400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Күз сыйы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлықта күз мерекесін тойлау мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші:- Қайырлы күн құрметті шақырулы қонақтар, балалар. Біз бүгін сіздерді «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз! Ертеңгілігімізді бастамас бұрын халқымыз неліктен күзді «Алтын күз» дейді.Соған тоқтала кетейік.

Жалғас : - Күз маусымының алғашқы айы-қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі.Қойма алтын астыққа толады.

Гүльфия:-Күз маусымының екінші айы-қазан. Бұл ай-жиын –таеін аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

Айкөркем: - Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағыннан айрылып, орман-тоғай сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.

ЖүргізушіБалалар жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз?

Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық!

 Күз

 Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге бұртиып, қабағымды түйе қаламын.

Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін.

Әйтсе де, менің жомарттығым мен ақ көңілділігімді бәрі де ұнатады.

 Жүргізуші

 Балалар күз мезгілі сендерге ұнайды ма?

Ендеше күзге арнаған өлең, тақпақтарымызды айталық.

Айкөркем:

Күз де келді, күз келді

Құстар мекен іздеді.

Күз де келді, күз келді

Қондырмайды түзге елді.

Күз де келді, күз келді.

Керек оқу бізге енді.

 Мирас:

Қыркүйек келіп, күз келіп

Шопан көшті күздеуге

Мектепке бет түзедік

Гүл құшақтап біздер де.

 Асылхан:

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ,

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ

 Аяна:

 Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық-алтын тау.

Гүльфия: 

 Астық жеміс жиылды

Алдық өнім сыйыңды

Ардақты куз, мың алғыс

Қамбамызға құйылды

Айкөркем:

 Алтын, сары, қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 Дәулет:

Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды,

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

 София:

 Күздің сыйын алайық

Қызығына қарайық

Күзге арнап бәріміз

Әнімізді салайық.

Фариза:

Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Лейлана:

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Аяжан:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Нұрдәулет:

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан

Шерхан:Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып

, Жапырақтар жүр ойнап.

Бексұлтан:

Күз келді Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз

Жеміс-жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.

Інжу:

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...

Іңкәр:

Күз келді, алақай!

Алтын келді далаға

. Дәні бітік бидайды,

Құйып жатыр қамбаға.

Сауран:

Молшылыққа бөлеген,

Күз айы неткен ырысты ең?

Біздерді қауыштыратын,

Ыстық ұя мектеппен.

Ақнұр:

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

. Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды

Бекнұр:

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

Ернұр:

Жұлдыз туып таң алды,

Әнге орап ғаламды,

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды.

Айгүл:

Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды.

Ойын: Алма теру

Ж-ші: Балалар күз ханшайымы сендерге жұмбақтар әкелген екен, шешуін тауып көремізбе? ИА

Жұмбақтар:

1.Іші-жұмсақ,сырты қатты.

Еті қызыл, сүті тәтті.  (Қарбыз)

2.Дөп- дөңгелек доптай

Іші қызыл шоқтай

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай.(Алма)

3.Бұл не деген көп киім

Жетпіс қабат көп киім

Жаңбыр жауса өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді(Қырыққабат)

Ән: «Әрқашаш күн сөнбесін».

Күз:Рахмет балалар,

Барлығыңды қимаймын

Барымды мен сыйлаймын

Бір айға нәр бір демім

Өздеріңмен біргемін.

Ж-ші:Күз ханшайымы саған көп көп рахмет. Балалар күз ханшайымын шығарып салайық

Балдар: Сау бол күз ханшайымы

 Ж-ші:Осымен Алтын күз мерекесі аяқталды, балалар сендерге көп рахмет!





































Бала, бала балақан,

Кәне, қайсы алақан.

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық

. Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн



Қане қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Білімде алда болайық.



Оңға, оңға түзу тұр

, Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алдыға қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
607
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі