400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күз. Күзгі ағаштар.

Материал туралы қысқаша түсінік
күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Емен және үйеңкі ағашымен таныстыру. Емен және үйеңкі ағашының жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажыратып, атай білуге үйрету. Олардың жапырақтарының түсіне назар аударып, жазғы уақыттағы жапырақтармен салыстыру. Ағаштардың экологияға оңды әсерін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: «Балауса»

Тәрбиешінің аты-жөні: Матнаева Ж.А.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Жаратылыстану

Мерзімі: 22.09.2017ж

Тақырыбы: Күз. Күзгі ағаштар.

Мақсаты: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Емен және үйеңкі ағашымен таныстыру. Емен және үйеңкі ағашының жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажыратып, атай білуге үйрету. Олардың жапырақтарының түсіне назар аударып, жазғы уақыттағы жапырақтармен салыстыру. Ағаштардың экологияға оңды әсерін түсіндіру.



Қолданатын көрнекі құралдар: ағаштардың суреттері



Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Сендер табиғаттан қандай өзгерісті байқадыңдар?

  • Дұрыс байқапсыңдар, тағы қандай өзгерістер болады?

Тәрбиеші балаларға күз маусымының өзгерістері туралы қосымша ақпарат береді.



  • Күз мезгілі?

  • Күн қысқара бастады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр құстар жылы жаққа ұшады.

  • Ауа райы суытады, жаңбыр жауады.

Ұйымдастыру-

іздену




































Балалар, қараңдаршы, өсіп тұрған ағаштардың ішінде сендерге таныс ағаш бар ма, ол қандай ағаш? Қайың ағашы туралы қосымша сұрақтар қойылады. Ағаштың түрлері көп. Мына екі ағашқа назарударыңдаршы. Екі ағаш бір-біріне ұқсай ма, әлде өзгешеліктері бар ма?

Мынау – үйеңкі ағашы. Үйеңкінің жапырақтары пішіні жағынан әртүрлі, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Маусымға байланысты жапырақтарының түсі өзгереді. Қазір үйеңкі ағашының жапырағының түсі қандай болып тұр?

  • Үйеңкі ағашы ерте көктемде гүлдейді, жазда жемісін беріп, күзде жемістері піседі. Бұл ағаштың жапырақтарын көгалдандыру жұмысына қолданады. Балалар, қараңдаршы, үйеңкі ағаштары қай жерлерде өсіп тұр? Яғни, балалар, үйеңкі ағашы күн көзінде де, немесе ала көлеңкеде де өсе береді.суыққа төзімді және ылғалды өте жақсы көреді, сондықтан не істеуіміз керек екен?

  • Енді, балалар, мына бір ағашқа қараңдар, бұл қалай аталады, кім біледі?

  • Бұл – емен ағашы.

  • Қане, емен ағашын қарап көрейіп, қандай екен?

  • Үйеңкі ағашына қарап көрейік жуан ба, әлде жіңішке ме? Енді жоғары қарап , екі ағаштың биіктігін салыстырайық. Қайсысы биік қайсысы аласа? Жапырақтарының пішіні қандай?

  • Емен ағашы да жеміс береді, кәне, еменнің жемісін кім көрсетеді және оны қалай атайды?

  • Балалар ағаштар жанды табиғатқа жата ма, әлде жансыз табиғатқа жата ма?

  • Неліктен олай ойлайсыңдар?

  • Олардың өсуі үшін не қажет?

  • Ағаштардың адамдар үшін қандай пайдасы бар?

«Жапырағынан таны» ойыны:

Ойын шарты бойынша 1. Әртүрлі ағаштардың жапырақтарын жинайды. 2. Жинаған жапырақтарының ішінен үйіңке және емен ағаштарының жапырақтарын тауып, сипаттап береді.

Сергіту сәті



Бірдей емес, өзгешелігі бар (балалар екі ағаштың айырмашылықтарын айтуға тырысады).







  • Сары, қызғылт түс





Ашық алаңда және көлеңкелі жерде өсіп тұр.



Жиі суғарып тұру керек. Балалар білетін болса жауап береді. Білмесе тәрбиеші өзі айтып толықтырады.

  • Жуан.

  • Емен ағасына қарағанда жіңішкерек.

  • Емен ағашы биік, үйеңкі ағашы аласа.

  • Сопақша, жиегі ирек. Емен ағашының жемісін алып келіп, оның жаңғақ деп аталатындығын айтады.

  • Жанды табиғатқа жатады.

  • Өйткені олар да біз сияқты өседі.

  • Ауа, су, жарық, жылу қажет.

  • Шаңды жапырағына қондырып алады. Жануарлар олардың жемісін, жапырағын жейді. Құстар олардың бұтақтарына ұя салады.


Рефлексивті-

түзету




Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атауды, емен және үйеңкі ағашын танып, атауды.

Игереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, емен және үйеңкі ағашын жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажырата білуді.

Меңгереді: емен ағашының емдік пайдасы мен құрылыста пайдаланылуы, ағаштан бұйым жасайтындығын, өсімдіктерді күтуді, қамқорлықпен қарауды.







Тексерілді:








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
7750
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі