400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күз-қыс мезгілдердегі жабайы аңдардың тіршілігі». конспект

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.Күз-қыс мезгілдерінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшеліктерін сипаттап(мекендейтін жері,түсі, азығы,қысқа дайындығы)атай білуге үйрету. Табиғатты күтуге,аялауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші:
Едресова О.Т 17.01.2019
Өтпелі тақырып:
«Аңдардың қысқы тіршілігі»
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОҚ:Жаратылыстану
Тақырыбы: «Күз-қыс мезгілдердегі жабайы аңдардың тіршілігі».

Мақсаты:Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.Күз-қыс

мезгілдерінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшеліктерін

сипаттап(мекендейтін жері,түсі, азығы,қысқа дайындығы)атай білуге үйрету.

Табиғатты күтуге,аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ағаштың қуысы ,апан,қоректену,түлейді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдасдастырушылық кезең

-Балалар, қараңдаршы, біздің топта үш түрлі шараша тұр,шарашаның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Жұмбақ жасыру:

Отқа жанбас,суға батпас

Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тонады.

Көктемде жасыл боп шығамын,

Күзде сарғайып түсемін.

Д/о: «Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ата» (суреттер)
Негізгі бөлім: -Күз мезгілі мен қыс мезгілінің ерекшеліктерін ата.

-Қандай орман аңдарын білесіңдер?

-Неге орман аңдары деп атайды?

-Жарайсыңдар ,балалар. Балалар біреу терезе қағып жатқан сияқты ма?(құстың даусын қосу)

-Хаттың кімнен келгенін білгілерің келе ме?

-Ендеше сендер дайын болыңдар, жұмбақты шешуге.

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Аузы бейне шалғы –орақ,

Шөп емес,бірақ малды орады.

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал оның баласын көжек дейді.

Ағаштан ағашқа секіреді,

Саңырауқұлақты кептіреді.

-Жарайсыңдар балалар жұмбақты шештіңдер. Хат орманда тұратын досатарымыз орман аңдарынан екен.Олар орманда тату-тәтті тұрыпты , бірақ қыс келетінін естерінен шығарып алыпты,боран мен қар жауып тұр,біз тон тігуді ұмытып кетіппіз,бізге көмектесіңдерші депті, сендер мейірімді балаларсыңдар аңдарға көмектесеміз бе?

-Орманда өзімізді қалай ұстаймыз?

Сергіту сәті:

Ендеше көздеріңді жұмып менімен бірге қайталаймыз.

1,2,3 өз-өзіңді айналып,

Сиқырлы орманға тап болайық.

Балалар біз сиқырлы орманға тап болдық,не көріп тұрсыңдар?(Қысқы орман тақтада)

(суреттерді қарауарқылыүстелде жатады)

-Оларға жылы тонды қайдан аламыз?

Балалар орманда дүкен жоқ қой,бірақ біздің сиқырлы орманымызда тігін шеберханасы бар, мен сендерге тігінші болуларыңды сұраймын, орман аңдарына әр түрлі дәнді-дақылдардан тон тігіп берулеріңе болады.Қандай тарыларды көріп тұрсыңдар?

Жеке жұмыстар:

Сен ненің суретін алдың,оған қандай тарыдан тон тігіп бересің?

Практикалық жұмыс:

-Жарайсыңдар, балалар,біз сендермен әдемі тон жасадық,аңдарымыз тондарын өлшей берсін ,біз сендермен ойын ойнайық.

Д/о:«Сөзді аяқта»

-Қыста қоянның тоны ақ, ал жазда.....

-Қоянның құйрығы қысқа, ал құлағы.....

-Тиіннің артқы аяғы ұзын, ал алдыңғы.....

-Кірпі кішкентай, ал аю.....

-Қоянның жүні мамықтай , ал кірпінікі......

-Тиіннің құйрығы ұзын, ал қояндікі.....

-Түлкінің терісі жұмсақ, ал қасқырдікі.....

-Жарайсыңдар ,балалар ал енді аңдар туралы қандай тақпақ білесіңдер?

-Жарайсыңдар, ал енді аңдарымыз тондарын ұнатты ма екен қарайықшы.

Біз аңдарымызға тон жасап бердік, енді біз олар туралы не білеміз ?

-Жарайсыңдар,балалар, біз орман аңдарына көмектестік енді олар тонбайтын болды,енді тобымызға қайтайық,сиқырлы сөзімізді есімізге түсірейік.

1,2,3 өз-өзіңді айналып,

Топқа біз оралайық

Қорытынды:-Балалар сендерге орманда ұнады ма?

-Не сендердің естеріңде қалды?

Кәне бәріміз қуанышымызды қонақтармен бөлісейік.






























Ұйымдастырылған оқу қызметінің талдауы
Тәрбиеші:
Едресова О.Т 17.01.2019
Өтпелі тақырып:
«Аңдардың қысқы тіршілігі»
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОҚ:Жаратылыстану
Тақырыбы: «Күз-қыс мезгілдердегі жабайы аңдардың тіршілігі».

Мақсаты:Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.Күз-қыс

мезгілдерінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшеліктерін

сипаттап(мекендейтін жері,түсі, азығы,қысқа дайындығы)атай білуге үйрету.

Табиғатты күтуге,аялауға тәрбиелеу.


Бірінші бөлімде тәрбиеші балаларға жабайы аңдардың сурет қарауға ұсыныс жасады. Балаларға, біздің топта үш түрлі шараша тұр,шарашаның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Деп сұрақ қойды, балалар шарашадығы заттарға қарап атап берді.

Жұмбақ жасырады:

Отқа жанбас,суға батпас

Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тонады.

Көктемде жасыл боп шығамын,

Күзде сарғайып түсемін. Балалар жұмбақтың шешуін тез тауып береді.

Д/ойын ойнатты : «Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ата» (суреттер) . Балалар суреттерге қарап жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атап береді. Екінші бөлімде тәрбиеші балаларға күз мезгілі мен қыс мезгілінің ерекшеліктерін ата? деп сұрақ қойды.

-Қандай орман аңдарын білесіңдер?

-Неге орман аңдары деп атайды? – деп сұрақтар қояды. Содан кейін жұмбақ жасырады.

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (аю)

Аузы бейне шалғы –орақ,

Шөп емес,бірақ малды орады. (қасқыр)

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал оның баласын көжек дейді.(қоян)

Ағаштан ағашқа секіреді,

Саңырауқұлақты кептіреді. (тиін) деп балалар жұмбақты шешеді. Орманда тұратын досатарымыз орман аңдарына көмек беруге ұсыныс жасауды ұсынады. Балаларға ормандағы аңдарға тон жасауға ұысыныс жасайды .

«Сөзді аяқта» дидактикалық ойын ойнатты. Тәрбиеші табиғи заттардан балаларға аңдарға тон жасау әдісін көрсетіп, содан балаларға жапсыруды талап етті. Жасаған заттарыннан көрме ұйымдастырды.

Қортынды:Балалар ҰОҚ - не қызығушылықпен қатысты.

Ұсыныстар:ҰОҚ кезінде сергіту сәті сәйкес болу керек, берілген тапсырмалар нақты және түсінікті болу керек. Балалардың барлығы толық қатысуын қадағалау, жеке жұмыстар өткізу.











Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші:
Едресова О.Т 08.01.2019
Өтпелі тақырып:
«Қыс қызығы»
Білім беру саласы: «Коммуникация»
ҰОҚ:Сауат ашу
Тақырыбы: «Ә» дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: «Ә» дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарың ерекшеліктерін еске түсіру,текшемен белгілеу әдістерін меңгерту. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Кісі аттары, тау, қала аттары бас әріппен жазылатының түсіндіру.

Сөздік жұмыс: ребус,логика.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдасдастырушылық кезең

Ой қозғау.

Сонымен бірге бізге қонаққа әже де келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Екі бала ауыл сыртындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане. әжемізге көмектесеміз бе?

- Ол үшін балалар сендер менің сұрағымды мұқият тыңдап, жауап беріп отырыңдар.

Негізгі бөлім:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(Өткен әріпті пысықтау)

- Өткенде қай әріппен таныстық?

- І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?

- Қане, сол І дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші

- Жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?

- - Дыбыс деген не?

- Әріп деген не?

- Олай болса біз осы уақытқа дейін өткен дыбыстарымызды өз үйіне орналастырайық

Дауысты - А О У І

Дауыссыз - Р Л Ш С У Д Т Н Ң Ғ

ІІІ. Ә әрпінен сөз ойлау, дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.

4.Кісі аттарын айту.

5. Ә - бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.

Ауада жазу, тақтаға жазу.

Дәптермен жұмыс

Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қарындашты дұрыс ұстап жазамыз.

Қорытынды:

Әже туралы әңгіме құрастыру.

Әркім өз әжелері туралы ой қозғады.

Әжем қонаққа барғанда мені бірге апарады. Менің әжем әдемі.

Менің әжем бар. Әжем маған ертегі оқып береді. Әжемді қатты жақсы көремін.

Әжеміз немерелерімен кездесті. Барлығының қуанышында шек жоқ.








Ұйымдастырылған оқу қызметінің талдауы
Тәрбиеші:
Едресова О.Т 08.01.2019
Өтпелі тақырып:
«Қыс қызығы»
Білім беру саласы: «Коммуникация»
ҰОҚ:Сауат ашу
Тақырыбы: «Ә» дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: «Ә» дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарың ерекшеліктерін еске түсіру,текшемен белгілеу әдістерін меңгерту. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Кісі аттары, тау, қала аттары бас әріппен жазылатының түсіндіру.


Бірінші кезеңде Қызығушылық сәт: бізге қонаққа әже де келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Екі бала ауыл сыртындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане. әжемізге көмектесеміз бе?

Ол үшін балалар сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беріп отырды..
Екінші кезеңде:

.Өткен әріпті пысықтады.

- І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?

- Қане, сол І дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші

- Жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?

- - Дыбыс деген не?

- Әріп деген не?

- Олай болса біз осы уақытқа дейін өткен дыбыстарымызды өз үйіне орналастырайық

Дауысты - А О У І

Дауыссыз - Р Л Ш С У Д Т Н Ң Ғ

ІІІ. Ә әрпінен сөз ойлау, дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.

4.Кісі аттарын айту.

5. Ә - бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.

Ауада жазу, тақтаға жазу.

Әже туралы әңгіме құрастыру.

Әркім өз әжелері туралы ой қозғады.

Әжем қонаққа барғанда мені бірге апарады. Менің әжем әдемі.

Менің әжем бар. Әжем маған ертегі оқып береді. Әжемді қатты жақсы көремін

Әжеміз немерелерімен кездесті. Барлығының қуанышында шек жоқ.

Ұсыныс: Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қарындашты дұрыс ұстауын қадағалау.


Таныстырылды:

Директор:













Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші:
Едресова О.Т 14.12.2018
Өтпелі тақырып:
«Жайнай бер,Қазақстаным»
Білім беру саласы: «Әлеумет»
ҰОҚ:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Достарымен бірге»

Мақсаты: Достық туралы түсінік беру.Достық деген не?Достықты қалай бағалауға болатыны туралы түсініктерін жетілдіру.Өздерінің теріс қылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдасдастырушылық кезең

-Сәлеметсіздерме,балалар!Қандай тамаша!

Терезеге қараңдаршы!Бәрі де қуанышты:аңдарда,құстар да,таулар да.Өйткені,бәрі бір-бірімен дос.Қол ұстасып,өзімізбен де,айналамен де,сәлемдесейік.

Айтамыз алғыс қайталап,

Таңдайды бізді шартарап.

Өмір сүру-бір бақыт.

Дос бола білу-шың бақыт!

Негізгі бөлім: Армандайық:

Балалалар,адам күнмен,аймен,таумен дос бола алады ма?

Кәне,бәріміз бірге:

-Ай,сенімен дос болғым келеді.

-Тау,сенімен дос болғым келеді.

-Күн,сенімен дос болғым келеді.

-Балалалар,достық неден басталады?

Дұрыс айтасыңдар, достық түсіністіктен, татулықтан басталады.

Әңгімелеу: В.Осеева «Үш жолдас»

Үлкен үзілісте балалар тамақтанады, ал бір бала шетте тұрып қалды.

-Сен неге тамақ ішпей тұрсын – деп сұрады балаланың бір жолдасы.

-Ертеңгі асымды жоғалтып алдым.

-Қап, әттеген-ай, түске дейін біраз уақыт бар, - деп жолдасы, өз нанын жей берді.

-Сен тамағыңды қайда жоғалтып алдың?-деп екінші жолдасы сұрайды.

-Ал осыны естіп тұрған үшінші жолдасы ештеңе сұрамай өзінің май жағылған нанын бөліп, жартысын досына берді.

-Қалай ойлайсыңдар жаңағы балаланың ең нағыз досы деп қайсысын айтуға болады?

-Сендер олардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Ойын: «Сиқырлы жұп»

-Еденге шеңберленіп отырайық, енді көрейік біздің топта шын жолдастар бар ма екен?

-Жіпті алып былай дейді: «Біздің топта Арнұр бар, ол менің досым», жіпті басқа балаға беріп атын айтады. Балалар жіпті саусағына орап отырады жіп тәрбиешіге келеді.

- Енді бәріміз қолымызды көтерейік, жіпті еденге қояйық. Қане біздің топта балалар бір – бірімен шын дос па екен? Жіп үзілген жоқ, біз достаса аламыз деуге болады. Достық туралы мақал – мәтел білесіңдер ме?

Дәптермен жұмыс:

Өз достарыңды естеріңе түсіріп суретін салыңдар.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық!

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Қорытындылау:

Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достар тату, мейірімді болады, достар бір-біріне көмектеседі, достар бір – біріне адал болу керек сонда ғана достықтарың берік болады.

Жүректен – жүрекке:




















































Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші:
Едресова О.Т 14.12.2018
Өтпелі тақырып:
«Жайнай бер,Қазақстаным»
Білім беру саласы: «Әлеумет»
ҰОҚ:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Достарымен бірге»

Мақсаты: Достық туралы түсінік беру.Достық деген не?Достықты қалай бағалауға болатыны туралы түсініктерін жетілдіру.Өздерінің теріс қылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу


І-ші кезеңде «Бәрі де қуанышты:аңдарда, құстар да, таулар да. Өйткені, бәрі бір-бірімен дос. Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де, сәлемдесейік» шаттық шеңберін жасады.


ІІ-кезеңде армандауды ұсынды: балалалар, «адам күнмен,аймен,таумен дос бола алады ма ?!» деп. Балалар жауап береді. Достық түсіністіктен, татулықтан басталатындығын айта өтті.

В.Осеева «Үш жолдас» әңгімеледі. Балалар әңгімені қызықтап тыңдап, сұрақтарға жауап берді. Ойынды да шартын бұзбай, ойнады. Дәптермен жұмыс барысында, өз достарын еске түсере суреттерін салды. Осыдан соң сергіту сәтін орындады.


ІІІ-кезеңде «жүректен жүрекке» бөлімінде балалар ойыншық жүрекшені бір – біріне ұсынып досының қандай болғанын қалайтынын айтып шықты. «Достар тату, мейірімді болады, достар бір-біріне көмектеседі, достар бір – біріне адал болу керек сонда ғана достықтарың берік болады» деп қорытынды жасалынды.



Қорытынды:достық туралы ұғым қалыптасып, құндылық екенін түсіне білді.


Ұсыныс: балалармен өзін –өзі тану кабинетінде заманауи технология қолданды, балалрға да мүмкіндік беру керек еді





Таныстырылды:



Директор:













Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші:
Едресова О.Т 03.12.2018
Өтпелі тақырып:
«Алақай,қыс келді»
Білім беру саласы: «Денсаулық»
ҰОҚ:Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Тақырыбы: «Табиғи дәріхана, емдік шөптер, улы өсімдіктер»

Мақсаты: Дала өсімдіктерінің зияны мен пайдасы туралы түсінік беру.

Билингвалдық компонент: дәріхана – аптека

Сөздік жұмыстар: Шалфей, ромашка - түймедақ, шиповник-итмұрын, одуванчик-бақбақ.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдасдастырушылық кезең

Балалар сендер мына шөптерді таныйсыңдар ма?/суреттерін көрсетемін/

Қалай аталады?

Бұл өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
Негізгі бөлім: Шипалы өсімдіктерді қалай жинап, сақтауға болады?

Кептірілген шөптерден не жасауға болады?

Тұнба, қайнатпа деген не?
Кепкен шөпке су құйып қайнатып, суыған соң сүзіп алса –қайнатпа деп аталады.

Жұмбақ.

Көктем мен жазбасына,

Сары қалпақ киеді.

Күзге қарай қалпағы,

Қалқи ұшып кетеді.

(бақбақ)

- Бақбақ туралы не білеміз?

-Гүлінен жасалған қайнатпа қан қысымын реттеуге жақсы әсер етеді.

Тамырынан жасалған тұнба адамының тәбетін ашады, дене қызуын басып, терлетеді,тыныштандырып ұйықтауға көмектеседі, бауыр, бүйрек, асқазан-ішек ауруларын емдеуге пайдалы.

Бақбақтың жаңа алынған тамыры мен ұнтақталған жапырағын қатты ісіктерге басса пайдалы.

Тамырынан жасалған дәрімай диатезге жаққанға жақсы.

- Шөпті қай мезгілде жинаған дұрыс?

Бақбақтың тамырын көктемде(сәуір-мамыр), қоңыр күзде(қыркүйек-қазан) жинаған дұрыс.

Көктемде өсіп қаулаған,

Парашюттен аумаған.

Үлпілдеген қалпағы,

Ескен желден қорқады

Сергіту сәті.

Жауаптарың дұрыс, енді бәріміз бақбақ болып өсіп парашюттей ұшып көрейік

-Күнінде көктемнің

Бір қызық шөп көрдім.

Жанасып кеткеннің

Барлығын шағады

Білдің бе,

Балақай.

Не нәрсе?

Қалақай туралы танып, білу.

Қалақайдың жапырағы ірі тісті, жапырағы мен сабағы әр түрлі қышқылдары бар түктерге толы, ол етке тисе шағып алғандай қышытады.

Қалақайдың жас жапырағынан жасалған сорпа, салат өте пайдалы.

Қалақай тұнбасына қант қосып ішсе, жөтелді тоқтатады.

Жапырақ қайнатпасымен басты жуса, шаштың түсуі тоқталады. Қалақайдың жас жапырағын сүйелге жапсырса, сүйел жоғалып кетеді.

Қалақайды қай кезде жинау керек?

Қалақай жаз бойы гүлдейді, сол гүлдеп тұрған кезде(маусым-тамыз) жинаған дұрыс.

Есте сақтау:

«Дана көптен шығады,

Дәрі шөптен шығады»

«Құмырсқа илеуін бұзба», «Көк шөпті жұлма», «Ағашты сындырма», «Ермен-жанға дәрмен», «Көк алманы үзбе, өзі үзілер күзде», «Ермен жеген ер өлмес», «Құнарлы шөп-қосымша сүт», т.б.

Орман перизатының сиқырлы сандығын ашқанда музыка естіледі... Барлығын көздеріңді жұмыңдар, мен сендерге берген жеміс-жидектердің қайсысы екенін дәмінен айырып айтып беріңдер..
Қорытынды: Дәрі-дәрмек жасауға болатын қандай гүлдерді білесіңдер? (Түймедағы, қырмызгүл.)







































Ұйымдастырылған оқу қызметінің талдауы
Тәрбиеші:
Едресова О.Т 03.12.2018
Өтпелі тақырып:
«Алақай,қыс келді»
Білім беру саласы: «Денсаулық»
ҰОҚ:Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Тақырыбы: «Табиғи дәріхана, емдік шөптер, улы өсімдіктер»

Мақсаты: Дала өсімдіктерінің зияны мен пайдасы туралы түсінік беру.


Мотивациялық қозғаушы бөлімінде балаларға көрнекілік қолдана шөптің суретін көрсетті, оны таныс па, атауы қандай екенін сұрады. Балалар жауап береді.


ІІ-кезеңде шипалы өсімдіктерді қалай жинап, сақтауға болатынын,кептірілген шөптерден не жасауға болатынын, тұнба, қайнатпа деген не екенін сұрап, кепкен шөпке су құйып қайнатып, суыған соң сүзіп алса –қайнатпа деп аталатынын айтады. Жұмбақ жасырды, шешуін табады. Бақбақ туралы не білеміз деп сұрады, гүлінен жасалған қайнатпа қан қысымын реттеуге жақсы әсер ететіндігін айтты, тамырынан жасалған тұнба адамының тәбетін ашады, дене қызуын басып, терлетеді,тыныштандырып ұйықтауға көмектеседі, бауыр, бүйрек, асқазан-ішек ауруларын емдеуге пайдалы екендігін айтты. Бақбақтың жаңа алынған тамыры мен ұнтақталған жапырағын қатты ісіктерге басса пайдалы.Тамырынан жасалған дәрімай диатезге жаққанға жақсы. Бақбақтың тамырын көктемде(сәуір-мамыр), қоңыр күзде(қыркүйек-қазан) жинаған дұрыс екендігін айтып, таныстыра айтты. «Қалақайдың жапырағы ірі тісті, жапырағы мен сабағы әр түрлі қышқылдары бар түктерге толы, ол етке тисе шағып алғандай қышытады.Қалақайдың жас жапырағынан жасалған сорпа, салат өте пайдалы. Қалақай тұнбасына қант қосып ішсе, жөтелді тоқтатады.Жапырақ қайнатпасымен басты жуса, шаштың түсуі тоқталады. Қалақайдың жас жапырағын сүйелге жапсырса, сүйел жоғалып кетеді. Қалақай жаз бойы гүлдейді, сол гүлдеп тұрған кезде(маусым-тамыз) жинаған дұрыс» деп толық мәлімет берді. Балалар қызыға тыңдады. Орман перизатының сиқырлы сандығын ашқанда музыка естілді. Барлығын көздерін жұмып, мен берген жеміс-жидектердің қайсысы екенін, дәмінен айырып айтып берді.


ІІІ-кезеңде балалармен жалпы сабақты қорытындылады.

Қорытынды:емдіқ шөптердің ширалық қасиеттері туралы түсінді,табиғатқа,өсімдікке деген қамқорлықтарын ұғына білді.

Ұсыныс: балалармен дәріханаға саяхат жасау

Таныстырылды:

Директор:





























Желтоқсан айының талдау конспектілері
















Тәрбиеші:Едресова О.Т



















Қаңтар айының талдау конспектілері
















Тәрбиеші:Едресова О.Т



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.05.2019
907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі