400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Күз сыйы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күз туралы түсінік беру, күз кереметтерімен таныстыру, жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне бақылау жасалды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


№44 «Жанар» бөбекжай-бақшасы


















Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбы:


«Күз сыйы»












Тәрбиеші: Мархабаева У.К










Шымкент 2021ж



















Оқу қызметі тақырыбы: «Күзгі бақ»

Мақсаты: Балаларға жемістер мен көкөністер туралы білім беру, геометриялық

пішіндерді қайталау, табиғатты аялауға, әсемдікті көріп, сезіне білуге

тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: алма - яблоко, алмұрт - груша, қияр - огурец,

қызанақ - помидор.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Күз табиғаты бейнеленген суреттер, жеміс - жидектер, көкөністер, әр түсті

геометриялық денелердің макеті, ұзын - қысқа, әр түсті таяқшалар.

Жаңа сөздік: Бау - бақша, бақ, жемістер, көкөністер.
Пән  аралық байланыс: Коммуникация, Шығармашылық.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге бүгін көптеген ұстаздар келіпті.Сәлемдесу әдептілік белгісі балалар, алдымен оқу қызметімізді бастамас бұрын ұстаздармен амандасып алайық.

Балалар:  Сәлеметсіздерме!

Ұстаздар: Сәлеметсіздерме, балалар!

Тәрбиеші: Енді балалар, әдеттегідей шаттық шеңберіне жиналып, алтын күнмен амандасып алайық.

Балалар: Армысың, алтын күн,

Армысың, көк аспан.

Армысыздар, достарым

Қош көрдік сіздерді


Здравствуй, солнце золотое

Здравствуй, небо голубое

Здравствуйте, милые друзья

Очень рад вас видить я


Hello, sun gold

Hello, blue sky

Hello, dear friends

I’m very glad to see you

Тәрбиеші: Балалар, енді «Жүректен жүрекке» жылы да шырайлы шеңбер бойына жиналып, бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.

     Аспанымыз ашық болсын!

     Еліміз тыныш болсын!

   Бақшамыз бақты болсын!

     Елімізде бейбітшілік болсын!

     Ынтымағы жарасқан ел болайық!

     Еліміз гүлдене берсін!

     Отбасымыз аман болсын!

     Деніміз сау болсын!

     Жеріміз бай болсын!

     Әрқашан күн сөнбесін!

Әрқашан әдемі болайық!
Деніміз сау болсын!
Достарымыз көп болсын.

Күніміз жарқын болсын

Нанымыз көп болсын

Ата- анамыз аман болсын

Бүгінгі күн жақсы болсын!        

Сәтті болсын!        

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қане біздің осы айтқан жылы сөздерімізден не құралды? – Күзгі ағаш.

Жапырақтардың түсі қандай? – Сары

Сары жапырақтар қай мезгілде болады? – Күз мезгілінде.

Сұрақ – жауап айдары:

-    Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-    Төрт жыл мезгілі бар

-    Қалай атаймыз?

-    Көктем, жаз, күз, қыс

-    Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік?

-    Күз

Күз – осень – autumn

-    Күз неше ай қонақта болады?

-    3 ай

-    Күз айларын атайықшы?

- Қыркүйек, қазан, қараша

Күз ерекшелігі қандай?

-    Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдерін киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Егіс алқабы да пісіп қамба дәнге толады. Қатты жаңбыр жауған кезде адамдар жылы киініп, қолына қолшатыр ұстайды.

-    Күзде адамдардың еңбегі орасан зор. Олар көктем мезгілінде еккен егінді,жемістер мен көкөністерді жаз бойы суарып, баптайды. Арам шөптерін жұлады. Сөйтіп күзде жыл бойы еккен еңбегінің жемісін көре бастайды.

Тәрбиеші: Балалар алмадан басқа қандай жемістерді білесіңдер
Балалар: алма, алмұрт, жүзім, шие, анар, алша, құлпынай.
Тәрбиеші: Қандай көкөністерді білесіңдер.
Балалар: Сәбіз, қияр, қызанақ, картоп, қырыққабат, қауын, қарбыз, жуа, т.б.
Тәрбиеші: Жемістер қайда өседі?
Балалар: Ағаштың басында
Тәрбиеші: Көкөністер қайда өседі?
Балалар: Жерде өседі.

Интербелсенді тақтадан жемістер мен көкөністер туралы бейнебаян көрсетіледі.

Ғажайып сәт: Хат тасушы келеді.
Хат тасушы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бұл «Балапан» балабақшасы ма? «Еркетай» тобы ма?
Менің сендерге видео хабарламам бар. –Мінеки, алыңыздар. (хат тасушы қоштасып кетіп қалады)
Тәрбиеші: -Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл видео хабарламада не бар екен? Мүмкін біреу бізбен өз қуанышымен бөліскісі келетін шығар, ал мүмкін керісінше біреу қиын жағдайға тап болып, біздің көмегіміз қажет шығар. – Қане интербелсенді тақтаға қарайық. Тақтадағы бейнетаспада Күз ханшайымы өзінің бағына балаларды қонаққа шақырып жатыр екен. Балалар қызығушылық танытады.

Жарайсыңдар балалар, ендеше, бүгін біз саябаққа саяхат жасағыларың келеме? - Иә.

- Балалар, бәріміз пойызға отырып, саяхатқа барайық.

Қимылды ойын: «Поезд»
Қатар, қатар тұрайық,
Кәне, кәне сұрайық
Кімнің болса бойы ұзын-
жүргізушісі ол көліктің
Ал,көлігім, баста алға
Бәрімізді басқара
Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Ал, кәне, балалар, тоқтайық,
Пыш – ш-ш-ш-ш,
Енді көліктен түсейік.
Ой балалар қараңдаршы, бау - бақша қандай әдемі! Айналаның бәрі сап – сары. Жерге сары кілем төселіпті. Күзгі бау - бақшаның сұлулығын қараңдаршы неткен әдемі, неткен ғажап!
Сол сәтте алдарынан Күз ханшайымы кездеседі.
Күз ханшайымы:
- Сәлеметсіңдер ме балаларым! Ой балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Менің бағыма қош келдіңдер! Төрлетіңдер! Мен ақылды, білімді балаларды жақсы көремін. Сендер балабақшадан білім алып жатырсыңдар ия? Олай болса сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырма беремін. Орындай аласыңдарма?

Балалар: Ия.

Сендер маған жемістер мен көкөністер жинауға көмектесесіңдер ме? Менің қолымда екі кәрзеңке бар. Соның біріне жемістер, ал екіншісіне көкөністерді салу керек.
Балалар Күз ханшайымына жемістер мен көкөністер жинауға көмектеседі.
Күз ханшайымы: Рахмет балалар! Сендер маған үлкен көмек бердіңдер.
Тәрбиеші: Қане балалар сендер Күз ханшайымына қандай жеміс пен көкөністер жинап бердіңдер?
Балалардан жинаған жемістері мен көкөністерінің аттарын, пішіні мен түсін айтады.
 Күз ханшайымы: Ой жарайсыңдар. Неткен дарынды балаларсыңдар.

Сергіту сәті:

Күн жарқырап терезеден,

Нұрын шашып біздерге.

Ша-па-лақ-тап қуанамыз,

Қол созамыз өскенде.

Ля ля ля ля ля

Ля ля ля ля ля

Біз кішкентай балапан

Қорықпаймыз жаңбырдан.

Міне бізде қолшатыр

Алдымызда жол жатыр.

Ля ля ля ля ля

Ля ля ля ля ля

Ал, балалар менің екінші тапсырмам «Ғажайып қалта» деп аталады.
Балаларға «Ғажайып қалта» ойынын ойнайық. Қазір мен сендердің көздеріңді байлап қоямын. Ғажайып қалтадан жемістерді бір-бірлеп көрсетемін. Ал,сендер оның атын атап, дәмін ажыратасыңдар.

Жарайсыңдар!

Келесі жұмысымызды бастамас бұрын саусақ жаттығуын  орындап жіберейік.
Саусақ жаттығуы
Жалғыз саусақ тіпті де 
Ұстай алмас жіптіде
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен 10саусақ
Қала салсақ жол салсақ.
«Шебер қылқалам» Жапырақтар суретін салу.

1-топ Жапырақтарды субояумен салады

2-топ Жапырақтарды қарындашпен салады

3-топ Жапырақтарды желіммен жапсыру

4-топ Жапырақтарды ермексазбен жапсыру


Ханшайым: Өркендерің өссін балалар. Мен сендерге осындай көрсеткен өнерлерің үшін және маған көрсеткен көмектерің үшін мынандай сый дайындап қойдым. Оны мына тәрбиешілеріңе берейін. Ол сендерге балабақшаларыңа барған соң таратып береді.

Күз ханшайымы балаларға алып келген күзгі сыйын береді.
Тәрбиеші: Ханшайым енді біздің балабақшаға оралатын уақытымыз келді. Мына берген сыйыңыз үшін үлкен рахмет. Балалар енді бізде балабақшамызға оралу үшін көлігімізге отырайық. Балалар көлікке отырып балабақшаларына оралады. Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма?Балалар сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Жемістер мен көкөністерді де жақсы тердіңдер. Ендеше қазір мен сендерге Күз ханшайымының сыйын таратып беремін. Бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды. Келген ұстаздармен қоштасайық.

Тәрбиеші:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау саламат болайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі