Жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз мерекем,күз берекесі атты күзгі бал кеші сіздерді
соңғы сиқырлы сәтін, күзгі
гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы
сұлулығын, әрине күзге
тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін
шақырды.
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас, Бармысыздар
жан күйер, әз қауымдас. Бүгінгі кеш әуенін біз
бастайық
Сайыста
көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі
дәстүрлі “Күз мерекем,күз берекем” атты Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!Алғашқы құттықтау сөзін
балалар өнер мектебінің директоры Шоқанов Әлібек
Төкенұлына,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Масалимова
Құралай Ертосқызына береміз.
Жүргізуші: Біздерде ойын сауық басталады, Тамаша күй
тартылып ән салады. Қошеметтеп қол соғып отыралық, Ұмытарсыз күні
бойы шаршағанды!!! Құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
Жүргізуші: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз, Әр үйде шығатұғын
жаңа таңбыз. Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып, Еріксіз
өзімізге қаратармыз,
- дей отырып ортаға қатысушы шақырамыз!- дей
отырып ортаға қатысушыларды шақырамыз.
----------------------
Жүргізуші: Әділ – қазы береді, Өздеріңе сыйлықты. Бізге
айтып береді, Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен
таныстырып өтейік.
Әділ – қазылар мүшелері.
-------------------
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз. Ал, енді сіздер рұқсат
етіңіздер, Қанекей, сайысты
бастайық біз.
Жүргізуші: «Күз мерекем,күз берекем» атты күзгі бал кешінің
байқау шарттарымен таныстырып өтейін..
1 –кезең: Таныстыру (Әр топ өзін
таныстырады,топтың аты,эмблема,жоғары ұпай 5 ) 2–кезең: «Өнерің
өрге жүзсін» ән,би сайысы. топтың аты 3 –кезең: «Сән үлгісі» және
шаш үлгісі 4–кезең: Күз сыйы (күзгі дақылдардан қолөнер, экибана
жасау) 5–кезең: Күз тартуы (
жеміс-жидектерден,көкөністерден салат әзірлеп әкелу
)
Жүргізуші: Бүгінгі кешті бастау үшін жеребе алынады.Алған
нөмірлері бойынша топтар ортаға шығады.
1
2
3
4
5
6
Ендеше,құрметті көрермендер қатысушыларымызға
сәттілік тілейміз.
Сонымен алғашқы сайысымызды
бастаймыз «Таныстыру» сайысы! 1
кезең.Таныстыру кезеңі.Әр топ өздерін таныстырады,жоғары ұпай 5
ұпай. Сайыскерлер келіп жетті танысуға, Бойындағы бар
дарынды дарытуға Қорықпастан ортамызға келіп жетті Әдеппен,
ізетпенен танысуға -дей отырып сайысымыздың
1-кезеңін бастаймыз. Ортаға қатысушыларды
шақырамыз. Әділ баға беретін әділ қазылар алқасы сөзді
сәздерге берсек,таныстыру кезеңінің бағасын
берсеңіздер.
Жүргізуші: 2 кезең «Өнерің өрге жүзсін» (өнер көрсету
сайысы.) Он
саусақтан өнер тамған шебер болу керемет, Өлең айтып, би билеп,
жасап жатсаң текемет, Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей. дей
келе келесі 2 кезең «Өнерің өрге жүзсін» сайысын
бастаймыз! Әр қатысушы өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.
Жүргізуші: 3 –кезең: «Сән үлгісі» және шаш үлгісі (сән
үлгісін көрсету )
Модельер болу оңай ма? Қиналып жатсаң мұңайма. Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте 3 кезең«Сән үлгісі» сайысы.
Бұл сайыстың
шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден
түрлі күзгі
киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да
болады.Әр қатысушы дайындаған киімдерін киіп сән үлгісін
көрсетеді.Әділ қазылар алқасы сән үлгісі кезеңіне бағаларыңызды
берсеңіздер.
Жүргізуші: 4–кезең: Күз сыйы (күзгі
дақылдардан қолөнер, экибана жасау)
Көрсетеді өнер әр салада сайысып, Қимылдары
жүргендей бір жай ұшып Мерекелік күзгі сыйды жасапты, Ұлдарымыз бен
қыздарымыз бірлесіп.
Сайысымыздың келесі 4 кезеңі «Күз сыйына да» келіп жеттік. Қатысушыларымызға
күзгі дақылдардан қолөнер, экибана жасап әкелуге тапсырма берген
болатынбыз. Олай болса, қолдарынан бал тамған сайыскерлерімізді
ортаға шақырайық. Сайыскерлеріміз өздерінің жасаған жұмыстарын
таныстырып өтсін.Әділ қазылар алқасы күз сыйы кезеңініе
бағаларыңызды берсеңіздер.
Жүргізуші: 5–кезең: Күз тартуы (
жеміс-жидектерден,көкөністерден салат әзірлеп әкелу
) Татсақ тағамынын дәмі қандай, Барша
жұрт көзбенен қызыққандай. Күзгі тағам дайындап әзерлеуде Қанекей?
Қайсымыз жылдамбыз-ай.
Әр топтан 1 адам шығып, әзірлеген тағамы туралы
айтады.Құрметті әділ қазылар күз тартуы кезеңінң бағасын
берсеңіздер.
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір күрес,
жеткізе мұратын. Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім, Қатысу да бір
жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
«Күз мерекем,күз берекем » байқауын қорытындылау үшін
әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ
қазыларда!
---------------------------------
Жүргізуші:
Сонымен «Күз мерекем, күз берекем» сайысы
өз мәресіне жетті.
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар, Басады
кейде онсыз да қиын жалын бар. Қуаныш та бар, өкініш те бар
жолдарда, Ұстауым менің, достарым менің Бәрінде аман
болыңдар!
Осымен «Күз мерекем,күз
берекем»
атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау
болыңыздар!
Бекітемін:
Балалар өнер мектебінің
директоры Ә.Т.Шоқанов
Күз
мерекем-күз берекем
атты мерекелік кештін сценарийі
Дайындаған:Кусаинова Г
Ақжар ауылы
2021 жыл