400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Күз мерекесі" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлімгерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы

Қазақстан қалалары (1-тоқсан.1-бөлім.)

Дағды

Айтылым және оқылым

Оқыту мақсаттыры

4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу.

4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.

4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру.

Тілдік міндеттер

оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық сөздерін меңгерту. «Қайда?» сұрағына сәйкесінше жауап бере білуге үйрету.

Алдыңғы білім

(алғашқы сабақ)

Сабақтың барысы

С.кезең.і


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім оқушыларға кіріспе әңгіме арқылы сабақ тақырыбын ұғындырады. Жазғы демалыс кезінде Қазақстанның қандай аймақтарында немесе қалаларында болғандығы туралы қызықты әңгіме өрбітеді. Әңгімелеу барысында барған жерінің 2-3 суретін көрсетеді, қалалардың атын карточкаларға жазып, тақтадағы картаға орнатады. Сонымен қатар мұғалім өзі әңгімелеу барысында оқушылардың оңай түсінуі үшін және алдағы тапсырманы орындауда басшылыққа алуы үшін үлгі болатындай сөйлемдер құрылымын (шаблонын) қолданады.

2 мин









Мұғ-Сынып

Қазақстанның қалалары көрсетілген карта.

Оқулық.

Сөйлемнің шаблондары.

Оқушылар келесі кезекте оқулықтың «Кел, сөйлесейік» айдарымен берілген тапсырмасын орындауға жұмылдырылады. Ол үшін алдымен мұғалім қасына бір оқушыны алып сөйлесім үлгісін көрсетеді. Оқушылар жұппен немесе үшеуден бірігіп топпен сұрақтарды талқылайды. Мұндай жұмыс барлық сынып алдында жауап беруге өз тобы арасында дайындалуға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, шаблондарды қолдана білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді.

3-мин








Топтық жұмыс


Негізгі бөлім

Мұғалім өзінің байқап, бағамдауы бойынша үлгі бола алатын қабілеті жоғары балаларды ортаға шақырып, тапсырмаға сай өзі туралы айтып беруін сұрайды.

5 мин

Жеке

Оқулықтағы сөйлесім үлгісі.

Оқулықта ұсынылған «Көрсет және айт» айдарымен берілген тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардан олардың қандай қалаларды білетінін сұрайды. Дер кезінде қала атауларының дұрыс айтылуына ден қояды.

5 мин

Мұғалім - сынып

оқулық

Келесі оқулықта берілген картаға оқушылардың қараулары сұралып, ол қалалардың қай аймақта орналасатыны туралы талқылайды. Осы тұста жаңа сөздер үйретіледі. Оқушылар дүниетану сабағында алған білімдерін қолданады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Бағыт көрсетілген

плакат не сурет.

«Ойланайық» тапсырмасы Қазақстанның қалаларының атауын жаттату мақсатында немесе олардың қай аймақта орналасқанын есте сақтаулары үшін ұйымдастырылады. Тапсырманың оқулықтағы нұсқасы бойынша оқушы картаға қарап алып, есінде қалған қалалардың қай аймақта орналасқанын айтып беруі тиіс. Бұл тұста тапсырманы басқаша түрлендіріп ұсынуға да болады. Оқушыларға қалалар атауы жазылмай берілген картаны белгілеу немесе оны нұсқап айту сұралады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Сынып

Оқулық. Карта.

Қалалары көрсетілмеген картаның сұлбасы.

«Оқы» айдарымен берілген мәтінді оқып, оқушылар бос орынға қажетті сөздерді қояды. Оқушылар алдымен мәтінді жеке оқиды, оны көршісімен салыстырып тексереді. Сынып болып үшінші мәрте тексереді.

7 мин

Жеке ж.

Жұпт.ж.

Сынып

оқулық

Оқулықтың келесі тапсырмасы орындалады. Оқушылар әр кейіпкер туралы мәліметті естеріне сақтағаны бойынша рөлдік ойынға қатысып, диалогқа түседі. Сөйлесім барысында осы сабақта үйренген жаңа сөздерін қолданады.

5 мин

Топттық жұмыс

(4оқушы)

оқулық

Сабақты пысықтау мақсатында жаттығу жұмысы орындалады. Тапсырма ауызша орындалады.

2 мин

Жеке ж.

Жұптық жұмыс

оқулық

Қор. бөлім

Оқушыларға үйдің суреті бар карточка үлестіріледі. Мұғалім өзен суретін алып: «Өзен қай жақта орналасқан?», - деген сауал тастайды. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады. Мұғалім бір минут уақыт ішінде , оқушылардан өткен сабақ туралы кері байланыс алады.

3 мин


Сынып-мұғалім

Үйдің суреті

Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  • Оқушылар бағытты тыңдап, суреттен көріп түсінеді.

  • Жаңа сөздерді қолданып сұраққа жауап бере алады.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді?


Оқыту ортасы қандай болды?


Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?


Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі дүние не?

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.01.2021
694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі