Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата -
аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен
құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Алтын күз»әнін
тамашалаңыздар
Қанекей, балалар енді күзге арнаған
тақпақтарымызды айтайық.
Айханым :
Жайдары күз жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Алдияр:
Сары алтындай сары күз
Қамбадағы дәніміз.
Шелек-шелек балымыз
Ағыл-тегіл ағымыз..
Ару
Көк майсалы
көрікті,
Алқаптағы көп
егін.
Бұл күндері
киіпті,
Сары жібек
көйлегін
Әбілмансұр
Мейірлі күз ,мырза
күз
Сыйлығыңа
ырзамыз.
Аппақ арай
таңында
Шомыламыз нұрға
біз.
Фируза
Көк аспаның
мөлдіреп
Алтын күзім
елжіреп.
Асыр салып жүре
бер
Көк көйлегің
желбіреп.
Арнұр
Алқаптағы
бидайды
Қамбаға ел
жинайды.
Тырналары
тізілген
Ұнатамын күзді
мен.
Марлен
Тапталады табанға
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап.
Ясина
Ұшты талдан
жапырақ,
Сары көбелек
секілді.
Аспанда жай
шатырлап,
Тамшы жерде
секірді.
Ернұр
Сары ала тон
жамылған
Күз атамыз
секілді.
Қойны толы алтын дән
Тәттісі көп не түрлі.
Аяжан
М.
Үркіп
үйрек,қаздары
Шулайды көл
қоғалы.
Дәурен өтіп
жаздағы
Күздің желі
соғады.
Ислам
Алтын,сары,қызыл,көк...
Алуан –алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп
Көз тартады
атырап.
Дария
Күзде жауын бұлт-тұман
Сары жапырақ жауады
Сары құйын ұйытқыған
Сапырады ауаны
Раяна
Шоғы толған гүлдей жайнап
Жарқырайды Алтын күз.
Сайрандап күліп ойнап,
Келіп кетті қыркүйек.
Ғалымжан
Қазан айы молшылық
Дәулет қорын қалаған
Заңғар көкке қол соғып
Құстар ұшып барады.
Айзере
Қыстың жақын қалғаның
Жапырақтар сезгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей.
Әмина
Біреу астық түсірді
Біреу астық ұшырды
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп.
Еркебұлан
Көк аспаның
мөлдіреп,
Алтын күзім
елжіреп.
Асыр салып жүре
бер,
Сары көйлегің
желбіреп.
Аяжан
Н
Қарашы күз келді, күз
келді,
Жапырақ жауыпты
іздерді.
Құс біткен керуен
тізеді,
Қара бұлт қабағын
түйеді.
Икрам
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті Алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Мұстафа
Ой, алақай
тамаша,
Шашу шашты
жапырақ.
Бақтың іші
алаша,
Аунар ма еді
жатып ап
«Жапырақтар»
биі
Ән
«Ойыншықтар»
«Машина»
әні
Жүргізуші : Жемісі мол
теретін,
Күз дос екен
бізбенен.
Бәрін тауып
беретін,
Жомарт екен күз
деген
Мұстафа
Картоп біздің атамыз
Жер астында жатамыз.
Бар тағамның ішінен
Дәмін оның татамыз.
Дария-пияз
Асханадан шықпаймыз
Атым пияз-бұқпаймыз.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймыз.
Арнұр-сәбіз
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз.
Ару-қызылша
Көкөністің
ішінде
Менің атым
қызылша
Денсаулығын
нығайтып
Қызмет етем
адамға
Әмина-қызанақ
Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен-қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Раяна-асқабақ
Бақша төріндегі асқабақпын
Асханадағы дәмді тамақпын.
Сап-сары боп торсиып,
Күтем сені терсін деп.
Бұршақ
-Марлен
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Қырыққабат-Айханым
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!!
Қияр-Алдияр
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Шалқан-Фируза
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауыпкөр менен
дарханды
Қауын-Ислам
Иісім жұпар
аңқыған,
Бақшадағы
шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған
–
Балдай тәтті
қауынмын.
Қарбыз-
Көрсең егер
бақшада
Доп екен деп
қалма.
Шөл қандырар
қарбызбын,
Ерте үзіп
алма!
Жұмбақтар:
1.Іші-жұмсақ,сырты
қатты.
Еті қызыл, сүті
тәтті.
(Қарбыз)
2.Дөп- дөңгелек
доптай
Іші қызыл
шоқтай
Дәмін татып
көрсең,
Одан дәмді
жоқтай.
(Алма)
3.Бұл не деген көп
киім
Жетпіс қабат көп
киім
Жаңбыр жауса
өтпейді,
Қабат-қабат тоны
бар,
Түймелеуге
жетпейді.
(Қырыққабат)
Көрініс «Нан қайдан
келеді?»
Күз:Рахмет
балалар,
Барлығыңды
қимаймын
Барымды мен
сыйлаймын
Бір айға нәр бір
демім
Көркі болған
бақшаның
Көкөністер мол
қанша
Салат жауып алды
апам
Қыстық қойма
толғанша
«Кап-Кап»
әні