Күз мерекесіндегі оқиға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күз мерекесіндегі оқиға

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мерекесіне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күз мерекесіндегі оқиға.

Балалар әсем бимен залға кіреді.

Тәрбиешілердің құттықтауы.

Залға тауық келеді: Мұңаяды, «сәлеметсіздер ме, қалдарыңыз қалай»

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе тауық . Өзің қалайсың, неге көңіл күйің жоқ?

Мен куз мезгілін асыға күтемін, алтын астық орылады. Бізге де азық көп болады.

Балапандарымды ертіп астыққа тойдырайын деп шығып ем. Оларды жоғалтып алдым. Мені тыңдамастан жан- жаққа ойнап кетіп қалды.(мұңаяды). Егер де көріп қалсаңыздар маған хабар беріңіздерші, жарай ма.

Балалар: Жарайды

Осы кезде балапандарды қуып, дала тышқаны келеді: Ой сәлеметсіздер ме? Менің алқабымда мына ұсқынсыз балапандар не істеп жүр ай, бидай дәндерін аяқтарына басып тастады ғой, әбден киш-киш-киш. Мыналар кетпей жатыр ғой.

Тәрбиеші: Ой балалар мынау жаңағы әтештің балапандары емес пе, келіңдер

Балапандар, қош келдіңдер.

Сәлеметсің бе тышқан. Қалың қалай. Неге балапандарды қуып жүрсің?

Егіс алқабы сенікі деп кім айтты?

Тышқан: Ай біз өзі дала тышқаны, қала тышқаны деп екіге бөлінеміз. Ендеше дала тышқаны болғасын менің алқабым болады да. Әлде бұрыс па?

Тәрбиеші: Тышқан тыңда: Күз мезгілі өте жомарт болады, күздің сыйы бәрімізге жетеді. Қарашы балапандар бізге тақпақ айтқысы келіп тұр екен.

Тақпақтар:

Тышқан: Жарайсыңдар балапандар, енді бәріміз жан-жақтан мына балапандарды қуып жіберейікші. Менің азығымды азайтып кететін болды ғой.

Тәрбиеші: Балалар біз қазір балапандарды қуып жіберсек олар ит құсқа жем болады ғой,я. Тышқан, жаңа ғана балапандарды аналары іздеп келген. Кел ендеше балармен бірге дауыстап тауықты шақырайық: ту-ту-ту, цыпа-цыпа.

Әтеш: Балалар мені шақырдыңдар ма? Ой балапандарым менің таптым ау сендерді. Қуанып қалдым ғой. Жаңбыр жауайын деп тұр , қанекей үйімізге қайтайық.

Тәрбиеші: Әтеш біздің балалардың жаңбыр туралы керемет әндері бар. Ән тыңдап көңілдеріңізді көтеріп, бізбен мерекені бірге тойлаңыздар.

Ән: Жаңбыр

Тышқан: Балапандар сендердің уйлерің бар ма? Мен де сендермен барайыншы. Даладажүріп зеріктім.

Әтеш: Ия біздің өз үйіміз бар. Ал қасымызда қожайынымыздың үйі бар, ол уйде де бір тышқан досымыз бар, сені міндетті түрде сол досымызбен таныстырамыз. Ал қазір менің балапандарымның биін тамашалаңыздар.

Би: Балапандар биі.

Осы кезде Джери тышқан кіреді: «Сәлеметсіздер ме? Бұл жерде не болып жатыр, неге бәрің жиналап алғансыңдар, балалар?»

Балалар: Күз мерекесін тойлап жатырмыз.

Әтеш: Міне жаңағы айтқан досымыз. Кел досым мұнда өте көңілді екен.

Тәрбиеші: Қандай жақсы балалар, біз тағы бір дос таптық. Ал ендеше дос-

Тарымызға, қонақтарға тақпақтарымызды айтып берейік.

Тақпақтар.

Залға мысық келеді: Сәлеметсіздер ме балалар. Сендер не істеп жүрсіңдер мұнда?

Тышқандар тығылып қалады.

Балалар: Күз мерекесін тойлап жатырмыз.

Тәрбиеші: Қош келдің мысық. Сен бізге қонақ болып келдің бе?

Мысық: Е жоқ. Мен тышқанды іздеп жүрмін. Балалар сендер тышқанды

Көрмедіңдер ме?

Балалар: Жоқ көрмедік.

Тәрбиеші: Мысық тышқанды қуып жалықпадың ба? Кел бізбен мерекені бірге тойлайық. Балалармен бірге ән салып би билесең көңілің көтеріліп

Қалады.

Ән: Тише тише.

Екі тышқан келеді де: «мысық біз саған мысық болып билеп береміз, бізді

Жеп қоймашы, жарай ма?»

Би: Марғаулар.

Мысық: Қандай тамаша мысықтар, жарайсыңдар балақайлар. Менің көңілім көтеріліп қалды.Бірақ қарным ашып тұр.

Ойын: Мысықты тамақтандыру «Дәмін татып атауын айт»

Мысық: Ой қандай ақылды баларар. Менің қарным тойды. Рахмет сендерге. Енді ешқашан тышқан жемеймін.

Залға куз ханшайымы келеді:



Тәрбиеші: Ой балалар қандай тамаша, міне күз ханшайымы келді. Ендеше

Күз мезгіліне арнаған әнімізді айтайық.

Ән: Күз

Тышқан: Балалар балабақша деген қандай жақсы, мұнда бәрі дос болып жүреді екен. Ән айтып би билеуді үйренеді екенсіңдер. Бізге қатты ұнады.

Мысық: ИЯ келіңдер бәріміз достасып мерекені бірге тойлайық. Бұл жерде өте көңілді екен.

БИ: Көкөністер биі

Әтеш: Жарайсыңдар балалар, сендер менің балапандарымды тауып бердіңдер. Тышқан мен мысықты достастырдыңдар. Сендерге үлкен рахмет.

Тәрбиешілердің қорытуы.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2024
196
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі