қыздарын – аққуға теңеген.


Темірлан:

Жер бетінің апатқа ұшырамауына зор үлес қосатын қанатты достарымызға қамқор болайық, балалар!



6 кезең: Топпен жұмыс: (Осы кезде табиғат туралы видео қосулы тұрады)

1 топқа: Табиғатқа, ағаштарға, суға, құстарға байланысты тыйым сөздер айту.

Құс ұясын, құмырсқа илеуін бұзба.

Суды ретсіз шашып ысырап етуге болмайды.

Ағашты кеспе.

Аң патшасы арыстан мен жобарысты атпаған.

Аюларды көп ауламаған.

Аққуды атпаған.

Көк шөпті жұлма.

Қарғысы қатты деп жапалақ пен жарқанатқа тиіспеген.


2 топқа: Табиғатқа, ағаштарға, суға, құстарға байланысты мақалдар айту.

Мақал жазу

3 топқа: Көрініс қою «Күн мен Түн»

Күн:

Сәулесі мол Күнмін,

Түн:

Жұлдызы көп түнмін,

Екеуі бірге:

Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз бүгін біз.

Түн:

Ал ертең күн ұзақ,

Күн:

Түн қысқарар бірақ.

Екеуі бірге:

Ұйқыларың қанбай қап,

Жүрмеңдер бірақ.





Соңғы бөлім: Табиғат жайында сөзжұмбақ жасыру.
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
765
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі