Залда күзгі әдемі безендіру: жапырақтар, себеттер, көкөністер. Музыка баяу ойнап тұрады. Диқаншы ата сахнада отыр, қасында өнімдері бар себет.)
Диқаншы ата:
– Е, міне, күз де келді!
Жаз бойы тер төгіп, егін ектім, бау-бақшамды баптадым.
Ал енді жердің ырысы дайын, өнімім мол!
Бірақ менің кішкентай балаларым келіп көмектессе ғой, шіркін!
(Қолын көлегейлеп айналаға қарайды.)
– Келіп қалар ма екен, балаларым?..
– Балаларымды шақырайыншы, келіп көрсе екен еңбектің жемісін…
(Музыка ойнайды — көңілді марш. Балалар залға кіріп келеді.)
Жүргізуші:
– Сәлеметсіз бе, Диқаншы ата!
Біз сізге қонаққа келдік.
Күздің тамаша мерекесін бірге тойлауға!
Диқаншы ата:
– О, аман келіңдер, балаларым!
Қош келдіңдер, менің қонақтарым!
Қараңдаршы, мынау – еңбектің жемісі,
Күздің берекесі!
Жүргізуші: Балалар Диқаншы атаға Күзге байланысты өлең шумақтарымызды айтып берик.
? 2. Тақпақтар
Диқаншы ата:
Жарайсыздар балалар тағы қандай өнерлерініз бар.
“Диқаншылар биі”
Диқаншы:
– Жарайсыңдар, балалар! Нағыз еңбекқор диқаншылар екенсіңдер!
Диқаншы: Балалар маған сендердің көмектерін керек.
Ойын: «Диқаншы атаның жерін қопсыт»
Шарты: Балалар тырма немесе күрекпен “жер қопсытады”, содан кейін жасырылған көкөністерді қазып алады.
Соңында: Балалар өнімдерді Диқаншы атаның себетіне салады.
Диқаншы ата:
– Мынау, балалар, нағыз еңбек қуанышы!
Көмектескендеріңе рахмет!
Күз ханшайымының келуі
(Жұмбақ түрінде хабарланады.)
Күз ханшайымының келуі (жұмбақ түрінде)
Жүргізуші:
– Балалар, орман іші бір түрлі өзгеріп барады ғой.
Айнала сары түске боялып, жапырақтар жерге түсіп жатыр…
Қараңдаршы, кім келе жатыр екен?
Бірақ ол адам емес, жыл мезгіліне ұқсайды.
Қане, мен сендерге жұмбақ жасырайын, табыңдар кім екенін: ?
Жұмбақ:
Жерге төгіп бар алтын,
Жиып алды бар халқын.
Дала сары, бақ нұрлы,
Бұл қай мезгіл, айтыңдаршы, балалар?
Балалар хормен:
– Күз! Бұл Күз ханшайымы! ?
Күз ханшайымы:
– Сәлем, балалар! Мен — Күз ханшайымымын,
Берекелі, алтын уақыттың иесімін.
Жерге нұр төгіп, дән пісірдім,
Адамдарға молшылық әкелдім.
– Ал сен болсаң, Диқаншы ата,
Жерді өңдеп, егін өсіріп,
Бар халықты ырысқа бөлеп отырсың.
Міне, мен саған өз алғысымды ала келдім! (Себеттен жеміс ұсынады
Диқаншы ата:
– Рақмет, Күз ханшайымы!
Сен болмасаң, жер де өнім бермес еді.
Қарашы, балалар да еңбекті жақсы көреді екен.
Қыздарымыз тіпті аспаз болып, менің өнімімнен дәм әзірлемек қой!
Жүргізуші:
– Иә, енді біздің қыздарымыздың “Аспазшылар биін” қабыл алыңыздар!
Қыздардың биі: ? «Аспазшылар биі»
Күз Ханшайымы:
-Жарайсыңдар аспазшы қыздарым. Өнерлі екенсіндер.
? Ән: “Күз келді"
Күз Ханшаймы:
Балалар менде сіздерге құр қол келмедім.
Мен сіздерге өзімен бірге қызықты ойын алып келдім.
Кел бірге ойын ойнайық.
Ойын: «Банкі жабу»
Шарты: Балалар кедергіден өтіп
қияр “жинап” банкаға салады.
Соңғы бала банка қақпағын жабады.
Жүргізуші:
– Міне, қараңыздар, балалар күздің жемісін тек жинап қана қоймай, қыстыққа да сақтап қойды!
Күз ханшайымы:
– Рақмет, балалар! Сендердің өнерлерің мен еңбектерің маған қатты ұнады.
Күз әрқашан осылай көңілді өтсін!
Диқаншы ата:
– Балалар, еңбек еткеннің еңбегі еш кетпейді.
Бәріңе ризамын! Ал енді бәріміз бірге ән айтайық!
Ән: ? «Осень»
Диқаншы:
Мен сендердің өнерлеріңе ризамын.
Мына себеттегі тәтті алмалар мен сәбіздер – еңбектің жемісі, сендерге тарту!
Күз ханшайымы:
– Күз – еңбек пен берекенің, татулық пен қуаныштың мезгілі.
Сендер де еңбексүйгіш, мейірімді болып өсіңдер!
Балалар енді мен сендердің марапттағым келіп тұр.
Марапат
Жүргізуші:
– Рақмет сіздерге, Күз ханшайымы мен Диқаншы ата!
– Осымен біздің “Алтын күз” атты мерекеміз аяқталды!
Күздей молшылық, көңілдерің шуақты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Күз сыйы"
"Күз сыйы"
Залда күзгі әдемі безендіру: жапырақтар, себеттер, көкөністер. Музыка баяу ойнап тұрады. Диқаншы ата сахнада отыр, қасында өнімдері бар себет.)
Диқаншы ата:
– Е, міне, күз де келді!
Жаз бойы тер төгіп, егін ектім, бау-бақшамды баптадым.
Ал енді жердің ырысы дайын, өнімім мол!
Бірақ менің кішкентай балаларым келіп көмектессе ғой, шіркін!
(Қолын көлегейлеп айналаға қарайды.)
– Келіп қалар ма екен, балаларым?..
– Балаларымды шақырайыншы, келіп көрсе екен еңбектің жемісін…
(Музыка ойнайды — көңілді марш. Балалар залға кіріп келеді.)
Жүргізуші:
– Сәлеметсіз бе, Диқаншы ата!
Біз сізге қонаққа келдік.
Күздің тамаша мерекесін бірге тойлауға!
Диқаншы ата:
– О, аман келіңдер, балаларым!
Қош келдіңдер, менің қонақтарым!
Қараңдаршы, мынау – еңбектің жемісі,
Күздің берекесі!
Жүргізуші: Балалар Диқаншы атаға Күзге байланысты өлең шумақтарымызды айтып берик.
? 2. Тақпақтар
Диқаншы ата:
Жарайсыздар балалар тағы қандай өнерлерініз бар.
“Диқаншылар биі”
Диқаншы:
– Жарайсыңдар, балалар! Нағыз еңбекқор диқаншылар екенсіңдер!
Диқаншы: Балалар маған сендердің көмектерін керек.
Ойын: «Диқаншы атаның жерін қопсыт»
Шарты: Балалар тырма немесе күрекпен “жер қопсытады”, содан кейін жасырылған көкөністерді қазып алады.
Соңында: Балалар өнімдерді Диқаншы атаның себетіне салады.
Диқаншы ата:
– Мынау, балалар, нағыз еңбек қуанышы!
Көмектескендеріңе рахмет!
Күз ханшайымының келуі
(Жұмбақ түрінде хабарланады.)
Күз ханшайымының келуі (жұмбақ түрінде)
Жүргізуші:
– Балалар, орман іші бір түрлі өзгеріп барады ғой.
Айнала сары түске боялып, жапырақтар жерге түсіп жатыр…
Қараңдаршы, кім келе жатыр екен?
Бірақ ол адам емес, жыл мезгіліне ұқсайды.
Қане, мен сендерге жұмбақ жасырайын, табыңдар кім екенін: ?
Жұмбақ:
Жерге төгіп бар алтын,
Жиып алды бар халқын.
Дала сары, бақ нұрлы,
Бұл қай мезгіл, айтыңдаршы, балалар?
Балалар хормен:
– Күз! Бұл Күз ханшайымы! ?
Күз ханшайымы:
– Сәлем, балалар! Мен — Күз ханшайымымын,
Берекелі, алтын уақыттың иесімін.
Жерге нұр төгіп, дән пісірдім,
Адамдарға молшылық әкелдім.
– Ал сен болсаң, Диқаншы ата,
Жерді өңдеп, егін өсіріп,
Бар халықты ырысқа бөлеп отырсың.
Міне, мен саған өз алғысымды ала келдім! (Себеттен жеміс ұсынады
Диқаншы ата:
– Рақмет, Күз ханшайымы!
Сен болмасаң, жер де өнім бермес еді.
Қарашы, балалар да еңбекті жақсы көреді екен.
Қыздарымыз тіпті аспаз болып, менің өнімімнен дәм әзірлемек қой!
Жүргізуші:
– Иә, енді біздің қыздарымыздың “Аспазшылар биін” қабыл алыңыздар!
Қыздардың биі: ? «Аспазшылар биі»
Күз Ханшайымы:
-Жарайсыңдар аспазшы қыздарым. Өнерлі екенсіндер.
? Ән: “Күз келді"
Күз Ханшаймы:
Балалар менде сіздерге құр қол келмедім.
Мен сіздерге өзімен бірге қызықты ойын алып келдім.
Кел бірге ойын ойнайық.
Ойын: «Банкі жабу»
Шарты: Балалар кедергіден өтіп
қияр “жинап” банкаға салады.
Соңғы бала банка қақпағын жабады.
Жүргізуші:
– Міне, қараңыздар, балалар күздің жемісін тек жинап қана қоймай, қыстыққа да сақтап қойды!
Күз ханшайымы:
– Рақмет, балалар! Сендердің өнерлерің мен еңбектерің маған қатты ұнады.
Күз әрқашан осылай көңілді өтсін!
Диқаншы ата:
– Балалар, еңбек еткеннің еңбегі еш кетпейді.
Бәріңе ризамын! Ал енді бәріміз бірге ән айтайық!
Ән: ? «Осень»
Диқаншы:
Мен сендердің өнерлеріңе ризамын.
Мына себеттегі тәтті алмалар мен сәбіздер – еңбектің жемісі, сендерге тарту!
Күз ханшайымы:
– Күз – еңбек пен берекенің, татулық пен қуаныштың мезгілі.
Сендер де еңбексүйгіш, мейірімді болып өсіңдер!
Балалар енді мен сендердің марапттағым келіп тұр.
Марапат
Жүргізуші:
– Рақмет сіздерге, Күз ханшайымы мен Диқаншы ата!
– Осымен біздің “Алтын күз” атты мерекеміз аяқталды!
Күздей молшылық, көңілдерің шуақты болсын!
шағым қалдыра аласыз













