жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Күз көрмесіне саяхат
Күз көрмесіне саяхат
Қолдарына жапырақ ұстаған балалар залға кіреді және жартылай шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші:
Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат-шадыман күз келді.
Шатыр тікті сары алтын.
Балалар өлең оқиды.
Шартараптың бәрі алтын,
Алып келді мереке,
Астық, жеміс береке.
Батырлыққа жараса,
Көбейді той тамаша
Ән салды өзен, тал-құрақ,
Шашу болды жапырақ.
Күз келді де, күз келді,
Күдерін жаз үзгенді.
Күз де келді, күз келді,
Көкте бұлттар жүзді енді
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау
Алтын, сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ
Алтын сары қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ,
Сапырды дән алтын күз,
Сабан тойы салтымыз.
Күздің салқын самалы,
Аймалайды маңайдан,
Алып қашып барады,
Жапырақты сарғайған.
Алтын, алтын, сары алтын,
Бірге: Алтын күзде нұр жатыр.
Ән. «Күзгі вальс»
Бала:
Көктемде егін егетін,
Күзде жиын беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Би. «Күзгі жапырақтар»
Биден кейін балалар шеңбердегі орындарына отырады (бұл жерге түскен жапырақтар). Осы сәтте қолына сыпырғы ұстаған аула сыпырушы кіреді.
Аула сыпырушы:
Ох, жұмыс көп еді неткен:
Жапырақтар жерге түскен!
Тезірек сыпырып тастайын,
Тазалықты сақтайын!
Сыпырайын, сыпырайын (сыпырады)
Жапырақтарды жинайын!
Бала-жапырақтар бір жерге жиналады.
Аула сыпырушы:
Сыпырдым мен жолдың бәрін,
Болды енді, көрейін әрі!
Аула сыпырушы томардың үстіне отырып, ұйықтап қалады. Бала-жел жүгіріп шығады.
Жел:
Мен-күзгі Самал желмін,
Аралаймын талай елді.
Мен әлемді аралаймын,
Жапырақтарды ұшырамын.
Жел балаларды айнала жүгіреді, бала-жапырақтар залға шашырайды және үлкен шеңберге отырады. Аула сыпырушы оянады.
Аула сыпырушы:
Мәссаған, мынаған қара:
Жапырақтар шашылыпы!
Сыпырғымды алайын мен,
Жинайын қайта жапырақтарды.
Мен сыпырамын, сыпырамын,
Жапырақтарды жинаймын.
Бала-жапырақтар бір жерге жиналады.
Аула сыпырушы:
Жолдың бәрін сыпырдым,
Ох, мен қатты шаршадым!
Аула сыпырушы томарға отырады да, ұйықтап қалады. Бала-жел жүгіріп шығады.
Жел:
Мен-күзгі Самал желмін,
Жолым өте алыс менің.
Мен әлемді аралаймын,
Жапырақтарды ұшырамын.
Жел балаларды айнала жүгіреді, бала-жапырақтар бүкіл залға шашырайды және шеңбер жасап отырады. Аула сыпырушы оянады.
Ах, неткен сотқар жапырақтар,
Өте жарқын, әдемі.
Ұшпаңдаршы, тоқтаңдар,
Әйтпесе, ұстап алам бәріңді!
Аула сыпырушы балаларды қуалайды, олар қашып, өз орындарына барып отырады және жапырақтарды орындықтың астына жасырады.
Аула сыпырушы:
Мен көп жүгірдім, шаршадым,
Бірақ, жапырақтарды ұстамадым.
Жолдың бәрі шалшық-шалшық,
Аула сыпырушы енді керек емес,
Осы жерден кеткенім дұрыс,
Сау болыңдар, достарым!
Жүргізуші: Міне, күзгі жапырақтар осындай, өте өжет, оларды ешкім ұстай алмайды.
Балалар өлең оқиды.
Қараңдаршы, балалар,
Күзгі жәрмеңке ашылды.
Ол суретші секілді,
Жер беті күз кілемін жамылды.
Бақшаларымыз алуан түрлі,
Жеміс-жидектерге толды.
Күздің сыйы мол болды,
Жапырақтар сарғайды.
Жүргізуші: Расында да, балалар, күзді суретші деп атасақ болады: ол барлық түстерді аса шеберлікпен араластырды, айналадағының барлығын үйлестіре білді. Біз сіздермен бірге күз көрмесіне дәл түскендейміз. Бірақ, күздің сыйын көрсетуге бізге кім көмектеседі?
Көңілді музыкамен залға Суретші кіреді.
Жүргізуші: Неткен керемет әуен! Кешіріңіз, сіз Суретшісіз бе?
Суретші: Әрине!
Палитра мен мольберт-менің достарым,
Нағыз адал, көп жылғы достарым!
Жүргізуші: Сіз біздің күз көрмесіне экскурсия жасауымызға қол ұшын созбас па едіңіз?
Суретші: Әрине...мен сендерді күз көрмесімен қуана-қуана таныстырамын. Бірақ менің бір құпиям бар: көрмедегі барлық суреттердің өзіндік ерекшелігі бар. Мен өзімнің сиқырлы шашағымды сермесем болды, оларға бірден жан бітеді!
Суретші жаңбырдың, қолшатырдың суретін мольбертке орнатады да, шашағын сілтейді. Балалар осы кезде өлең оқиды.
Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жарқырап тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Жүргізуші: Жаңбыр бәрін су қылды, күн неткен салқын!
Суретші: Бұл ештеңе емес! Енді мен өзімнің сүйікті галоштарыммен ойнаймын.
Ойын. «Көңілді галоштар»
Еденге «қатты қағаздан» ойылған балшықтар қойылады. Балалар 4-5адамнан 2команданы құрады. Музыканың сүйемелдеуімен балалар кезек-кезегімен галоштарды киеді де, «балшықты» айнала жүгіреді де, өз командасына оралады. Тапсырманы тез орындаған команда жеңіске жетеді.
Суретші: Балалар, сендермен кездескеніме қуаныштымын. Сендерге тағы ненің суретін салып берейін?
Балалар:
Сізден өтініп сұраймыз,
Суреттеп беріңізші Күзді!
(Суретші мольбертке күз жапырақтарының суретін қояды да, сиқырлы шашағын сілтейді.)
Музыканың сүйемелдеуімен залға Күз кіреді.
Күз:
Қайырлы күн, достарым,
Таңғажайып табиғат алмасуын,
Суретшінің көзімен бақылап қал.
Қарашы, күрең қабақ күзге мынау,
Қынадай қалыңдапты түзде мынау.
Боз бұта, қызыл қурай сылдыр қағып,
Жарыса, соғылғандай жүз қоңырау.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ма, қонақтар! Сәлем, менің досым-Суретші! Сендердің менің күзгі көрмеме саяхаттауға келгендеріңе өте қуаныштымын.
Жүргізуші: Күз, біз сені көп күттік және саған көптеген сыйлықтар дайындап қойдық. Біздің әнімізді тыңдашы.
Ән. «Алтын күз»
Суретші (сиқырлы шашағын сермейді).
Күзгі жапырақтардан шеңбер жасап,
Ойын ойнайтын уақыт та жетті.
Ойын. «Жапырақтардан шеңбер жаса»
Жүргізуші еденге қағаз жапырақтарды қояды: үйеңкі, емен және қайыңдікі. Балалар музыканың сүйемелдеуімен залдың ішінде шашырай жүгіреді, музыка аяталғанда бір-бір жапырақтан көтереді және өз шеңберлеріне тұрады. Қолдарына үйеңкінің жапырақтарын ұстаған балалар-үйеңкі жапырақтарынан жасалған «шеңберге», қайыңның жапырақтарын ұстағандары-қайың жапырақтарынан құрылған «шеңберге», емен жапырақтарын ұстағандары-емен жапырақтарынан жасалған «шеңберге» жиналады.
Суретші көкөністердің суреті салынған картинаны қояды.
Бала:
Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе,
Сыңсып бағың мәуелеп.
Жүргізуші: Енді барлығыңды көкөністермен ойын ойнауға шақырамын.
Ән-ойын. «Көкөністер»
Балалар шеңберге тұрады да, ән айтады. Әрбір шумағынан кейін шеңберге шығады да, кезек-кезек көкөністердің маскасын киіп билейді.
Жүргізуші: Осылайша, біздің мерекеміз де аяқталды. Суретші мен Күз, бізге күз көрмесін аралатқандарыңыз үшін көп рахмет.
Суретші: Маған сендермен бірге саяхат жасау өте қатты ұнап қалды: сендер өте көңілді, мейірімді және тату балалар екенсіңдер. Бірақ, қоштасатын уақытта жетті. Қысқы және көктемгі көрмеде кездескенше!
Күз: Балалар, керемет мереке сыйлағандарыңа рахмет! Мен сендерге күз жемістерін сыйлаймын.
Күз балаларға алма немесе алмұрт таратып береді, балалар тобына оралады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген