Материалдар / Күз мереке
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күз мереке

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілі өте тамаша.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Күз мереке,Күз береке

ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ МАҚСАТЫ: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау; Алтын күз
мерекесін сезіне білуге ынталандыру; күз мезгілінің ерекшеліктері туралы
білімдерін толықтыра отырып, жұмбақтардың шешуін дұрыс табу қабілеттерін
дамыту; ағаштардың жапырақтарын бір-бірінен ажыратуды үйрету;
шығармашылық қабілеттерін арттыру.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Интербелсенді тақта, музыкалық аппаратура. Кейіпкерлер: Алтын күз бен
сайқымазақ. Құралдар: қолшатыр, себеттер, гимнастикалық шеңберлер, күз
мезгіліне байланысты суреттер, сәбіз, орамжапырақ, қызылша, пияз, асбұршақ,
қайың мен теректің суреттері.
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Қайың мен терек ағаштарының жапырақтары.
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ БАРЫСЫ
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Балалар орындықтарға отырады. Зал әсем безендірілген.
Педагог балаларға тақпақ оқиды.
«Күз әуені».
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Педагог:
- Құрметті қонақтар, ата-аналар, қош келдіңіздер! Алтын күз мерекесі құтты
болсын!
1
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
Педагог:
- Қараңдаршы, балалар, бізге қандай көп жапырақтар ұшып келіпті. Қызыл, сары,
жасыл жапырақтар да бар. Күзгі жапырақтар әдемі ме?
- Барлығын сондай әдемі безендірген кім екенін білесіңдер ме? Иә, сиқыршы
Алтын күз бар өнерін салды.
- Балалар, Алтын күзді ортамызға шақырайық па? Иә!
- Ендеше, балалар, оны бәріміз бірге шақырайық.
Балалар:
- Алтын күз! Алтын күз! Алтын күз!
Педагог:
- Балалар, Алтын күз бізді естімеген сияқты. Біз Алтын күзді әнмен шақырайық.
Ән. (музыкалық жетекшінің таңдауы бойынша)
Музыка әуенімен бірге Алтын Күз сахнаға шығады.
Алтын күз:
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Біз бір жыл көріспедік қой! Жаз мезгілінен кейін
мен келемін! Мен көп еңбек еттім, айналаны әдемі түстерге боядым, бәрін ашық
түстермен безендірдім.
- Достар, мен туралы не білесіңдер?
Балалар "Күз" туралы тақпақтарын оқиды.
Балалардың тақпақтарынан кейін биші қыздар биге шығады.
Би. (музыкалық жетекшінің таңдауы бойынша)
Биден кейін залға Сайқымазақ жүгіріп кіреді. Сайқымазақтың қолында көп
шар бар.
2
Сайқымазақ:
- Сәл кешігіп келгенім үшін кешіріңдер! Бәрі жиналып қойған секілді. Балалар,
ең әдемі, түрлі түстерге толы мереке басталды ма?
Педагог:
- Иә, біздің мереке басталып жатыр. Бізге қонаққа келгеніңе қуанып тұрмыз!
Сайқымазақ:
- Балалар, мен қалай қуанып тұрғанымда білсеңдер ғой. Мен де сіздерді
көргеніме қуаныштымын! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Осындай
бақыт тілеймін (қолдарын екі жаққа кең жаяды), осындай денсаулық тілеймін
(қолдарын жоғары көтереді).
Педагог:
- Көп рақмет саған, досым! Біз дені сау, бақытты балалар болуға тырысамыз. Иә,
балалар?
Сайқымазақ:
- Мен сендерге жай келмедім, сендерге тосын сыйым бар! Алтын күз, маған сенің
көмегің керек. Менің қолымдағы бір шарды таңдап ал!
Алтын күз бір шарды таңдайды.
Сайқымазақ:
- Бүгінгі мереке көңілді тақпақтарсыз өтуі мүмкін емес? Ал, балалар, мерекеге
дайындаған тақпақтарың болса, сахнаға шығуларыңды өтінемін.
Балалардың тақпақтары.
Сайқымазақ:
- Тамаша! Өте жақсы! Маған сендердің тақпақтарың ұнады. Енді, келесі шарды
таңдаңыз.
Педагог бір шарды таңдайды.
- О, бұл шарға көп жұмбақ жасырдым. Жұмбақтардың шешуін табуға
дайынсыңдар ма? Иә!
Сайқымазақ балаларға жұмбақ жасырады.
Жұмбақтар.
Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық. (Сәбіз.)
3
Доптар жатыр желісі бар,
Қабат-қабат терісі бар. (Орамжапырақ.)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша.)
- Ой, бұл жұмбақтың шешімін барлықтарың білесіңдер.
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз.)
- Қане, тағы бір жұмбақ жасырып жіберейін.
Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар. (Асбұршақ.)
Педагог:
- Көрдіңіз бе, біздің балалар өте ақылды! Жұмбақтардың шешуін тез тауып алды.
Алтын күз:
- Иә, иә! Ұлдар мен қыздар өте ақылды. Бәрі өнерлі екен. Сайқымазақ, сен білесің
бе? Бұл топтың балалары әнді тамаша айтады.
Сайқымазақ:
4
- О, мен де әнді жақсы айтамын. Өз-өзімді мақтамасам, мені ешкім мақтамайды.
Қане, балалар, әнді бірге айтайық!
Ән. (музыкалық жетекшінің таңдауы бойынша)
Сайқымазақ:
- Ән айтқаннан көңілім одан сайын көтеріліп кетті ғой. Балалар, мен бір қызық
ойын білемін. Бірге ойнайық.
Балалар қызығушылық танытады.
- Күз мезгілінің белгілерін айтып беріңдерші.
Балалардың жауаптары.
Интербелсенді тақтадан күз мезгіліне байланысты суреттерді қосып қоюға
болады.
- Иә, иә, жаңбыр жауады.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
Сайқымазақ залдың бір шетінен алдын ала дайындап қойған қолшатырды алып,
жаңбырдың дыбысына билейді. (сайқымазақтың ойына келген кез келген
қимылдарды жасайды)
Жаңбырдың дыбысы өшеді.
- Жаңбырды ұнатпаймын. Кез келген уақытта жаңбыр жауып кетеді ме деп
ойлаймын да, өзіммен бірге қолшатырды алып жүремін.
Педагог:
- Сен жаңбырды неге ұнатпайсың? Жаңбырдың пайдасы көп қой. Жаңбыр -
ауаны тазартады. Ағаштар мен гүлдерді, өсімдіктердің бәрін суғарады. Тамаша
емес пе?
Сайқымазақ:
- Ол рас. Бірақ, жаңбырдан кейін жерде шалшықтар пайда болады.
Педагог:
- Ол шашлықтарға мән бермей, айналып өтуге немесе шалшықтан секіріп өтуге
болады ғой?
Сайқымазақ:
- Иә, қазір сендердің ептіліктеріңді тексеремін.
«Секіріп өт» ойыны.
Залда гимнастикалық шеңберлер жатады. (бұл шеңберлер шалшық болады)
5
Балалар кезек-кезек жүгіріп, шалшықтардан секіріп өтулері керек.
Сайқымазақ:
- Көңіліміз көтеріліп қалды! Балалар, өздерің де бір шарды таңдағыларың келе
ме?
Балалар қуана келіседі.
Педагог:
- Бұл шарда не деп жазылған? Би билеу керек дейді ғой. Менің балаларым биді
тамаша билейді. Олардың қандай биші екенін қазір көресіздер.
Би. (музыкалық жетекшінің таңдауы бойынша)
Алтын күз:
- Мен де билеп, бойымды сергітіп алдым. Мен де ойын алып келдім.
«Жапырақтар» ойыны.
Алтын күз балалардың назарын интербелсенді тақтадағы суреттерге аударады.
- Суреттегі ағаштарды атап беріңдерші. Қайың мен терек. Бұл ағаштардың
жапырақтары әртүрлі болады, солай емес пе? Иә.
Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топ қайың ағашының жапырақтарын Алтын
күздің себетіне салады. Екінші топ терек ағашының жапырақтарын
Сайқымазақтың себетіне салады.
6
Педагог:
- Бұл керемет ойын болды. Жарайсыңдар, балалар!
ҚОРЫТЫНДЫ
Педагог:
- Бүгін керемет мерекелік кеш болған секілді. Алтын күз мерекесіне арналған
мерекелік кешіміз соңына жетіп қалды. Біздің тобымыздың балалары құрметті
қонақтарымызға ән айтып бергісі келіп тұр.
Ән. (музыкалық жетекшінің таңдауы бойынша)
Сайқымазақ пен Алтын күз:
- Балалар, біз де қайтайық. Мерекелік көңіл күй сыйлағандарың үшін көп рақмет!
Сау болыңдар!
Кейіпкерлер балалармен қоштасып, залдан шығып кетеді.
Педагог:
«Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын» дей отырып, бүгінгі мерекелік кешімізді
аяқтаймыз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!